"Робототехника және интеллектуалды даму орталығындағы өндірістік тәжірибе қорытындысы" Амирова Жадыра Данабайқызы
14 Наурыз 2025
189
Бұл мақалада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) білім, ғылым және инновация саласындағы жетекші рөлі сипатталады. Университеттің халықаралық деңгейдегі жетістіктері, заманауи зертханалары мен студенттерге арналған инфрақұрылымы туралы баяндалады.
Сонымен қатар, өндірістік тәжірибе барысында атқарылған жұмыстарға шолу жасалады. Практика кезінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктері зерттеліп, мотивацияны арттыруға арналған тренингтер ұйымдастырылды. Стресс пен эмоциялық тұрақтылықты басқару әдістері үйретіліп, ата-аналар мен мұғалімдермен байланыс орнатылды.
Қорытындысында, тәжірибе студенттің кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал еткені, робототехника мен интеллектуалды даму саласында жаңа білімдер мен машықтар қалыптасқаны атап өтіледі. Бұл тәжірибе болашақ маман ретінде өзін жетілдіруге үлкен мүмкіндік бергені түйінделеді.