Дыбыс айтуды түзетудегі дайындық кезеңінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру Ибраева Гульсара Иманбердиевна
07 Қаңтар 2026
0
Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балалар арасында сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстары жиі кездеседі. Соның ішінде дыбыс айту кемшіліктері (дислалия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу және т.б.) баланың толыққанды қарым-қатынас жасауына, танымдық әрекетіне, сондай-ақ мектепке дайындығына кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда логопедиялық көмектің жүйелі әрі кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы аса маңызды.
Дыбыс айтуды түзету процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Солардың ішінде дайындық кезеңі ерекше маңызды орын алады. Бұл кезең баланың сөйлеу мүшелерін жаттықтыру, дұрыс тыныс алу мен есту қабілетін дамыту, сөйлеуге физиологиялық және психологиялық дайындық қалыптастыруға бағытталған алғашқы қадам.
Логопед, дефектолог
Мақала
Басқа