Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 26 материал
Мәтінді енгізу, редакциялау. Пішімдеу
Құлмаханова Ақкүміс Қайратбайқызы
15 Қырқүйек 2025
40
**САБАҚ ЖОСПАРЫ** ### **Пәні**: Информатика ### **Сыныбы**: 5 немесе 6 ### **Сабақтың тақырыбы**: **Практикалық жұмыс: Мәтінді енгізу, редакциялау және пішімдеу** --- ### **Сабақтың мақсаты:** #### **Білімдік**: * Мәтіндік редакторда мәтін енгізуді, өңдеуді (редакциялау), пішімдеуді үйрету; * Негізгі мәтіндік құралдармен таныстыру (қаріп, түс, туралау, өлшем, т.б.). #### **Дамытушылық**: * Компьютерлік сауаттылықты дамыту; * Оқушылардың өз ойын сауатты жеткізу, мәтінді өңдеу қабілеттерін жетілдіру. #### **Тәрбиелік**: * Ұқыптылыққа, ақпаратпен мұқият жұмыс жасауға тәрбиелеу; * Цифрлық мәдениетке баулу. --- ### **Күтілетін нәтиже:** Оқушылар: * Мәтін енгізе алады; * Мәтінді өңдей алады (қате түзету, көшіру, жою); * Мәтінді пішімдей алады (қаріп түрі, түсі, өлшемі, туралау); * Мәтіндік редакторда қарапайым құжат жасай алады. --- ### **Құралдар мен ресурстар**: * Компьютерлер (Word немесе WordPad орнатылған); * Проектор немесе интерактивті тақта; * Дайын мысалдар және п
Информатика
Ашық сабақ
6 сынып
Қыс – тазалық пен пәк көңілдің, тұнықтық пен тылсым құбылыстың мезгілі.
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
64
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала — тынық, тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Қыстың самалына тоңған сыңай танытып, құшағыңызға тығылған сүйіктіңізді көргенде әлем сіздің алақаныңызда тұрғандай күй болады. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл. Төрт мезгіл ішіндегі ең ұлы пейзажды жасайтын – қыс. Қаңтарда қақап, ақпанда сеңі соғылып, наурызда қоштасатын мезігілдің сезім алдындағы пәкт
Қазақ тілі
Эссе, шығарма, мазмұндама
Барлық сыныптар
Отан -оттанда ыстық
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
59
Отан — бұл сондай-ақ біздің мәдени мұраларымыз бен тіліміз сақталатын орын, бұл біздің ұлттық санамызды қалыптастырады және бізді басқа халықтардан ерекшелейді. Отан — бұл тек географиялық орналасуымен емес, сонымен бірге тарихы, мәдениеті және адамдарымен ерекшеленетін терең ұғым. "Отан оттан да ыстық" деген сөз тіркесі көптеген адамдардың жүрегінде арнайы орын алады, себебі бұл олардың туған жеріне деген шексіз махаббатын және берілгендігін білдіреді. Әр адамның өз Отанына деген сезімі бар, бұл сезім олардың бала кезіндегі естеліктерімен, туған жердің сұлулығымен және оның тарихымен тығыз байланысты. Бұл сезім, негізінен, біздің өмір сүрген ортамызбен, отбасымызбен және жақын достарымызбен байланысты. Олар біздің жеке басымыздың қалыптасуына ықпал етеді және біздің туған жерге деген сезімімізді нығайтады.
Қазақ тілі
Эссе, шығарма, мазмұндама
Барлық сыныптар
Күз болып, дымқыл туман жерді басқан
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
49
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күз емін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Сарғайған жапырақтардың тал басында желге шыдас бермей жерге түскен сәті, көз алдыңда бүкіл әлем қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қойған сурет секілді күйге енсе, аспанның шелегі тесіліп қалғандай әр күн сайын тамшылар тамып, жаңбыр жауса, көңілің құлазып тұңғиыққа еніп кетсең, біреуді сағынсаң, ол сені де сағынса, шіркін, міне, бұл күз ғой.
Қазақ тілі
Эссе, шығарма, мазмұндама
Барлық сыныптар
Қазақ тілі- күшті тіл
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
68
Қазақ тілі — әлемдегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — қазақ тілі. Ана тілі халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.
