Ә.Нұрпейісов "Қан мен тер " романы
21 Ақпан 2024
655
Ақпан, 16
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың "Қан мен тер" трилогиясы Арал теңізі бойында өмір сүретін балықшылар өміріне құрылған. Романның кейіпкерлері ауыр тағдыр иелері болғанымен, олар - қайғы--қасіреттерді қасқая тосып, еңсесін түсірмейтін азаматтар. Олардың асқан шеберлікпен сомдалған мүнез-кейіптері санаңа мығым орнайды. Кітаптың әр бетінен теңіз бен жусанды дала, ауыл түтінінің иісі аңқып, қысқы аяз бен жазғы ыстықтың лебі еседі. Шығарма кейіпкерлері балық аулап, мал жайып, өлгендерін жоқтап, шайқасқа аттанып, ғашық болып, отбасын құрып, әрдайым күресіп, өзінің және өзгелердің бақытын аңсап өмір сүреді.
Романдағы уақыт 1915-1916 жылдарды қамтиды. Келе жатқан революция лебі киіз үй мен саман үйдің түтіні түтеген арал даласына әлсіз жеткенімен, жаңа өмірдің басталары сезіледі.
Екінші кітаптағы оқиғалар Қазан төңкерілісі тұсында орын алады. Қазақ даласы қалың ұйқыдан оянғандай. Кедейлер мен бай, билердің арасындағы қақтығыс жиілеп кетеді. Халық қолдаушыларының дауыстары уақыт өткен сайы
Қазақ әдебиеті
Басқа
Барлық сыныптар