Материктердің физикалық географиялық ерекшеліктері Авторлық бағдарлама 8-сынып
1500 ₸
Бухарбаев Нурсултан Дайрабекович
1500 ₸
8 сыныптарға арналған бұл бағдарламада мектеп түлектерін география пәнінен қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындау жолдары көрсетіледі. География пәнінен өтілген тақыптар бөлімдер бойынша беріледі. Барлық білім географиялық карта мен ондағы шартты белгілерді анықтау жолында бағдарлау жұмысының сапалық орнында болып тұрғаны баршамызға белгілі. Сондықтан бала картаны шартты белгісімен дұрыс түсінбей, деректерді тиімді қолдана алмаған жағдайда географиядан білімдерінде қиындықтар туындайды. 6-11 сыныптар аралығындағы тапсырмалар негізінде осы бағдарламаны ұсынып отырмын. Бағдарламада 34 сағатқа негізделген жұмыс тақырыптары көрсетіліп, әр тақырыпта талап етілетін мақсаттар бойынша жұмыс істеу жолдарына бағыт беріледі. Негізгі тақырыптар оқу мақсаттарына бөлініп, сабақта қолдануға болатын әдістер түрлерімен көрсетілген.