Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 1 материал
КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ултомбаев Манат Толгатович
23 Шілде 2025
136
Бұл мақала көркем еңбек пәні арқылы оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттарын зерттейді. Зерттеуде шығармашылық белсенділік ұғымының мәні мен оның тұлғаның жалпы дамуына әсері, көркем еңбек сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жобалық әдіс, цифрлық технологиялар, топтық және жеке шығармашылық жұмыстар сияқты әдістемелердің маңызы ерекше екені анықталды. Сонымен қатар, шығармашылық белсенділікті арттыру үшін мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен білім беру процесінің шығармашылық ортасының рөлі маңызды болып табылады. Зерттеу нәтижелері көркем еңбек сабақтарын заманауи әдіс-тәсілдермен байытудың, оқушылардың шығармашылық дамуына жағдай жасау арқылы олардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуын жақсартуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Жұмыс мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар мен шығармашылық белсенділікті арттыруға бағытталған педагогикалық қағидаларды қамтиды.
Технология
Мақала
Барлық сыныптар