Басқару іс-әрекетіндегі шешім қабылдау Тойбазар Алишер Мұхтарұлы
10 Қараша 2025
47
Бұл жұмыста басқару іс-әрекетіндегі шешім қабылдау үдерісінің мәні мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Мәтінде шешім қабылдаудың басқару психологиясындағы орны, оған әсер ететін факторлар (басшының тұлғалық қасиеттері, эмоциялық жағдайы, когнитивтік қабілеттері, ұжымдық орта) талданған. Сондай-ақ шешім қабылдау кезеңдері мен олардың әрқайсысында аналитикалық ойлау, тәуекелді бағалау және командалық өзара әрекеттесу дағдыларының рөлі көрсетілген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Басқару психологиясы» пәні аясында студенттер шешім қабылдау стратегияларын, оның психологиялық аспектілерін үйреніп, практикалық дағдыларын дамытады. Жұмыста ұжымдық пікірталас, коммуникация және сенім атмосферасының шешім сапасына әсері ерекше атап өтіледі.
Қорытындысында тиімді шешім қабылдау ұйымның табысты дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды кәсіби қабілет екені тұжырымдалады.