Қазақ тілі
Эссе, шығарма, мазмұндама
Барлық сыныптар
Дені саудың – жаны сау
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
35
Денсаулық – бұл әр адамның және бүкіл қоғамның баға жетпес байлығы. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші! Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойыпты: «Адамға өмірде не қымбат, байлық па, даңқ па?». Сонда Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ»,- деп жауап берген екен. Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек. Адам азбаса, ұлт тозбайды. Біздің халқымыз ежелден денсаулыққа аса мән беріп, бірінші орынға қойған. «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау» деп бекер айтпаған. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын мемлекет тарапынан қайта дамытуға айрықша көңіл бөліне бастады.
Қазақ тілі
Мақала
Барлық сыныптар
Қарттар- біздің асыл қазынамыз
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
46
Мақсаты:Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар Барысы: І Ұйымдастыру ІІ. Негізгі бөлім Көп жасаған қария, Ақылы теңіз-дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі соқпақ, сөзі нәр. 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарт жүрген жер-береке!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміз
Барлық пәндер
Тәрбие сағаты
Барлық сыныптар
Ұстаз-ұлағатты ұғым
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
41
Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін ұлы тұлға. Жалпы "Ұстаз — тәрбиелеуші" ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы "Рабби — тәрбиелеуші" мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Джек Лондон: "Дүниедегі мамандық атаулының төресі — ұстаздық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған".
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар
Кел, болашақ
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
48
Көп құмарттым өмірге, көп көрмедім, Үміт еттім ұмтылдым, көп терледім. Ашкөзденіп қайтейін, ей, Болашақ, Көрмеген күндерімді өткер менің. Сапалақ сан ой мені мезі қылды, Сен түйсін, түйсінбеген сезімімді. Атан жортса арқамнан мыңқ етпеген, Айыптасаң өзің біл төзімімді. Жыр жорығына аттандым, кезіп жүрдім, Мен бір сәт дамылдадым, көзімді ілдім. Жазылмаған жырымды жалғайсың ба? Жаңа жыр бастайсың ба, өзің білгін. Жөн болмас, сірә, емірмен ұстасқаным, Бір ғұмыр дүниенің құшпас бәрін. Күнің шығып келеді, ей, Болашақ! Бесінге ауып барады түскі аспаным... Өмір - мәңгі, уақыт - мүмкін, елес, Кел, Болашақ! Сауық құр, күлкіңе көш! Бір күн шықса, бір күннің батуы анық, Екі күннің тұруы мүмкін емес!
Қазақ әдебиеті
Өлең, ертегі, әңгімелер
Барлық сыныптар
Мұқағали Мақатааевтың өмірінен соңғы хат
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
107
Ақын жүрек, қарт сезімді күрсінтіп, Тас жүректі езгілеген жүрісі. Бір сұлуды ұнатып қап бір күні, Ашуланып тұр, қайғы шегіп жұлынды. Айтқаны сол қыздың атын қайталап, Дауа бермей өлең жазды майдалап. Тас талқан боп, күйрей берді өртеніп, Ойға келген өлең жазды түнімен. Отқа күйген екі көзден май тамып Бала жүрек күрең атты ертелеп, Ұзай келе ақындығын зерттеген. Қазағым да қара шекпен жамылып, Мұқағали ақын өтті өмірден. Қара түсті жамыламыз қан кетіп, Ақын өтті ақтық майдан жан беріп. Жазып кетті соңғы өлеңін жыр етіп, Өмір қалды мазарынан сән кетіп. Ызыңдаған жерде қалды жарысқан, Дос та қалды көрген сайын табысқан. Әр күнінде жарлы махаббат жырлатып, Лирик акын өтті өмірден алысқан, Ащы ауыр сөзім болса кешіргін, Жасқа толмай ажалдың өшіргін, Бақыт қумай өлең жазып өтермін, Тербетіңдер алаш атты бесігін.
