СТУДЕНТТЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
18 Қазан 2025
35
Бұл жұмыста студенттердегі әлеуметтік интеллектінің мәні мен оның тұлғалық және кәсіби дамуындағы рөлі қарастырылған. Әлеуметтік интеллект – басқа адамдарды түсіну, олардың мінез-құлқын болжау және тиімді қарым-қатынас орната білу қабілеті ретінде сипатталады. Зерттеу барысында әлеуметтік интеллектінің құрылымы, компоненттері мен оны дамыту факторлары талданған. Авторлар Э. Торндайк, Дж. Гилфорд, Д.В. Ушаков, А.И. Савенков және В.Н. Куницына еңбектеріндегі көзқарастарға сүйене отырып, әлеуметтік интеллектінің теориялық негіздері жүйеленген. Нәтижесінде студенттердің әлеуметтік интеллектісін дамыту олардың кәсіби құзыреттілігін, тұлғалық бейімделуін және табысты әлеуметтік өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететіні анықталған.