Қазақ тілі сабағындағы топтық жұмысты жүйелеу Шайнүсіп Нұрдаулет Жанабекұлы
27 Ақпан 2025
160
Қазақ тілі сабағында оқушылардың белсенділігі мен тілдік дағдыларын дамыту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Соның бірі — топтық жұмыс. Топтық жұмыс оқушылардың өзара пікір алмасу, талқылау, пікір білдіру арқылы ойлау қабілетін дамытумен қатар, коммуникациялық дағдыларын жетілдіреді. Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін оның құрылымы мен кезеңдері дұрыс жүйеленуі керек. Бұл мақалада қазақ тілі сабағындағы топтық жұмыстың мәні, тиімділігі және оны жүйелі түрде ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Ал ендігі кезекте топтық жұмыс болмаған кездегі қиыншылықтарға тоқтала кетейік : Қазақ тілі немесе кез келген басқа пән сабағында топтық жұмыс — оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға ықпал ететін маңызды әдіс. Алайда, топтық жұмыс болмаған жағдайда оқыту процесінде бірқатар кедергілер туындауы мүмкін. Бұл кедергілер оқушылардың сабақты түсіну деңгейіне, оқу мотивациясына және жалпы білім алу сапасына әсер етуі ықтимал. Сондықтан мұғалімдер
Қазақ тілі
Мақала
10 сынып