ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ «Бөбек» колледжінің студенті есімі Ендибай Айару
10 Желтоқсан 2025
26
Бұл мақалада қазіргі педагогикадағы ең өзекті мәселелер талқыланады. Қоғамдағы цифрлану, ақпарат ағымының күшеюі және ата-аналардың тәрбиелеудегі белсенділігінің төмендеуі балалардың дамуына тікелей әсер ететіні сипатталған. Балалардың цифрлық тәуелділігі, эмоционалдық тұрақсыздық, ата-анамен серіктестіктің әлсіздігі, мұғалімдердің кәсіби жүктемесінің артуы, инклюзивті білім берудегі қиындықтар – қазіргі білім саласының басты проблемалары ретінде көрсетілген.
Мақалада әр мәселенің себептері мен белгілері нақты беріліп, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылған: экран уақытын шектеу, ата-аналарды ақпараттандыру, арт-терапия, педагогтардың кәсіби дамуы, инклюзивті тәсілдерді меңгеру, жеке білім беру траекториясын қолдану. Қорытындысында педагогикалық шеберлік, ата-анамен тиімді серіктестік және баланың жеке ерекшеліктерін ескерудің білім сапасын арттырудағы маңызы ерекше атап өтіледі.