Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 1 материал
«Орта мектепте Махамбет шығармашылығын оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің тиімді жолдары»
Мұхамедалиева Ақтоты Бекболатқызы
13 Желтоқсан 2025
12
Махамбет Өтемісұлының қай шығармасын алсақ та, ел мүддесі, халықтың арман-мұраты мен азаматтық парыз негізгі идеялық өзек ретінде көрініс табады. Мектеп бағдарламасында оқытылатын «Мен, мен, мен едім», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Мен – құстан туған құмаймын» өлеңдері жоғары пафоспен жазылып, оқушыларды ерлікке, отансүйгіштікке, ел бірлігін сақтауға үндейтін тәрбиелік маңызы зор туындылар болып табылады. Бұл шығармалар Махамбет заманында азаттық пен бостандық жолындағы күреске рухтандырған ұранды жырлар қызметін атқарса, бүгінгі білім беру үдерісінде тәуелсіздік құндылығын ұғындырып, ұлттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді құралына айналып отыр. Ақын поэзиясындағы әсерлі әрі қуатты тілдік бірліктер оқушылардың ұлттық намысын оятып, тарихи санасын тереңдетуге, елжандылық сезімін нығайтуға ықпал етеді.
Қазақ әдебиеті
Мақала
Барлық сыныптар