Бейбіт дипломатия және тату көршілік — жанжалсыз әлем Алипбай Аяла, 7 «В» сынып оқушысы
06 Қараша 2025
36
Бүгінгі таңда бүкіл әлем үшін ең маңызды құндылықтардың бірі – бейбітшілік пен татулық. Соғыс, жанжал және өзара түсінбеушілік адамзатқа үлкен қайғы мен шығын әкеледі. Сондықтан әр ел мен әр адам бейбіт өмір сүрудің, бір-бірімен тату болудың жолын іздеуі қажет. Осындай маңызды ұғымдарды біріктіретін түсінік – бейбіт дипломатия және тату көршілік.
Бейбіт дипломатия – елдер арасындағы мәселені соғыссыз, келісім мен өзара түсіністік арқылы шешудің жолы. Ал тату көршілік – көрші елдермен достық қарым-қатынасты сақтау, бір-біріне көмектесіп, құрметпен қарау дегенді білдіреді. Бұл ұстанымдар тек мемлекеттерге ғана емес, бізге – оқушыларға да қатысты. Себебі достармен, сыныптастармен және отбасымызбен тату болу – үлкен қоғамдағы бейбіт өмірдің алғашқы қадамы.