СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН КҮЙЗЕЛІСКЕ ТӨЗІМДІЛІГІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН КҮЙЗЕЛІСКЕ ТӨЗІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыста студенттердің эмоциялық тұрақтылығы мен күйзеліске (стресске) төзімділігі мәселесі жан-жақты қарастырылады. Автор эмоция ұғымының тарихи-теориялық негіздерін талдай отырып, Аристотель, Р. Декарт, Б. Спиноза және басқа да ғалымдардың көзқарастарына сүйенеді. Эмоциялардың адам мінез-құлқын, іс-әрекетін және бейімделу қабілетін реттеудегі рөлі ашып көрсетіледі. Зерттеуде В.Э. Чудновскийдің тұлғаның тұрақтылығының төрт деңгейі сипатталады және олардың мазмұндық ерекшеліктері түсіндірілген. Сонымен қатар стресс пен стресске төзімділік ұғымдарының психологиялық сипаттамасы беріліп, әртүрлі авторлардың анықтамалары келтірілген (С.В. Субботин, А.А. Баранов, Б.Х. Варданян және т.б.). Жұмыста студенттердің стресс жағдайына ұшырау себептері, әсіресе бірінші курс кезеңіндегі бейімделу қиындықтары мен емтихандық стресс ерекшеліктері талданады. Стресстің физиологиялық және психоэмоциялық әсерлері сипатталып, оның алдын алу мен күйзеліске төзімділікті дамыту жолдары қарастырылады. Прак
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерболат. А., Болтаева А.М.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН КҮЙЗЕЛІСКЕ ТӨЗІМДІЛІГІ

Көпғасырлық тарих бойында эмоцияларға адамның іс-әрекетін айқындайтын күштердің арасында орталық рөлдердің бірі беріліп келеді. Зерттеліп отырған мәселенің тарихын талдай отырып, Л.М. Аболин эмоциялардың реттеуші қызметі туралы алғаш рет өз еңбектерінде Аристотель, Б. Спиноза және Р. Декарт айтқанын атап өтеді.

Аристотельдің пікірінше, эмоциялар қозғаушы қызмет атқара отырып, таным процесінде барған сайын күрделі нысандарды игеруге мүмкіндік беретін мотивациялық негіз, яғни байланыстырушы буын болып табылады.Осы ойды дамыта отырып, Р. Декарт эмоциялардың бағдарлаушы қызметін атап көрсеткен. Оның ойынша, эмоциялар адамға бұрын таныс емес заттарды, бейнелер мен құбылыстарды есте сақтауға мүмкіндік береді, яғни олар есте сақтау қызметін атқарады. Б. Спиноза өзінің аффектілер туралы ілімінде эмоциялардың басқа психикалық құбылыстармен динамикалық бірлікте екенін айтып, олардың тек реттеуші ғана емес, сонымен бірге кейде дезорганизациялаушы әсері де бар екенін көрсеткен.

Л.М. Аболиннің пікірінше, «аффектілер – бұл дене күйі…, олар адамның әрекет ету қабілетін арттырады немесе төмендетеді, оны жеңілдетеді немесе шектейді. Дәл осы эмоциялардың ерекшелігі шетелдік психологтардың эмоциялық тәжірибені біртіндеп жойылуға ұшырайтын, рудиментарлы психикалық құбылыс ретінде қарастыруына себеп болды» [3,7-с.]. У. Мак-Дугалл өз теориясында эмоцияны инстинктивті үдерістің аффективті жағы, яғни рудимент ретінде қарастырған. Осыған ұқсас көзқарасты Ч. Дарвин де ұстанған. Ол 1872 жылы жарық көрген «Адам мен жануарлардағы эмоцияның көрінісі» атты еңбегінде адамның және жануарлардың эмоциялық көріністері арасында көп ұқсастық бар екенін дәлелдеді. Эмоциялар тіршілік үшін маңызды бейімделу механизмдері ретінде пайда болып, организмнің өмір сүру жағдайларына және әртүрлі өмірлік жағдаяттарға бейімделуіне көмектеседі.

Қазіргі қоғамның даму жағдайында адамның әлеуметтік, физикалық және психологиялық қорғалуының маңыздылығы артып келеді. Осы тұрғыда жоғары оқу орындарының басты міндеті – студенттің психологиялық тұрғыдан тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Автордың пікірінше, әлеуметтік белсенді тұлғаның мінез-құлқы екі түрлі әрекет тәсілімен айқындалады: жағдайға бейімделужәнежағдайды өзгерту. Соңғы стратегияны ұстанған адам өз әлеуметтік белсенділігін жүзеге асырып, өзін тұрақты тұлға ретінде көрсетеді.

