БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ БІЛІМНІҢ КӘСІБИ БОЛМЫС ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ Маматова Сағира Үрүстембекқызы
04 Желтоқсан 2025
18
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ БІЛІМНІҢ КӘСІБИ БОЛМЫС ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Мен физика мамандығына барлық техникалық саланы ұштастыру мүмкіндігі үшін түстім. Физика – ғылымның ең негізгі платформасы ғана емес, инженерия, ақпараттық технологиялар, энергетика, математика сияқты күрделі салалардың ортақ тілі. Бұл мамандық маған нақты ойлауды, дәл өлшеуді, құбылыстарды терең түсіндіруді үйретеді. Физиканың бір артықшылығы – кәсіби бағыт таңдауда еркіндік береді: білікті маман атанып шыққан соң мен инженерия, IT, зерттеу, аналитика сияқты кез келген салаға кете аламын. Сондықтан физика – келешекке салынған сенімді инвестиция.
Университетте оқу барысында тек табиғат заңдарын ғана емес, сонымен қатар адаммен, ұжыммен, басқалармен жұмыс істеуді үйрететін пәндерді де меңгере бастадым. Соның бірі – басқару психологиясы. Бұл пән маған күтпеген жаңа білім берді. Бұрын тек техникалық ойлауға сүйенсем, енді адамның мінез-құлқын, эмоциясын, қарым-қатынасындағы ерекшеліктерін түсінуге бағытталған дағдылард