Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтар арқылы ойын әрекетін дамыту Бектурсинова Аяулым Галымжанқызы, Бексултанова Улдай Мұратқызы
15 Желтоқсан 2023 2473 128
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ол өзіне адамгершілікті, сыйластықты, имандылықты, кішіпейілділік пен ізеттілікті, мейірімділік пен досжандылықты, мәдениеттілік пен руханилықты қамтыған орны толмас құндылық.