Бұл құбылысты зерттей отырып, В.Э. Чудновский тұлғаның тұрақтылығының төрт деңгейін бөліп көрсетеді:

  • Бірінші деңгей – жағдайлық тұрақсыздық. Бұл деңгейге қарапайым, бастапқы қажеттіліктердің басым болуы тән. Мұндай қажеттіліктердің қанағаттануы көбіне нақты жағдайларға байланысты. Сондықтан бұл деңгейде адамның моральдық өзін-өзі реттеу деңгейі төмен болады.

  • Екінші деңгей – алыс мақсатқа бағытталған мазмұндық фактордың болмауынан туындайтын тұрақсыздық. Бұл деңгейде тар тұлғалық (жеке) қажеттіліктер басым, дегенмен олардың қанағаттануы белгілі бір ұзақ мерзімді мақсат арқылы жанама түрде жүзеге асады.

  • Үшінші деңгей – тұлғаның тұрақтылығы. Бұл деңгейде адамның ұзақ мерзімді бағытталуы көпқырлы және мазмұны жағынан бай болып келеді. Мұндай адам өз мүддесінен шығып, жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтарға бағыттала алады.

  • Төртінші деңгей – тұлғаның тұрақтылығының ең жоғары деңгейі, ол ұжымдық бағыттылық арқылы анықталады. Бұл деңгейде басты рөлді ұжымдық мақсатқа жету қажеттілігі атқарады. Мұндай тұлға өзінің жеке мүддесінен жоғары тұрып, ортақ мақсатқа ұмтылады, сол арқылы жағдайдың ықпалынан тәуелсіз, еркін бола алады.[3,8-9.с]

Эмоциялық тұрақтылық пен қатар«стресс» ұғымын бүгінде адамдардың өміріне мықтап енген. Әдетте стресс — жағымсыз, теріс құбылыс ретінде қабылданады. Көпшілік оны жағымсыз жағдайлардың салдары деп түсінеді. Алайда бұл — стресстің тек бір түрі ғана. Ғалымдар позитивті стресс түрін де бөліп көрсетеді, ол адамның өміріндегі жағымды оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін.

Стрестің негізгі жеке сипаттамаларының бірі — бейімделу, яғни басқаша айтқанда күйзеліске төзімділік (стресске төзімділік).Психологиялық сөздікте стресске тұрақтылық ұғымы былай анықталады: «Бұл – адамның әртүрлі стресс түрлеріне төзімділігін айқындайтын тұлғалық қасиеттер жиынтығы. Стресске төзімділік үш өзара байланысты компоненттен тұрады:

  • өзінің өмірінің маңыздылығын сезіну;

  • тәуелсіздік пен өз өмірін басқара алу сезімі;

  • өзгерістерге ашықтық пен қызығушылық, оларды қауіп ретінде емес, даму мүмкіндігі ретінде қабылдау».

С.В. Субботин өз еңбегінде стресске төзімділік ұғымына келесідей анықтама береді: бұл қасиеттің құрамына эмоциялық тұрақтылық, психологиялық төзімділік (резистенттілік) және фрустрацияға төзімділік сияқты жеке компоненттер кіреді. А.А. Барановтың пікірінше, стресске төзімділік– бұл психикалық тұрақтылықтың жеке көрінісі, ол түрлі стресс тудыратын факторлардың әсері кезінде байқалады [2]. Б.Х. Варданян стресске тұрақтылық ұғымын былай түсіндіреді:

«Бұл – эмоциялық жағдай кезінде психикалық қызметтің барлық компоненттерінің үйлесімді байланысын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиет, ол өз кезегінде адамның іс-әрекетті сәтті орындауына ықпал етеді». Оның анықтамасы бойынша –стресске тұрақтылық «тұлғаның интегративті қасиеті, ол адамның эмоциялық, еріктік, интеллектуалдық және мотивациялық компоненттерінің өзара әрекеттесуін қамти отырып, күрделі эмоционалды жағдайларда мақсатқа жетудің оңтайлы әрі табысты болуын қамтамасыз етеді» [2,8.с].

Студенттік стресс көбінесе жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу қажеттілігінен, оқу іс-әрекетінің мазмұнының өзгеруінен, ақпараттың шамадан тыс көптігінен және сессияның жақындауынан туындайды.[2,9.с]

Емтихандық стресс – жүйке-психикалық ширығудың негізгі себептерінің бірі болып саналады, ол студенттердің жүйке, иммундық және жүрек-қан тамыр жүйелеріне теріс әсер етеді. Емтихан кезеңінде жиі жүрек соғысының жиілеуі, артериялық қысымның жоғарылауы, сондай-ақ психоэмоциялық және бұлшықеттік кернеудің артуы байқалады. Сессия аяқталғаннан кейін студенттер бірден әдеттегі өмір ырғағына қайта орала алмайды. Оларға күш-қуатын қалпына келтіру және психоэмоциялық жағдайын тұрақтандыру үшін біраз уақыт қажет. Стресске ең көп ұшырайтындар – бірінші курс студенттері. Осы кезеңде болашақ мамандар өздерінің бейімделу әлеуетін барынша пайдаланады, өйткені оларды жаңа адамдармен қарым-қатынас орнату, жаңа әлеуметтік байланыстар құру, ата-аналық отбасынан бөлектену сияқты маңызды міндеттер күтіп тұрады.