Қазақ әдебиеті
Өлең, ертегі, әңгімелер
Барлық сыныптар
Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
101
1.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз. А) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады. В) Дәметкеннің жүрегі тулап кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды. С) Шәрбану далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты. D) Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатады. E) Саяхатшылар көп келді. 2. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды. В) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты. С) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында. D) Кейде ұзақ жылдар жырланып, кейде ел ішінің әнгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызығып тыңдайды. E) Жалғасы қызық болды. 3. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз. А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы. В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды. E) Еңбек баланы мықты етеді. 4.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз. А)
Қазақ тілі
Тест
10 сынып
Тест сұрақтары
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
92
Синонимдік жұпты көрсетіңіз. А) Сабырлы, шыдамсыз В) Жуас, момын С) Бет, көз Д) Аласа, кең Е) бай, кедей Мақалды аяқтаңыз: Ер қанаты — … . А) шапан В)ерлік С)жолдас Д) мал Е) ат 60 — 70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгілеңіз. А) реттік В)жинақтық С)болжалдық Д) топтау Е) есептік Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз. А) сандықша В)кітаптар С)жерлерге Д) дәстүрмен Е) адамда Жай сөйлемді табыңыз. А) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді. В)Ауыл тауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді. С)Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді. Д) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді. Е) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады. «Невада-Семей» қозғалысының президентін табыңыз. А) С.Әбдильдин В)Амантай қажы С)О.Сүлейменов Д) М.Шаханов Е) Р.Сейсембаев Меңгеруді көрсетіңіз. А) Жолаушылар келді В)Мектеп үйі С)Сыныпта отыр Д) Таулы өлке Е) Үнді шайы Қай сөйлемде есімше кездеседі? А) Мен сабақ оқыдым В)Мен сабақ оқып отырмын. С)Сабақ оқу керек
Қазақ тілі
Тест
11 сынып
Эссеге тақырып таңдау
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
81
Тақырыптар дайын түрде оқулықта немесе мұғалім тарапынан ұсынылады. Ал еген тақырыпты өзің ойлап тапқың келсе, оның қайшылықты мәселеге, адам қажеттілігіне құрылуын қадағалануы тиіс. Қажеттілік түрлері адамның бәріне ортақ ұғым-түсініктерге қарай анықталады. А.Маслоу адам қажетттілігінің келесідей түрлерін көрсеткен: • Өз мүмкіндігін іске асыру; • Өзі туралы баға; • Сүйіспеншілік пен өзінің қажет екендігін сезіну; • Қауіпсіздікті сезіну; • Физиологиялық қажеттілік. Сондықтан тақырыпты ұсынуда, таңдауда оның негізінде адамға тән осы қажеттіліктердің жатуы маңызды. Егер сіз олардың ішінен біреуін таңдай алатын тақырыптар тізімі болмаса, бірақ жалпы бағыт берілген болса, эссе қай аудиторияға арналғанын қарастыруыңыз керек. Опциялар әртүрлі болуы мүмкін: университеттегі оқытушы, комиссия, әдеби бірлестік, жұмыс беруші. Егер мұғалімге эссе жазылса, онда қандай қасиеттер бағаланатынын ескеру керек. Осыған сүйене отырып, тақырып инспектордың автордан күткен қабілеттерін көрсете алатындай еті
Қазақ тілі
Эссе, шығарма, мазмұндама
10 сынып
Эссенің ерекшеліктері, түрлері
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
73
1. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік сипатта болуы мүмкін. 2. Эссе – ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Мұғалім өзі істейтін мемлекеттік мекеме мен өз әрекетінің ерекшелігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу авторға өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз
Қазақ тілі
Эссе, шығарма, мазмұндама
10 сынып
Эссе туралы түсінік
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
63
