Сөйлеу дағдыларын дамыту үшін электрондық оқу материалдарын пайдалану Темірхан Жаңыл Еркінәліқызы
02 Мамыр 2024
192
E-learning білім беру ортасында сөйлеу дағдыларын үйрету - e-learning бағдарламасының ең қиын аспектілерінің бірі болып табылады. Мәселе мынада,белгілі бір тілде еркін сөйлеу тілдің өзін жақсы меңгерумен анықтай аламыз: грамматика, синтаксис, лексика ережелері осыған кіреді. Сонымен қатар, түпнұсқалық мәтіндерді (монологтық және диалогтық сөйлеу үлгілері) ана тілінде сөйлейтіндер құрастыру керек екенін есте ұстаған жөн, өйткені олар ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері мен фактілерін өзге ұлт өкілінен гөрі шынайы көрсете алады. Шет тілін меңгерудің негізгі мақсаты-оны нақты жағдайда қолдана білу, сондықтан коммуникативті әдістің негізгі принциптері тілді меңгеру кезінде сөйлеу әрекетінің уақытын барынша арттыру және сөйлеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлу болып табылады..
Шет тілі
Мақала
Барлық сыныптар