Педагогтердің кәсіби дамуын қолдаудағы ішкі мектептік және сыртқы қолдау тетіктері Акбержанова Алтынай Бокенқызы
18 Маусым 2025
122
Педагогтің кәсіби дамуы – білім сапасын арттырудың басты кепілі. Бұл үдеріс ішкі мектептік және сыртқы қолдау тетіктері арқылы жүзеге асады. Ішкі қолдауға әдістемелік бірлестік, коучинг, менторлық, Lesson Study, ұжымдық сабақ талдау жатады. Ал сыртқы қолдау тетіктері – біліктілікті арттыру курстары, педагогикалық шеберлік орталықтары, ғылыми конференциялар, кәсіби қауымдастықтар және мемлекеттік жобалар. Осы тетіктер мұғалімнің тәжірибесін жетілдіруге, жаңашылдықты енгізуге, кәсіби мотивациясын арттыруға мүмкіндік береді. Тиімді қолдау – мұғалімнің дамуына, білім сапасының көтерілуіне жол ашады.