САБАҚ: Мектеп:№113 «Қаракөл» орта мектебі Күні: 02.09.2025 Мұғалімнің аты-жөні: Алдамжаров Айбек . Сынып: 10 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы Эссе туралы түсінік Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 11.Ж1 эссе жазу шеберліктерін дамыту, білімдерін қағаз бетіне түсіре білу; 11Ж4 жазу сауаттылықтарын арттыру; Сабақтың мақсаттары 11.Ж1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру. 11.Ж4.Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу. Бағалау критерийі Эссе құрылымын түсінеді; Логикалық бірізділік сақталады; Келісу\келіспеу себептерін анық көрсетеді Жоспар Жоспарланатын уақыт Жоспарланған іс-әрекеттер Дереккөздер Сабақтың басы 1 мин 5 минут Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; - сабақ мақсатымен таныстыру; . Келесі қысқартуларды қолданыңыз: МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық МЖ = Мұғалім
Қазақ тілі
Оқушылар жұмысы
10 сынып
Эссе жазудағы қателер
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
09 Қырқүйек 2025
66
Ең жиі кездесетін қателерді біле жүрген дұрыс. Себебі, олар эссені өзің жазған кезде сол қателерді жібермеуге көмектеседі. 1-қателік: Түсініксіз болып қалу немесе керекті әсер бере алмау секілді жеке қорқыныштардың кесірінен автор эсседегі барлық көрнекті ойларды алып тастап жатады. Осыған байланысты эссе өз даралығын және ерекшелігін жоғалтады.Бұл жерде автордың жеке позициясы көрінбейді. 2-қателік: Мәліметтердің жеткіліксіз дамуы. Көп кездесетін қателік – автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді. Теоретикалық негіздемесі жоқ. 3-қателік: Эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.Проблема ашылмайды. 4-қателік. Авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы. 5-қателік. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану. 6-қателік.Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп. 7-қателік. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер. 8-қателік. Келтірілген мыса
Қазақ әдебиеті
Оқушылар жұмысы
Барлық сыныптар
Эссенің шығармадан айырмашылығы
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
08 Қырқүйек 2025
64
Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазады. Ал, шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Шығарма – берілген белгілі бір тақырып бойынша жазылатын, міндетті құрылымнан тұратын, пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.Шығарманың мақсаты –жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту. Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу.Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес. Шығармада жоспарды жазу міндетті. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәле
Қазақ әдебиеті
Эссе, шығарма, мазмұндама
Барлық сыныптар
Абайдың Ақылбайы
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
08 Қырқүйек 2025
62
Ақылбай Абайұлы- Абайдың Ділдә деген бәйбішесінен 1861жылы туған тұңғыш баласы. Құнанбайдың тоқалы Нұрғаным бауырына басып тәрбиелеп өсірген. Абай Құнанбай ауылындағы Ғабитхан молдадан мұсылманша сауат ашады. Оқуы осымен тәмам болып, жасынан домбыра алып өлең айтқанАқылбай ауыл-елдің сал-серісі атанады.
Қазақ әдебиеті
Эссе, шығарма, мазмұндама
11 сынып
Ілияс өлеңдеріндегі фразеологизмдердің тілдік табиғаты
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
08 Қырқүйек 2025
47
Фразеологизмдер-өлең өлкесінде сан құбылып, түрленіп қолданылатын әсем де әсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегі. Фразеологизмдерге тән ерекшеліктердің біріне олардың құрамдық, тұлғалық және ішкі орын тәртібі тұрақты болуы есептеледі. Фразеологизмдер сөйлем ішінде қолданылғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Фразеологизмдердің табиғатына тән осы бір қасиеті поэззия тілінде өзгеріске түседі деуге болады.
Қазақ тілі
Мақала
11 сынып
Шәкәрімнің "Еңлік-Кебек" дастаны
Алдамжаров Айбек Хамитұлы
08 Қырқүйек 2025
88
Сабақтың мақсаты: 1) Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін толықтыру, оның қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында алатын орнын, маңызын таныту, «Еңлік-Кебек» дастанына талдау жасау; 2) оқушыларды шығарманың эстетикалық , идеялықмәнін түсіне білуге дағдыландыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге үйрету; 3) ақын мұрасына құрметпен қарауға, көркем әдебиеті, поэззияны сүйе білуге баулу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,мәнерлеп оқу, пікірлесу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың құрал-жағдығы: интерактивті тақтаға дайындалған көрнекіліктер мен сызба тапсырмалар. Сабақтың барысы: -Балалар, бүгінгі сабақта Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанымен таныс боламыз, талдаймыз. Ақын өміріне қатысты біршама деректермен, ақын шығармаларымен төменгі сыныптан таныспыз. Ендеше есімізге түсіріп көрелік.
Қазақ әдебиеті
Сабақ жоспары
10 сынып