Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатынан түйген ой Тасилова Назия Айтбайқызы
04 Қаңтар 2024
192
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылдың басында «Егеменді Қазақстан» газетіне берген сұхбатын оқып, елеміздің елеулі оқиғалары мен тарихи сананы қалыптастырудағы мемлекетімізде жүргізіліп жатқан шаралар мен өзгерістеріне біршама көңілім толды деуге болады. Бұл сұхбаттың барысында жаңа жылдағы жаңалықтар мен осы жылдың міндеттері қатарында маңызды мәселелер төңірегінде сөз қозғалып, елдің саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени өмірінің өзекті мәселелері мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі еліміздің орны көрсетіліп, бұл мәселелерді шешу жолында мемлекетімізде жүргізіліп жақтан жұмыстар бүкпесіз айтылды.
Адам және қоғам
Мақала
Барлық сыныптар