«Орта мектепте Махамбет шығармашылығын оқыту арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің тиімді жолдары»
Мұхамедалиева Ақтоты Бекболатқызы
Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Махамбеттану қазіргі кезде әдебиет ғылымының жанданып келе жатқан жаңа бір саласы ғана емес, жаһандану заманында өзіміздің ұлттық болмысымызды, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалуда аса жоғары тағылымдық, тәрбиелік маңызға ие болып отыр. Кезінде еркіндік пен бостандықтың туын көтерген Махамбет өлеңдері бүгінгі күні де тәуелсіздігімізді, елімізді, елдігімізді қорғауға жігерлендіретін мәдени мұра ретінде бағалануда. Биылғы жылдың он төртінші наурызында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында мемлекет басшысы нақты қандай құндылықтарға назар аудару керектігін айта отырып, оның ең алғашқысы – Тәуелсіздік және Отаншылдық белгілеп берді[1]. Тәуелсіздіктің арқасында, қазақ елін, Қазақстан халқын әлем таныды және мойындады. Тәуелсіздік символы – мемлекеттік Туымыз, Әнұранымыз, Елтаңбамыз. Ту – ұлттың бірігуіне ықпал етеді. Ұлттық сананың биіктігін көрсетеді. Тәуелсіздік – еркіндік пен азаттықты ғана алып келмей, сонымен қатар, ұлтымыздың санасын өзгертті, сапасын арттырды. Қазақстан 30 жылдан астам егемендігі уақытысында ешқандай елдермен шекара үшін, тіл үшін, дін үшін, азаматтық пен ала-алмай келе жатқан тәуелсіздігі үшін қақтығысқа түскен жоқ. Елдің тыныштығын басты назарда ұстады. Сондықтан да, басты құндылығымыз ретінде танылып отыр. Отаншылдық деп отырғанымыз Отанға, туған елімізге, тілімізге, туып өскен жерге деген махаббат, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа, мәдениетке деген құрмет. Қазіргі таңда жас ұрпақты отаншыл, елжанды етіп тәрбиелеуде Махамбет мұрасының таптырмас тәрбие құралы екендігін байқап отырмыз. Махамбет мұрасы - ерекше стилді, өзіндік орны бар, зерттеушілердің ден қойып зерттейтіндей құнды мәліметтерге толы, тарихи да, әдеби қазына.
Махамбет мұрасы - ерекше стилді, өзіндік орны бар, зерттеушілердің ден қойып зерттейтіндей құнды мәліметтерге толы, тарихи да, әдеби қазына. Сондықтан болар ақын поэзиясының тақырыбы, жанры, идеясы, стилі, тілі, лексикасы, көркемдік əлемі хақында əдебиетші-тілші ғалымдар тарапынан жазылған үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар, зерттеу-монографиялар баршылық. Махамбет туралы ірі зерттеулер жүргізген ғалым-Қажым Жұмалиев. Ол Махамбет шығармашылығын зерттеп қана қойған жоқ,оны ел аузынан жинап, баспа бетінде жариялауда да қыруар іс тындырған. 1939 жылы ғалым Махамбет өлендерін жеке жинақ етіп кұрастырып, алғы сөзін жазып шығарады. 1948-1962 жылдар аралығында шыққан Махамбет өлеңдері жинағының толық нұсқасын құрастырып, алғы сөзін жазды. 1948, 1958 жылдары ақын өлеңдерінің орыс тілінде басылып шығуына ұйытқы болды, әрі Махамбет өлеңдерінің орысша-қазақша жинағын құрастырды. Бұл туралы Қ.Жұмалиев өзінің «Қазақ эпосы және әдебиет тарихының мәселелері» атты кітабында 1925 жылғы бірінші рет жеке жинақ болып шыққан күннен санағанда Махамбет өлеңдерінің қаншасы енгізілгенін, қаншасы енгізілмегенін, қаншасы жаңадан қосылғанын атап-атап көрсетеді. Жаңадан табылып,Махамбеттікі-ау делінген өлеңдердің кімдерден, қашан, қай жерде жазылып алынғаны туралы мәліметтер береді. Қ.Жұмалиев "Айқас" (1944), "Махамбет Өтемісұлы" (1948), "Қазақ әдебиетінің тарихы" (1961, II том, 1-кітап), "Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері" (1958), "XYIII -XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті" (1967) т.б. еңбектерінде Махамбет шығармашылығын ғылыми тұрғыдан талдап, оның қазақ әдебисті тарихынан алатын орнын айқындап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай Махамбет шығармашылығын саф күйінде келер ұрпаққа ұсынды.
