Білім беру процесінің тұжырымдамалық, нормативтік-құқықтық негіздері Намазбаева Нурсулу Анарбаевна
18 Маусым 2025
123
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы білім беру процесінің тұжырымдамалық және нормативтік-құқықтық негіздері жан-жақты қарастырылады. Білім берудің мақсаттары, қағидаттары мен мазмұнына әсер ететін тұжырымдамалық тәсілдер сипатталады. Сонымен қатар, білім беру саласын реттейтін негізгі заңнамалық құжаттар – «Білім туралы» заңы, мемлекеттік стандарттар, ұлттық стратегиялар мен тұжырымдамаларға талдау жасалады. Мақалада аталған негіздердің білім беру сапасын арттырудағы, оқыту процесінің заңдылығын қамтамасыз етудегі және білім беру жүйесін тұрақты дамытудағы рөлі атап көрсетіледі.