Авторлық бағдарлама Ұлы ақындар ізімен (Бұл бағдарлама 5 сыныптарға арналған) Ошанова Акнур Койшыбековна
29 Қазан 2025
79
Түсінік хат Қазақ тілі мен әдебиеті – ұлттық руханияттың алтын қазығы, ұрпақтың ой-санасын тәрбиелеп, елдік болмысын айқындайтын ең негізгі пәндердің бірі. Әдебиет – халқымыздың тарихы мен мәдениетін, дүниетанымы мен рухани құндылықтарын сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізудің ең басты арнасы. Бүгінгі күнде өскелең ұрпаққа әдебиетті оқыту – тек тілдік білім беру емес, сонымен қатар олардың ұлттық дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталуы тиіс. «Ұлы ақындар ізімен» атты бұл авторлық бағдарлама қазақ әдебиеті пәнінің дәстүрлі мазмұнын сақтай отырып, оқушыларды ұлы ақындардың шығармашылық әлеміне жетелейді. Мұндағы мақсат – балаларды көркем сөз құдіретімен сусындатып қана қоймай, әдеби мұра арқылы ұлттық құндылықтарды дарыту, туған жер мен елге сүйіспеншілігін арттыру. Бағдарлама негізіне Абай, Жамбыл, Шәкәрім, Мағжан, Мұқағали сынды ұлы ақындардың шығармалары алынған. Бұл ақындардың шығармашылығы – тек көркемдік биік үлгі ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, и