СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН КҮЙЗЕЛІСКЕ ТӨЗІМДІЛІГІ Ерболат Ақторғын Ернұрқызы
18 Қазан 2025
81
Бұл жұмыста студенттердің эмоциялық тұрақтылығы мен күйзеліске (стресске) төзімділігі мәселесі жан-жақты қарастырылады. Автор эмоция ұғымының тарихи-теориялық негіздерін талдай отырып, Аристотель, Р. Декарт, Б. Спиноза және басқа да ғалымдардың көзқарастарына сүйенеді. Эмоциялардың адам мінез-құлқын, іс-әрекетін және бейімделу қабілетін реттеудегі рөлі ашып көрсетіледі.
Зерттеуде В.Э. Чудновскийдің тұлғаның тұрақтылығының төрт деңгейі сипатталады және олардың мазмұндық ерекшеліктері түсіндірілген. Сонымен қатар стресс пен стресске төзімділік ұғымдарының психологиялық сипаттамасы беріліп, әртүрлі авторлардың анықтамалары келтірілген (С.В. Субботин, А.А. Баранов, Б.Х. Варданян және т.б.).
Жұмыста студенттердің стресс жағдайына ұшырау себептері, әсіресе бірінші курс кезеңіндегі бейімделу қиындықтары мен емтихандық стресс ерекшеліктері талданады. Стресстің физиологиялық және психоэмоциялық әсерлері сипатталып, оның алдын алу мен күйзеліске төзімділікті дамыту жолдары қарастырылады.
Прак