Қазақ тілін оқытуда ойын технологиясын қолдану Самсакова Дилраба Касимжановна
09 Желтоқсан 2025
39
Бұл әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің 5–11 сыныптарына арналған қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын қолдану жолдарын жан-жақты қарастырады. Құралда ойын технологиясының теориялық-әдістемелік негіздері, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері және практикалық тұрғыда іске асыру жолдары ұсынылған.Қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі – оқушының тілдік құзыреттілігін қалыптастыру, яғни сөйлеу, жазу, тыңдау, оқу дағдыларын дамыту. Бұл үдерісте ойын технологиясы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ойлау қабілетін жетілдіреді, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, ұлттық құндылықтарды меңгеруге ықпал етеді.
Қазақ тілі
Мақала
Барлық сыныптар