Дыбыс айтуды түзетудегі дайындық кезеңінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дыбыс айтуды түзетудегі дайындық кезеңінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балалар арасында сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстары жиі кездеседі. Соның ішінде дыбыс айту кемшіліктері (дислалия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу және т.б.) баланың толыққанды қарым-қатынас жасауына, танымдық әрекетіне, сондай-ақ мектепке дайындығына кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда логопедиялық көмектің жүйелі әрі кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы аса маңызды. Дыбыс айтуды түзету процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Солардың ішінде дайындық кезеңі ерекше маңызды орын алады. Бұл кезең баланың сөйлеу мүшелерін жаттықтыру, дұрыс тыныс алу мен есту қабілетін дамыту, сөйлеуге физиологиялық және психологиялық дайындық қалыптастыруға бағытталған алғашқы қадам.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ибраева Гульсара Иманбердиевна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы №13 бөбекжай- бақша логопеді




Дыбыс айтуды түзетудегі дайындық кезеңінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру


«Дұрыс басталған
жұмыс — жетістікке бастайтын
алғашқы қадам!»



Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы балалар арасында сөйлеу тілінің түрлі бұзылыстары жиі кездеседі. Соның ішінде дыбыс айту кемшіліктері (дислалия, фонетикалық-фонематикалық жетілмеу және т.б.) баланың толыққанды қарым-қатынас жасауына, танымдық әрекетіне, сондай-ақ мектепке дайындығына кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда логопедиялық көмектің жүйелі әрі кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы аса маңызды.

Дыбыс айтуды түзету процесі бірнеше кезеңнен тұрады. Солардың ішінде дайындық кезеңі ерекше маңызды орын алады. Бұл кезең баланың сөйлеу мүшелерін жаттықтыру, дұрыс тыныс алу мен есту қабілетін дамыту, сөйлеуге физиологиялық және психологиялық дайындық қалыптастыруға бағытталған алғашқы қадам.

Дайындық кезеңінің мақсаты мен міндеттері

Дайындық кезеңінің басты мақсаты – баланы дыбысты дұрыс айтуға физиологиялық және психологиялық тұрғыдан дайындау.

Негізгі міндеттері:

Артикуляциялық аппаратты (ерін, тіл, жұмсақ таңдай, төменгі жақ) жаттықтыру;

Сөйлеу тынысын дамыту;

Фонематикалық есту мен есту зейінін жетілдіру;

Дұрыс дауыс шығару дағдыларын қалыптастыру;

Сөйлеу мотивациясын арттыру және қызығушылық ояту.

Артикуляциялық жаттығулар
Дыбысты дұрыс айту – баланың сөйлеу мәдениетінің негізі. Ал дұрыс дыбыс шығару үшін ең алдымен артикуляциялық аппараттың қозғалысын дамыту қажет. Артикуляциялық жаттығулар логопедиялық жұмыстың өзегі болып табылады. Олар сөйлеу мүшелерінің қимылын дәл және үйлесімді етуге бағытталады
.
Артикуляциялық жаттығулардың мақсаты: баланың тіл, ерін және жақ бұлшықеттерін сөйлеуге дайындау, дұрыс дыбыс шығару үшін қажетті қимылдарды қалыптастыру.

Артикуляциялық жаттығулардың Маңызы:
Дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік береді;

Сөйлеу аппаратының қимыл икемін дамытады;

Сөйлеу моторикасын жетілдіреді;

Дауыс пен тыныс арасындағы үйлесімділікті қалыптастырады.


Артикуляциялық аппаратқа жататын мүшелер

Тіл – негізгі дыбыс жасаушы мүше;

Ерін – дыбыстың айқын шығуына әсер етеді;

Жақ – сөйлеу кезінде қимыл үйлесімділігін қамтамасыз етеді;

Жұмсақ таңдай – ауыз және мұрын қуысы арасындағы дыбыс бағытын реттейді.
Ойын түрінде өткізілген жаттығулар балалардың қызығушылығын арттырып, нәтижесін жақсартады. Бұл жаттығулардың әрқайсысы белгілі бір бұлшық ет топтарын жаттықтырып, тілдің, еріннің және жақтың қозғалысын күшейтеді.
Мысалы: «Ат шаптыру», «Тәтті тосап», «Сағат», «Қақпа ашылды» жаттығуы.

Артикуляциялық жаттығулар – дыбыс түзетудің іргетасы.

Тіл, ерін, жақ бұлшықеттері икемді әрі үйлесімді болғанда ғана бала анық, дұрыс сөйлеуді меңгереді.


Тыныс алу жаттығулары- сөйлеудің анық, дұрыс, ырғақты шығуы тек тіл мен еріннің қозғалысына ғана емес, дұрыс тыныс алу дағдысына да байланысты.

Тыныс алу жаттығулары логопедиялық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады, себебі дұрыс тыныс алу – дыбыс шығару мен сөйлеу процесінің негізі.

