Ақпараттық манипуляцияның қоғамға әсері Нұрмухамбет Диана Дарынқызы
03 Наурыз 2025
116
Мақала ақпараттық манипуляцияның қоғамға, оның ішінде Қазақстанға қалай әсер ететінін талдайды. Мақалада манипуляциялық ақпараттың себептері бірнеше категорияға бөлінеді: коммерциялық мақсаттар, саяси және идеологиялық мүдделер, және халықтың медиаграмоттылығының төмендігі. Әсіресе, сенсациялық ақпараттың көбейіп, манипуляцияның маркетингтік стратегияның бір бөлігіне айналуы, сондай-ақ саяси мақсаттар үшін ақпараттың бұрмалануы туралы айтылған. Сонымен қатар, халықтың ақпаратты критикалық тұрғыда бағалау қабілетінің жетіспеуі фейк жаңалықтарды таратуға жағдай жасайды. Мақалада бұған қарсы медиаграмоттылықты арттырудың маңыздылығы туралы ұсыныс берілген.
Адам және қоғам
Мақала
Басқа