Шын мәнінде Махамбет ел, халық жүрегінен мәңгілікке орын тапты. Оның жырлары елдің рухын көтеретін, ерлікке, елдікке бастайтын ұран іспетті. Сондықтан да болар халқымыз Махамбеттің есімін де, отты жырларын да қатты қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа рухани қазына ретінде аманаттап жеткізіп отырды. Махамбеттің қай өлеңін алсақ та, оның басты қызметі жас ұрпақты ерлікке патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Демек, оның шығармаларындағы айтылған ойлар, рухты жырлар бүгінгі педагогикадағы патриоттық тәлім-тәрбие беру мәселелерімен үндесіп жатыр. Махамбет өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәрбиенің сан-алуан салалары атап айтқанда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, елжандылық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады. Махамбет шығармаларының жастардың бойында жағымды адами қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыруда алатын орны ерекше. Дегенмен осындай тағылымдық, тәрбиелік мәнінің маңыздылығына қарамастан негізгі мектептерге арналған оқыту бағдарламасында Махамбеттің барлығы 3 шығармасы ғана берілген.
1-кесте
Орта мектепте оқытылатын Махамбет шығармалары
|
Сынып |
Бөлім атауы |
Шығармалар |
|
9 |
Тарихи шындық пен көркемдік шешім |
«Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», |
2-кесте
Орта мектепте оқытылатын Махамбет туралы шығарма
|
Сынып |
Бөлім атауы |
Шығармалар |
|
7 |
Ұрпақ тәрбиесі |
М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» |
Керісінше, 2020 жылы ҚР БжҒМ бекіткен «Абай мектептерінің» 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы тереңдетілген үлгілік оқу бағдарламасында Махамбет шығармаларын оқытуға ден қойылып, жүйелі берілгенін байқадық.
3-кесте
Абай мектептерінде Махамбет шығармаларының оқытылуы
Махамбет өлеңдерінің қайсын алсақ та асқақ арманды, елін сүйген жүректі, өшпес рухты сеземіз. Ақынның «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Мен, мен, мен едім» өлеңдерінің тағылымдық, тәрбиелік мәні бірдей- ақынның елжандылық, елсүйгіштік бейнесін таныту, асқақ арманы мен ел мүддесі үшін жасаған батырлық, ерлік істерін көрсету. Мысалы, «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» деген өлеңінде бірінші ақын «Өтемістен он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік» деп өзі туралы айта келіп,
деген жолдар арқылы еліне қызмет ету басты мақсаты екенін білдіреді. Әрі қарай кешегі Исатайдың барында «алақандай Нарынды бастаушы», «екі тарлан бөрі», ерегіскен дұшпанға атылған жебе» екенін айта келіп, арманын тағы да халық мүддесімен ұштастырады:
-
-
-
-
-
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік Ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
-
-
-
-
Бұл өлеңде назар аударатын нәрсе
-
-
-
-
-
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің ,
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көпке шақыртып,
Басын кессем деп едім.
-
-
-
-
Немесе
-
-
-
-
-
Еңсесі биік Ақ орда,
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін қиратып,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын кескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сырқаты - сары бал,
Сұраусыз ішсем деп едім. -
-
-
-
-
деп Баймағамбетке қарап айтылатын жолдардағы ақын ойын оқушыға дұрыс түсіндірудің қажеттілігі туындайды.
Нұсқаулық: Тарихтағы мәліметтерге сүйенсек, біріншіден, бұл өлеңдер Махамбеттің Исатайдан айрылып, іші қайғыдан жанып тұрған сәтінде айтылған. Сондықтан ақын
-
-
-
-
-
Көрмес, келмес деп едім,
Өз еркіммен бетімді - ай.
Есігіңнің алдына
Ұрмай, соқпай келтірген,
(Арманың бар ма құдайға)
Мынау Махамбет сынды «жетімді - ай»!-
-
-
-
-
деп «аһ» ұрады.
Екіншіден, тарихтағы Махамбет-Исатай бастаған ұлт-азаттық көтерілістің маңызы ерекше болды, бірақ көтерілісшілер халықтың шұрайлы жерлерінен айрылып, салықтың мөлшері көбейіп, т.б. әлеуметтік жағдайының нашарлауын отарлық езгіден емес патша жарлығын орындап отырған хандар мен болыстардан көріп, соларға шүйлігуі олардың қателігі болғандығын оқушыға түсіндіре кету керек.
Өлеңдегі өзіне қаратыла айтқан ауыр сөздерге онша мән бермей, Баймағамбет сұлтан «Бұлай айтпаса бұл Махамбет болар ма?!» депті деген шындыққа құрылған аңыз да оқушыға айтылуы тиіс. Мұның өзі болыстың Махамбетті батыр, ақын, жалпы халықтың азаматы ретінде құрметтегенін байқатады.
Аталған өлеңдерді оқытуда ақынның «Мен, мен, мен едім» өлеңінің терме ретінде орындалуы да оқушының шығарманы жеңіл қабылдауына септігін тигізеді. Әлеуметтік желіде аталған терменің Ғ.Құрманғалиевтің және басқа әншілердің орындауында аудионұсқалары бар. Қазіргі жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде Махамбеттің өр тұлғасын идеал ретінде ұсыну үшін бұл өлеңдердің маңызы зор. Ақынның «Мен-і» талданып, елін сүйген адамның портреті, бейнесі жасалады. Осы сабақта ақынға еліктеп оқушының өз «Мен-і» жасалуы «еліңді сүй», «Отаныңды сүй» деген құрғақ сөздерден гөрі анағұрлым нәтижелі болары сөзсіз.
М.Махамбетұлының «Мен, мен, мен едім», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңдерін талдау сабағында қолданылған «Домбыра әдісі».
1-сурет
Домбыра әдісі

Домбыраның шанағына - Махамбеттің миссиясы– еліне қызмет ету деп жазылады.
Домбыраның мойнына - Махамбет ақынның шын мәнінде еліне жасаған қызметін дәлелдейтін өлең жолдарын жазады.
Домбыраның құлағына - оқушының осы дәлелдерге келтірген тұжырымы, Махамбетке берген бағасы жазылады: Махамбет-елін шексіз сүйген ақын, әрі батыр.
Сабақта осылайша балалардың табиғатына жақын, ұлттық түсінігіне сай домбыра әдіс-тәсіл ретінде қолданудың біріншіден, сабақтың тақырыбымен үндес тағылымдық мәні бар: Махамбеттің ақын ғана емес батыр, әрі күйші болғанын аңғартады. Екіншіден, елжандылық деген ол халықтың дәстүріне құрметпен қарау екенін де байқатады.
Махамбет-ұлт тарихында батырлығын ақындығы асқақтатқан, өмірімен де өлеңімен де өршіл рухтың өнегесін салып кеткен ақын. Елжанды деп өз тағдырын ел тағдырымен қатар қойып, өз бақытын ел бақыты деп санайтын адам десек, Махамбет, шын мағынасында осындай тұлға болған. Махамбеттің батырлық даңқын ақындығы арттырып, сөз саптауы мен бейнелі сөз қолданыстарымен ерекшеленіп, өзіндік стилі мен қолтаңбасын жазбай танитын жыршы атанды. Тәрбиенің күшті құралдарының бірі сөз десек, Махамбет сөздері елін сүйетін ұлан тәрбиелеуде таптырмас құрал болып отыр.
Ақынның қай өлеңін аласақ та ел мүддесін, халық мұратын, азаматтың парызын алға тартады. Мектеп бағдарламасында берілген ақынның «Мен, мен, мен едім», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым», «Ерлердің ісі бітер ме?», ««Мен-құстан туған құмаймын» өлеңдері жоғары пафоста жазылған, ерлік пен елдікті насихаттайтын тәрбиелік мәні жоғары шығармалар болып табылады. Махамбет заманында бұл өлеңдер азаттыққа үндейтін, бостандық, еркіндік үшін күрестерге рухтандыратын азаттық жырлары болса, бүгінгі күні де маңызын жоймай, тәуелсіздігімізді, елдікті сақтап қалуды аманаттайтын, жүрекке жеткізіп айтар әсері бар асыл мұра ретінде танылып отыр. Шын мәнісінде, Махамбет ақынның өлеңдеріндегі әсері күшті сөздер ұлттық намыс, ұлттық мақтаныш, жігер, өрлік тудыруда магиялық күшке ие теңдесі жоқ құнды дүние болып қала береді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Он төртінші наурыз. Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы, Атырау қаласы. https://quryltai.kz/kk/
-
Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.-Алматы: Санат, 1994.-416 бет.
-
Сыдиықов Қ. Махамбет жинағы қалай құрастырылды. // Қазақ әдебиеті, - 1990. – 12 қазан.
-
Өтемісұлы М. Ереуіл атқа ер салмай. – Алматы: Жазушы, 1989. – 14-16 бет.
-
Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы еңбектері.- Астана: Астана-Полиграф, 2008.-400 бет.
-
Жұмалиев Қ. Махамбет Өтемісовтің өмірі. Махамбет Өтемісұлы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. – 121бет.
-
Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры.- Алматы, Жазушы, 1987-252 бет.
-
Әнес С. Исатай, Махамбет тарихы.- Алматы: Өлке, 2003.- 250 бет.
-
Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. 2 т. – Алматы: Жазушы, 1993. – 458 бет.
-
Есім Ғ.Махамбет поэзиясындағы ерлік философиясы:Махамбет поэзиясындағы ерлік пен елдік рухы және қазіргі дәуір: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2003.-520 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз