400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатынан түйген ой

Материал туралы қысқаша түсінік
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылдың басында «Егеменді Қазақстан» газетіне берген сұхбатын оқып, елеміздің елеулі оқиғалары мен тарихи сананы қалыптастырудағы мемлекетімізде жүргізіліп жатқан шаралар мен өзгерістеріне біршама көңілім толды деуге болады. Бұл сұхбаттың барысында жаңа жылдағы жаңалықтар мен осы жылдың міндеттері қатарында маңызды мәселелер төңірегінде сөз қозғалып, елдің саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени өмірінің өзекті мәселелері мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі еліміздің орны көрсетіліп, бұл мәселелерді шешу жолында мемлекетімізде жүргізіліп жақтан жұмыстар бүкпесіз айтылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сұхбатынан

түйген ой


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2024 жылдың басында «Егеменді Қазақстан» газетіне берген сұхбатын оқып, елеміздің елеулі оқиғалары мен тарихи сананы қалыптастырудағы мемлекетімізде жүргізіліп жатқан шаралар мен өзгерістеріне біршама көңілім толды деуге болады. Бұл сұхбаттың барысында жаңа жылдағы жаңалықтар мен осы жылдың міндеттері қатарында маңызды мәселелер төңірегінде сөз қозғалып, елдің саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени өмірінің өзекті мәселелері мен халықаралық қатынастар жүйесіндегі еліміздің орны көрсетіліп, бұл мәселелерді шешу жолында мемлекетімізде жүргізіліп жақтан жұмыстар бүкпесіз айтылды.

Бұл мәселелер төңірегінде ең маңыздысы деп саяси реформалар мен 2022 жылғы қаңтар оқиғасының сабақтары болса, екіншіден мемлекетіміздің Ата заңына енгізілген өзгерістер мен бұдан былай Конституцияға оңды солды өзгерістер енгізілмейтіндігі болды. Президент: «Суперпрезидентке тән өкілет­тік­терді жою үшін 2022 жылы Консти­туцияға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Мен сол кезде жетіжылдық бір мерзім идеясын қайта ұсындым. Бастамама бүкіл халық қолдау білдірді. Осымен бұл әңгіме тәмам», - деп қысқа қайырып, болашақта бұл өзгерістердің ел игілігі үшін тиімді болатындығын негіздеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыру мен қоғамның құндылықтар жүйесін жаңғырту барысында идеологиямыздың қайнар көзі - Ұлттық Құрылтайдың маңызын және өткізілу мерзімінің өзгеретінін атап өтті. Одан бөлек, Қазақстанда бұл жылы маңызды саммит, форумдар өтіп, бірнеше беделді халықаралық ұйымдарда төрағалық ететіні тілге тиек етті. Әлемдік аренада мұндай ұйымдарға төрағалық ету кез келген елдің маңдайына жазыла бермейтін мүмкіндік деп ойлаймын. Өйткені, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық ету түрлі бағытты қамти отырып, еліміздің маңызды ұйымдарда төрағалық етуі оның абыройы мен беделінің жоғары екенін, халықаралық ұйымдардың біздің мемлекетімізге деген сенімділігінің белгісі деп бағалаймын.

Сондай-ақ, тарихи маңызы зор дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу мәселесі шын мәнінде ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі болмақ. Ұлттық спорттың сан түрін дәріптей отырып, біз Ұлы даланың ұлттық құндылықтары болып табылатын дала көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері болған бауырлас елдермен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтамыз.

Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тарихында із қалдырған тұлғаларды, олардың ел мүддесі үшін жасаған ерліктері мен қызметін жас буынға дәріптеп, халыққа таныту мақсатында Қаныш Сәтбаев­тың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақым­жан Қошқарбаевтың туғанына 100 жылдығы атап өтілетіні айтылды. Бұдан бөлек, тәуелсіз Қазақстанның іргетасы, мемлекеттілігіміздің түп тамыры саналатын Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай бұл мерейлі даталарды зерттеу нысанына алу қажеттілігі негізделді.

Президентіміздің осындай сұхбаттары тарихшы ретінде бізге көптеген мәселелерге қатысты, әсіресе, еліміздің болашаққа бағдары, мемлекет басшысының оған көзқарасын анық көрсетіп, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының болашақта өз елі үшін жасай алатын міндеттерін айқындауына септігін тигізеді.




Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының

қауымдастырылған

профессоры, т.ғ.к. Н.А. Тасилова.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі