«Химия» білім беру бағдарламасына арналған «Тамақ өнімдерінің химиялық сараптамасы» курсының практикумын жасау
Бұл мақала тамақ өнімдерін сараптау пәні бойынша бакалавр студенттері үшін зертханалық практикум құруға арналған. Тамақ өнеркәсібі саласындағы, әсіресе тамақ өнімдерінің сараптамасы саласындағы жоғары білікті мамандарға сұраныстың үнемі артуы аясында химия зертханаларында практикалық жұмыс арқылы студенттерді сапалы даярлау қажеттілігіне баса назар аударылады. Бұл тәсіл студенттерге өз білімдерін тереңдетуге, дағдыларын дамытуға және теориялық білімді іс жүзінде қолдануға үйренуге мүмкіндік береді.