91. Армандар орындалады
02 Мамыр 2025
247
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Бізде жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз
Апайымызбен ең алғаш, амандасып аламыз.
Жарқырасын күніміз, жайнап тұрсын гүліміз,
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Үй тапсырмасын сұрау
10-тапсырма. Ғарышкер рөліне еніп, таңдаған тақырып бойынша "Ғарыштағы түскі ас", "Ғарыштағы салмақсыздық" тақырыбында таныстырылым жасаңдар.
Өткен сабақты пысықтау. "Топтық тергеу" әдісі.
1."Әріптес" сөзінің мағынасын түсіндір.
2. Ғарышкер Талғаттың балалық шақтағы арманы қандай болды?
3. Қалай ойлайсың,ғарышкердің тамағы қандай болуы мүмкін?
4. Айдын ғарыш жұлдыздарының тізімін қалай жаңартты?
5. Байбота Қошым-Ноғай кім?
6. Диалог дегеніміз не?
Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
4 сынып