AI көмегімен ағылшын тілінде жазылым мен айтылым дағдыларын дамыту Жаппарова Айғаным Батырханқызы
09 Қазан 2025
45
AI көмегімен ағылшын тілінде жазылым мен айтылым дағдыларын дамыту
Жаппарова Айғаным Батырханқызы
Мукими атындағы №13 ЖОББМ
Ағылшын тілі мұғалімі
Қазіргі жаһандану заманында ағылшын тілі – халықаралық қатынас, ғылым, білім және технология тіліне айналды. Ағылшын тілін үйрену процесінде төрт негізгі тілдік дағдының (тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым) ішінде жазылым (writing) мен айтылым (speaking) – оқушының белсенді қатысуын, шығармашылық пен тәжірибе жасауды талап ететін күрделі дағдылар. Соңғы жылдары жасанды интеллект (AI) технологияларының дамуы бұл дағдыларды жетілдіруде жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.
AI құралдары арқылы оқушының тіл үйренуге деген қызығушылығы артып қана қоймай, жеке қарқынмен даму, нақты әрі жедел кері байланыс алу, қателермен жұмыс жасау сияқты тиімді әдістер іске асырылады. Осы мақалада AI технологияларының көмегімен ағылшын тіліндегі жазылым мен айтылым дағдыларын дамыту жолдары қарастырылады.
Шет тілі
Мақала
Барлық сыныптар