Ашық сабақ "Тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен периметрін табуға берілген есептер" Жаншугурова Алмагуль Сайлаубаевна
03 Мамыр 2024
400
Білім алушыларға жаңа білім алу кезеңінде тапсырмаларды нәтижелі орындап қана қоймай, жұптық жұмыс мотивациясы мен оқу үлгерімі төмен оқушыларға өздерін жайлы сезінуге, сыныптасының қолдауына сүйенуге, білімдерін тексеруге, жетістіктерін басқалардың жетістіктерімен салыстыруға мүмкіндік берді. Білімді жаңарту кезеңінде мұғалім оқушылардың оқу міндеттері мен сабақта тұжырымдалған түйінді шешуге дайындық деңгейінің алдын ала диагностикасын жүргізді. Мұғалім оқушыларға өзін-өзі бағалау әдістерін қолданды және тақтадағы үлгілер арқылы жауаптарын тексерді. Сондай – ақ, мұғалім сабақ соңында олардың сабақ барысындағы жұмысын бағалады. Рефлексия кезеңінде оқушыларға сұрақтарға жауап беру ұсынылды.
Бастауыш сынып
Ашық сабақ
2 сынып