Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтар арқылы ойын әрекетін дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ӘОЖ
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық құндылықтар арқылы ойын әрекетін дамыту
Бексултанова У.М , Бектурсинова А.Г
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
e-mail: bektursinova0404@gmail.com uldaibeksultanova14@gmail.com
Қай елде, қай заманда, қай қоғамда болмасын ұлттың қорғаны, саналы ұрпақ тәрбиелеу – әр адамзаттың ұлы міндеті. Ұрпақ тәрбиесі - толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске толы ұлтқа, елге бөлінбейтін ортақ мәселе. Келешектің жарқын келбетін құру - бүгінде басты назарда екендігі шүбәсіз. Сол себепті болашақтың иелерін рухани тұрғыдан, материалды тұрғыдан жетілдіру, ақыл мен санасын толық дамыту, әр түрлі саланың қыр-сырларын меңгерту арқаға жүктелген міндет екендігі айдан анық. Қазақтың ойшылы М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бiр шыбық, жас күнде қай түрде иiп тастасаң, есейгенде сол иiлген күйiнде қалмақ»,-дегендей баланы қазірден жақсылыққа, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелесек, еліміздің, ұлтымыздың болашағы да жарқын болмақ. Бала тәрбиесі зор күш пен еңбекті талап ететін, жауапкерешілікке сүйенетін күрделі іс. Бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ, егемен елдің бейбітшілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың бойына ерлік рухты, отаншылдық сезімді сіңіру – маңызды мәселелердің бірі. Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрасы мен ұлттық тәрбие саласында жұмыс жасау – басты міндетіміз. Осы орайда Мұстафа Шоқайдың «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан, халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын, пайдалы азамат шықпайды», - деген сөзі еске түседі.
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Ұлттық құндылықтарымыз – ұлтымыздың мәңгілік қорғаушы шамшырағы. Ол өзіне адамгершілікті, сыйластықты, имандылықты, кішіпейілділік пен ізеттілікті, мейірімділік пен досжандылықты, мәдениеттілік пен руханилықты қамтыған орны толмас құндылық.
Бүгінде өсіп келе жатқан әр баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұлттық тәрбие беру – ұлттық ұғым кепілі. Қазақ халқының ежелден келе жатырған адами қадір-қасиетін жаңғыртып, келешек ұрпақтың көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық тәрбиеңді, ұлттық мүддеңді сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М.Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген сөзі соның дәлелі. Бала тәрбиесі отбасыдан, ата-анасынан бөлек тәрбиеші-педагогтың да аса назарында болатыны белгілі. Міне, сол себепті ұрпақтың тәрбиелілігі тәрбиеші-педагогтың біліктілігіне, шығармашылығына, жоғарғы деңгейлі дайындығы мен біліміне де тығыз байланысты.
Тәрбиеші-педагог баланың қалыптасуындағы басты тұлға. Тәрбиеші-педагог - жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілікті жоғары бағалайтын, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің даму жайын жақсы білетін, оның түсіндіре алатын адам болуы керек. Баланың бойындағы адалдыққа негізделген қарым-қатынасы, әдептілігі, адамдарға сыйластығы мен ортадағы өзін лайықты ұстай білу қабілеті – тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің көрсеткіші. Тәрбиеші-педагог тек қана баланы тұлғалық дамытып ғана қоймай, баланың бойына руханилық пен ұлттық мүдденің де дәнін себе білуі керек. Демек, тәрбиеші-педагог үшін де ұлттық құндылықтың маңызы жоғары болуы тиіс және оны тәрбиеші аса ілтипаттылықпен қабылдап, шеберлікпен дамыта – жаңғырта білуі керек.
Әлемдік даму заманында, жаһандану кезеңінде бәсекелестікке қабілетті жастарды тәрбиелеу – бүгіннен бастау алу керек. Мәңгілік ел болу – төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін тұлға қалыптасқан да ғана мүмкін болмақ. Өткеніне көз жүгіртіп, болашағына танымдық көзқарас құра білетін әр ұрпақ дұрыс ортадан тәрбие алуы керек. Бұл іс бүгінгі күні еліміздің түкпір – түкпіріндегі мектепке дейінгі ұйымдарға қойылған басты талап. Мектепке дейінгі кезең - бала үшін алғашқы қадам, алғашқы түсінік, алғашқы көзқарас, алғашқы даму. Бала болашағының алғашқы ірге тасы да осы кезеңде қаланады. Демек, бала үшін мектепке дейінгі ұйым да, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері де жоғары, кәсібт шеберлікпен таңдалуы қажет. Ал, біз болашақ тәрбиеші ретінде бала бойында ұлттық құндылықтарды қалай дамыта аламыз?
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттер маңызды әрі пайдалы аспект. Бүгінгі заман талабына сай АКТ құралдары немесе кез-келген көрнелік құралдары арқылы бала бойына алғашқы ұлттық құндылықтар туралы түсінік қалыптастыра аламыз. Ол түсінікті одан әрі дамыту үшін бейнелі сөздер мен сөйлемдерді қолдана отырып, балалармен тығыз байланыста әңгімелесу әдісі арқылы дамытуға мүмкіндік жасаймыз. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі жетекші іс-әрекеті – ойын екені бәрімізге аян. Балаларға берілген теориялық ақпараттарды дәл осы жетекші іс-әрекеттің көмегімен практикалық тұрғыда дамыта аламыз. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтармен таныстыру үшін ойналатын ойын түрлеріне тоқталсақ: «Арқан тартыс, Қыз қуу, Алтыбақан, Ақсүйек, Аударыспақ, Асық ату» сынды спорттық ойындар және «Ақсерек-Көксерек, Қуырмаш, Арқан түю, Түйе-Түйе, Соқыр теке» сынды қимыл-қозғалыс ойындары және «Тоғыз құмалақ, Бестемше, Бес тас» секілді үстел үсті ойындарын атап өтуге болады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленушілерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт – дәстүрлерін аялай білуге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу – біздің қолымызда.
Сөзіміздің түйіні, бала тәрбиесі – баршамызға ортақ маңызды іс. Сондықтан да қоғам бұл жұмысқа парасаттылық танытып, байсалдылықпен жұмылуы керек. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарын, мәдениетін, тарихын, бұрынғы-соңғы ұлы ойшыл педагогтердің еңбектерін оқып, жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып, келер буынға дұрыс тәрбие-тағылымын сіңіру мүмкін емес. Жас ұрпаққа ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, оларды мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – қазіргі таңдағы өмір талабы және қоғам қажеттілігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Аманов Дәурен. Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. 2020 ж
-
Абдыханова Ғ.Т, Филология. Ұлттық құндылықтар – бала тәрбиесінің қайнар көзі. 2019 ж
-
Бисенбаева Ж.С, Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне арналған ұлттық ойындар. 2014 ж
-
Әдеп және жантану. Хрестоматия. Атамұра Алматы, 1996 ж
-
Дихан Қамзабекұлы. ЖШС «Қазақ газеттері», Егемен Қазақстан, 2022