Студенттік өмір жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді, ал бұл жағдайлар көбінесе жүктеменің артуына және эмоциялық бейімделмеушілікке (дезадаптацияға) әкеледі. Нәтижесінде әртүрлі эмоциялық бұзылулардың пайда болуына жағдай туады. Осы кезеңде көптеген жастар психикалық күйзелістердің көріністерін бастан өткереді, себебі олардың өміріндегі өзгерістер айтарлықтай стресс көзі болып табылады және үлкен эмоциялық ресурстарды қажет етеді.

Зерттеулер көрсеткендей, жоғары деңгейдегі академиялық және тұлғааралық стресс сезінетін бірінші курс студенттері эмоциялық дезадаптацияға жиі ұшырайды және суицидтік ойлардың пайда болу қаупі жоғары болады [1].А.В. Либинаның пікірінше, стресс жағдайында жас ерекшеліктері адамның жеңу және қорғаныс стратегиясын таңдауға әсер етеді. Жастар қиындықтарға жиі тап болып, мұндай сәттерде пассивті, әлеуметтік бағытталған қорғаныс стратегиясын қолдануға бейім келеді, яғни басқаларға сүйенеді. Бірақ бұл олардың әлеуметтік қолдау мүмкіндігін шектеп, айналасындағылардың теріс көзқарасын тудыруы мүмкін. Күрделі жағдайларда жастар қатынастардағы әділдікті бұзып, өздеріне зиян келтіреді деп өзгелерді кінәлауға бейім келеді .Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей, жасөспірімдер мен жастар теріс психикалық күйлерді, соның ішінде стресс жағдайларын реттеуде жиі бейімсіз (неконструктивті) тәсілдерді қолданады. Сол себепті психологтар стрестің алдын алу және стрессоустойчивость (күйзеліске төзімділікті) арттыруға арналған арнайы бағдарламалар әзірлеуде.

Мысалы, белгілі отандық психолог В.И. Моросанова стресс мәселесін зерттей отырып, мектеп оқушыларының тұлғалық өзін-өзі реттеуін дамыту бағдарламасын жасап шығарған . Оның пікірінше, жасөспірім және жастар кезеңінде тұлғалық өзін-өзі реттеу стилінің қалыптасуы адамның мінез-құлқын үйлесімді етуге ықпал етеді. Жеке және мінездік ерекшеліктер адамның өзін-өзі реттеу стилін айқындай отырып, іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға және табысқа жету жолдарын оңтайландыруға көмектеседі. Бағдарлама он сабақтан тұрады және ол практикалық психологтарға студенттермен жұмыс істеуде қолдануға ұсынылады [1,3.с]

Сондай-ақ, А. Либинаның «Жеңімпаз интеллект» атты тренингтік бағдарламасы да қызықты тәжірибе болып табылады. Мұнда «басқару» ұғымы қорғаныс мінез-құлқына қарама-қарсы ұғым ретінде қарастырылады. Сабақтар барысында өмірлік тәжірибелер талқыланып, күрделі өмірлік жағдайлармен тиімді күресу жолдарына үйрету жүзеге асырылады. Күйзеліске төзімділік мәселесі студент жаста ерекше өзектілікке ие. Себебі болашақ мамандардың алдында өмір жағдайлары мен оқу үдерісінің мазмұны өзгерген ортаға бейімделу міндеті тұр. Сондай-ақ, сессия кезінде туындайтын психоэмоциялық жүктемелермен күресуді үйрену де аса маңызды.[1,4.с]


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ионова М. С., Резепова Н. В., Кузьменкова Д. И., Тюрина Ю. М.Особенности стрессоустойчивости у студентов и возможности её развития в условиях ВУЗа // Мир науки. Педагогика и психология. — 2024. — Т. 12, № 6.

  2. Субботин, С. В. Устойчивость к психическому стрессу как характеристики метаиндивидуальности учителя [Текст] / С.В. Субботин / Дис...канд. Психол. наук. – Пермь, 1992. – 159 с.

  3. Гольева Г.Ю.Г 63 Формирование эмоциональной устойчивости личности: учебное пособие / Г.Ю. Гольева. – Челябинск: Изд-во ЗАО «Библиотека А. Миллера», – 2021. – 105 с.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі