«Балабақшада дидактикалық ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту» Тогайбаева Баян Турсынбековна
27 Қараша 2025
18
Бұл әдістемелік нұсқаулық балабақшада дидактикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған. Құралда ойынды тиімді ұйымдастыру жолдары, балалардың жас ерекшелігіне сәйкес логикалық тапсырмалар түрлері, ойын сценарийлері мен рефлексиялық әдістер қарастырылған. Сонымен қатар, цифрлық дидактикалық ойындар, интерактивті қосымшалар, QR-кодпен берілетін тапсырмалар, лего және нейрожаттығу элементтерімен ойынды ұйымдастыру тәжірибесі берілген. Әдістемелік нұсқаулық тәрбиешілерге, педагог-мамандарға, жас мұғалімдерге ойын арқылы танымдық, зияткерлік дағдыларды қалыптастыруда бағыт-бағдар береді. Ұсынылып отырған әдістер баланың шығармашылық ойлауын, салыстыру, жалпылау, талдау дағдыларын дамыта отырып, еркіндік пен белсенділікке баулиды. Нұсқаулық балабақшадағы білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған.
Балабақша
Авторлық бағдарлама
Мектепке дейінгі балалар