Қазақстан аумағында ұлыстардың құрылуы
27 Қаңтар 2026
0
Қазақстан аумағындағы ұлыстардың құрылуына келесі жағдайлар байланысты
1219–1224 жылдардағы моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына кірді.
Шыңғысхан көз тірісінде өзінің төрт ұлына жерлерді бөліп береді. Бөліп берген жер үлестерін -ұлыстар деп атаймыз.
Төлеге (кіші ұлы) кіндік Моңғолияны;
Шағатайға Жетісу мен Әмудария маңын (Мәуереннахр), Шығыс Түркістанды;
Үгедейге Алтай, Тарбағатай, Батыс Моңғолия жерлерін.
Жошы (үлкен ұлы) үлесіне Ертістен батысқа қарай бүкіл Дешті-Қыпшақ жерін қоса Оралға дейін, Жетісудағы солтүстік бөлік, Арал Каспий маңындағы жерлер тиді.
Қазақстан тарихы
Сабақ жоспары
6 сынып