ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МАМАНДЫҚТЫ ТАБЫСТЫ ИГЕРУІНЕ ӘСЕРІ
18 Қазан 2025
33
Бұл жұмыста әлеуметтік интеллектінің мамандықты табысты игерудегі рөлі қарастырылған. Әлеуметтік интеллект – адамдардың эмоцияларын, мінез-құлқын, уәждері мен ниеттерін түсініп, тиімді қарым-қатынас орнату қабілеті ретінде сипатталады. Мақалада Э. Торндайк, В.Н. Куницына, Дж. Гилфорд және басқа ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, әлеуметтік интеллектінің құрылымы, компоненттері мен критерийлері талданған. Автор әлеуметтік интеллекттің кәсіби бейімделу, тұлғалық даму және табысты кәсіби әрекеттегі маңызын айқындайды. Нәтижесінде, әлеуметтік интеллекті жоғары дамыған мамандардың өз кәсібін тиімді меңгеріп, қоғамда табысты әлеуметтенетіні анықталады.