Балалық шағымның кейбір сәттері
27 Ақпан 2025
208
Балалық шақ – адам өміріндегі ең ғажап уақыт. Қиял-ғажайыпқа толы кез. Көбіміз осы уақытты бағалай білмейміз, есеюге асығамыз. Балалық шақ қайта оралмайды. Балалық шақтың ең тәтті кезеңдерін Бердібек Соқпақбаев атамыздың шығармалары арқылы оқып, сезіне алдық. Солардың бірі «Балалық шаққа саяхат» шығармасы. Бұл шығарманы оқи отырып, әр адам өз балалық шағын еске түсірмеуі мүмкін емес деп ойлаймын. Автордың шығармасы терең ой мен дүниеге толы деп есептеймін. Себебі, балалар әдебиетінің шебері, негізін қалаушы Бердібек атамыз осы туындысы арқылы шынайы сезімдерімен балалық шақтың нағыз суретін жеткізе алды. Шығарма кейіпкерінің әр күні қызыққа толы еді. Әр бала үшін балалық кезең ойынға, жақын адамдарымен, достарымен бірге өткізетін уақыт болса керек. Бұл шығарманы оқи отыра, мен, өз балалық шағымның кішкене естелігімен бөлісуді жөн көрдім.
Қазақ әдебиеті
Мақала
8 сынып