Мақсаты – баланың дем алу және шығару ұзақтығын реттеу.
Тыныс алу жаттығуларының негізгі түрлері

а) Дем шығаруға арналған ойын жаттығулары

«Шамды үрле» – бала шамды өшіргендей үрлейді.

«Көбелек ұшыр» – қағаз көбелекті үрлеп қозғалту.

«Қар ұшыру» – вата немесе қағаз қарды үрлеу.

«Кемені жүздір» – суға салынған қағаз кемені үрлеп қозғату.

Бұл ойындар арқылы бала демді ұзақ, бірқалыпты шығарып үйренеді.

б) Дыбыспен бірге тыныс алу жаттығулары

«Жел гуілі» – ұзақ “с-с-с” дыбысын айту.

«Жылан ысылдады» – “ш-ш-ш” дыбысын айту.
«Қоңырау үні» – “дз-з-з” дыбыстарымен жұмыс.

Бұл жаттығулар тыныс пен дауыс үйлесімділігін дамытады.

в) Динамикалық жаттығулар

«Жел соқты» – бала қолын желдің бағытымен қозғалтса, ауызбен дем шығарады.

«Аю ұйықтады» – баяу, тыныш дем алу және шығару.

«Жапырақ тербеледі» – демнің күшін өзгертіп, қозғалысты бақылау.

Бұл жаттығулар сөйлеу кезінде тыныс пен қимыл үйлесімін қалыптастырады.

Тыныс алу жаттығуларын ұйымдастыру ережелері

Баланы тік отырғызу немесе тұру қалпында жаттықтыру;

Дем алуды мұрын арқылы, ал шығаруын ауыз арқылы орындау;

Демді жұмсақ және үздіксіз шығару;

Ойын түрінде және күн сайын жүйелі түрде өткізу.

Қорытынды: Тыныс алу жаттығулары – логопедиялық жұмыстың негізі.

Олар баланың сөйлеу мүшелерін ғана емес, жалпы денсаулығын жақсартады, сөйлеу кезінде демді дұрыс пайдалануға үйретеді.

Фонематикалық естуді дамыту- сөйлеудің дамуы тек артикуляция мен тыныс алу дағдыларымен шектелмейді. Баланың дыбысты естіп, ажырата білу қабілеті, яғни фонематикалық естуі — дұрыс дыбыс айту мен сауатты жазудың алғышарты болып табылады.

Фонематикалық есту дамымаған жағдайда бала ұқсас дыбыстарды шатастырады (мысалы, «с» пен «ш», «р» мен «л»), сөйлемді дұрыс түсінбей, сөзді бұзып айтады.

Фонематикалық естудің мақсаты

Дыбыстарды есту арқылы ажырату;

Дыбыстардың реті мен орнын анықтау;

Ұқсас дыбыстарды салыстыру және есте сақтау;

Дыбыстық талдау және жинақтау дағдысын қалыптастыру.

Логопед бұл бағытта келесі жаттығуларды қолданады:

а) Дыбыстарды естіп ажырату

Мақсаты – баланы әртүрлі дыбыстарды тыңдап, бір-бірінен айыруға үйрету.

Ойындар:

«Не естідің?» – әртүрлі дыбыстарды тыңдау (қоңырау, су, қағаз, қасық).

«Қай дыбыс жоғалды?» – бірнеше дыбыс арасынан жоқ болғанын табу.

«Дыбысты тап» – логопед айтқан дыбысты бала суреттен табады.

Ұқсас дыбыстарды салыстыру: с–ш, р–л, қ–к т.б.

Бұл жұмыстар кейінгі дыбыс қою кезеңінің табысты болуына негіз болады. Бұл жаттығулар сөйлеудегі қателерді алдын алады.
Фонематикалық естудің дамуы — дыбысты дұрыс айту, сөзді дұрыс жазу және ойын анық жеткізу қабілетінің негізі.

Сондықтан логопед мамандары бұл бағыттағы жұмысты жүйелі, қызықты және ойын түрінде ұйымдастыруы қажет.

Біздің басты мақсатымыз – әр баланың анық, таза, мәнерлі сөйлеуіне мүмкіндік жасау.

Өйткені, «Дұрыс естіген бала — дұрыс сөйлейді,

Дұрыс сөйлеген бала — еркін ойлайды!»

.

Қорытынды сөз

Дайындық кезеңі — логопедиялық жұмыстың табысты өтуінің негізі.

Бұл кезеңде баланың сөйлеу ерекшелігі зерттеліп, сенімді қарым-қатынас орнатылып, жеке бағыттағы түзету жұмысының тиімді жолдары анықталады.

Тиімді ұйымдастырылған дайындық кезеңі — баланың сөйлеуін дамытудағы алғашқы әрі ең жауапты қадам.

Сондықтан әр логопед осы кезеңге ерекше мән беріп, баламен жылы қарым-қатынас пен жүйелі жұмысты үйлестіре білуі керек.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі