Тіл дамыту сабақтарында оқушыларды сөйлеу мәдениетіне баулу жолдары Бакниязова Гульмира Сеитжановна
18 Сәуір 2025
193
Қазіргі таңда ең басты мəселелердің бірі оқушыларды қазақ тілінде сөйлесу мəдениетіне үйрету болып табылады. Үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастарымыздың бір-бірімен қарым- қатынас жасағанда, əңгімелескенінде қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. Əркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егер ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады, яғни ойыңды жеткізе білу сөз байлығымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөз байлығын жетілдірмейінше, жоғары сөйлесу мəдениетіне жете алмайды.
Қазақ тілі
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар