Материалдар / 10-сынып. Қазақ әдебиеті. Бөлім: Заман – дәуір тұлғасы. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел той» әңгімесін оқығаннан кейін туған ойлар...
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

10-сынып. Қазақ әдебиеті. Бөлім: Заман – дәуір тұлғасы. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел той» әңгімесін оқығаннан кейін туған ойлар...

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып. Қазақ әдебиеті. Бөлім: Заман – дәуір тұлғасы. Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел той» әңгімесін оқығаннан кейін туған ойлар...
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2024
76
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 10-сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

Бөлім: Заман – дәуір тұлғасы.

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел той» әңгімесін оқығаннан кейін туған ойлар...

Оқу мақсаттары:

10.2.2.1. шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;
10.2.4.1. көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың тұжырымдамасы негізінде шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды. Шығармадағы кейіпкерлерді талдап, шығарма жазады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың тұжырымдамасы негізінде шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды Шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды, өзіндік көзқарасын білдіріп, шығарма, әңгіме жазады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Әдеби шығарманың тұжырымдамасы негізінде шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау жолдарын біледі. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдайды, өз ойын дәлелді келтіріп, әдеби тақырыптарға шығарма, өлең жазады.


Бағалау критериі:

Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;

Көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2, 3- тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, қымбатты 10-сынып оқушылары!

Қазақ әдебиеті сабағына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесіндегі өмір шындығы мен «Тәуекел той» әңгімесін оқығаннан кейін туған ойлар...

Бүгінгі сабақта: шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындай білесіңдер. Көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірлеріңді қосып, шығармашылық жұмыс жазасыңдар.

Сіздердің білетіндеріңіз: Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесінің мазмұны, авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайсыңдар, кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді талдап, әдеби шығарма жазасыңдар.


Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын бақылайды.



Презентация


3 минут

Тапсырмалар

1-тапсырма.

«Екі жақты күнделік» әдісі

Шығармадан үзінді

Өз пікірім

- А, жиен, тойың құтты болсын. Сеннен немді аяйын,тойыңа құнан қой әкелдім, қабыл ал, - деп күркіреді Сарыбай.

Құйрықты қазақы қой екен, Керімқұл ішінен: «Он мың болып қалар» деп есепке салды. Ораза кезі болса, бағасы одан да жоғары көтерілер еді, бірақ Ораза айы әлі алыста.



- Қонақтар тұрып қалды. Бастамаймыз ба, көке, - деп сыбырлады асаба.

Керімқұл оны танымай қалғандай біртүрлі таңдана қарап барып, лезде есін жиып: - Кісілер келіп болған жоқ. Сен ән салып, домбыра тартып, жұртты алдаңқырата тұр, - деді.

- Көке, өзіңіз айтқан соң екі әншіні ерте келіп едім, ақысын жемейсіз ғой.

Күйіп тұрған Керімқұл: - Миды ашытпай қоя тұршы, - деп тағы да аспанға қарады.



Дескриптор:

Шығармадағы кейіпкерлердің

іс-әрекеттерін талдайды;

өз пікірін білдіреді.


Дұрыс жауап.


Шығармадан үзінді

Өз пікірім

- А, жиен, тойың құтты болсын. Сеннен немді аяйын,тойыңа құнан қой әкелдім, қабыл ал, - деп күркіреді Сарыбай.

Құйрықты қазақы қой екен, Керімқұл ішінен: «Он мың болып қалар» деп есепке салды. Ораза кезі болса, бағасы одан да жоғары көтерілер еді, бірақ Ораза айы әлі алыста.


Аққөңілділік пен

соқыр

дүниеқоңыздық


- Қонақтар тұрып қалды. Бастамаймыз ба, көке, - деп сыбырлады асаба.

Керімқұл оны танымай қалғандай біртүрлі таңдана қарап барып, лезде есін жиып: - Кісілер келіп болған жоқ. Сен ән салып, домбыра тартып, жұртты алдаңқырата тұр, - деді.

- Көке, өзіңіз айтқан соң екі әншіні ерте келіп едім, ақысын жемейсіз ғой.

Күйіп тұрған Керімқұл: - Миды ашытпай қоя тұршы, - деп тағы да аспанға қарады.


Асабалық салты мен жанын жалдау,

кісі ақысын жеу




Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындағандығын тексереді.


Оқушыларға бағыт-бағдар береді.







3 минут

Тапсырмалар

2-тапсырма.

«Бес жолды өлең»

Кім?

Қандай?

Не істеді?

Сөйлем

Синоним


Дескриптор:

Шығармадағы басты

кейіпкерге

сипаттама береді;

өз пікірін білдіреді.

Дұрыс жауап.

Кім? Керімқұл

Қандай? Дүниеқоңыз, ысырапшыл.

Не істеді? Тәуекелге барды, той жасады, үміттенді.

Сөйлем Керімқұл бес жүз адам шақырып, той өткізді.

Синоним Даңғой.



















3 минут



3-тапсырма.

Тойдың жақсы және кері жақтарына ойыңды білдір.

Жақсы жақтары

« + »

Кері жақтары

« - »




Дескриптор:

Авторлық идеяның
өмір шындығымен
байланысын айқындайды

Дұрыс жауап

Жақсы жақтары

« + »

Кері жақтары

« - »

Шаңырақ көтеру;

қуаныш, жақсылықты бөлісу;

ағайын, туыс, жекжаттың басын қосу.


Даңғойлық; мақтаншақтық; бақталастық; бәсекелестік;

арзан атақ; ысырапшылдық.






3 минут

Бекіту

Тапсырма

«Түсіндірме күнделік» әдісі.

Шығармадағы той мен қазіргі уақыттағы өткізіліп жатқан тойды салыстырыңдар


Шығарма-дағы той көрінісі


Ұқсастықтары

Қазіргі уақыттағыөткізіліп жатқан той






Дескриптор:

өз пікірін білдіреді; тойлардың өткізу үрдістерін салыстырады.


Дұрыс жауап


Шығармада-

ғы той көрінісі

Ұқсастықтары

Қазіргі уақыттағыөткізіліп жатқан той


«Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады.


Бәсекелестік,

даңғойлық,

ысырапшылдық


Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы бүгінгі күннің шындығы.



















































7 минут


ТАПСЫРМА

Шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірлеріңді қосып, шығармашылық жұмыс

(әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазыңдар.


Дескриптор:

Шығармадағы көтерілген мәселелерге

талдау жасайды;

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!