Материалдар / 10 сынып ҚГБ -2тоқсан ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10 сынып ҚГБ -2тоқсан ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
2-тоқсан ҚГБ -10 сынып толық ҚМЖ 87754645084
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2024
166
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:

Биология

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге қатынасының маңызы.

Оқу мақсаты:

10.1.3.2 беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

- Беттік аудан мен көлем қатынасының тірі ағзаларда және физикалық нысандарда маңызды рөл атқаратынын түсіндіру.

- Зерттеу арқылы диффузия және салқындату процестеріндегі бұл қатынастың әсерін көрсету.

Құндылықтар

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы-0-5мин

. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгелдеу

3.Зейіндерін сабаққа аудару


2. “Кубизм” әдісі арқылы оқушылар кубиктегі бейнелерге қарай отырып,бір-біріне тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды «Әлеуметтік желілер» әдісі бойынша топтастыру.

Топтар:

1-Инстаграм

2- Тик ток

3-топ Телеграмм


Оқушылар сәлемдесіп,өз орындарына жайғасады.



Оқушылыр бір-біріне жақсы тілек айтады.

Оқушылар өздеріне ұнаған бір әлеуметтік желіні таңдап алып,

сол бойынша 2 топқа бөлінеді.


Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!


Бүгінгі сабақта тек 10балл



5-10мин

Тақырыпты ашу сұрақтары:

  1. Неліктен кейбір ағзалар ірі, ал кейбіреулері ұсақ болады?

  2. Аспан денелерінің көбісінің не себептен домалақ пішінді екенін қалай түсіндірер едіңіз?

  3. Неліктен Орталық Азия елдерінде шай кеседе ішіледі, ал Еуропа мен Ресейде әдетте стакан қолданылады?


Қызықты суретпен жұмыс:

  • Әр түрлі пішіндегі геометриялық фигуралар (шар, куб, цилиндр) және олардың беттік аудандары мен көлемдерін салыстыру суреттері.

  • Жалпақ және жіңішке денелердің (мысалы, жапырақтар мен құлақтар) сыртқы ортамен қалай байланысатынын көрсететін суреттер.


Оқушылар ірі және ұсақ ағзалар арасындағы айырмашылықтарды өз білімдерімен байланыстырып, ой бөліседі. Мысалы, ағзаның көлемі оның өмір сүру ортасына және қажеттіліктеріне қалай әсер ететіні туралы өз ойларын айтады.

Оқушылар аспан денелерінің домалақ пішіні ауырлық күші әсерінен болатынын болжайды және табиғаттағы басқа мысалдармен салыстырады.

Дескриптор: Ағза көлемінің зат алмасу, қорек алу және сыртқы ортаға бейімделу қажеттілігімен байланысын анықтайды.

Беттік ауданы мен көлемі әртүрлі геометриялық пішіндердегі айырмашылықтарды сипаттайды және олардың зат алмасу процесіне әсерін түсіндіреді.-2балл

https://youtu.be/Gg6b87LnjwE

Сабақтың ортасы 10-20мин

Тапсырма: Топтық зерттеу

Тапсырма сипаттамасы: Оқушылар топтарға бөлініп, беттік ауданның көлемге қатынасының үлкен және кіші ағзалар үшін маңызын зерттейді. Олар әр түрлі пішіндегі денелердің (мысалы, сфералық, куб, цилиндр) қоршаған ортамен байланысын талқылайды және қандай пішіннің сыртқы ортамен жақсы байланыста болатынын анықтайды.

Коммуникативтік дағдылар:

  • Топ ішінде өз ойларын еркін білдіреді және басқалардың пікірін құрметтейді.

  • Пікірталас барысында өз ойын дәлелдермен негіздейді және өз шешімін қорғайды.


Әр топ беттік ауданның көлемге қатынасы туралы теорияны оқиды.

Оқушылар бұл қатынастың үлкен және кіші ағзалар үшін қалай әсер ететінін анықтап, негізгі ойларын жазып алады.

Әр топ сфералық, куб, цилиндр пішініндегі денелердің беттік ауданын және көлемін есептейді.


Дескрипторлар:

Оқушылар беттік ауданның көлемге қатынасы ұғымын дұрыс түсінеді және түсіндіреді.

Беттік ауданның көлемге қатынасының ағзалардың тіршілігіндегі маңызын түсіндіреді.-2балл

.




Жеке жұмыс жағдаяттық тапсырма

Суық климаттық аймақтарда ірі денелі жануарлардың беттік аудан/көлем қатынасы төмен болады, бұл дене ішіндегі жылуды ұзақ сақтауға көмектеседі. Бұл жағдайда ірі дене жылуды аз жоғалтады, осылайша жануарлар суықтан жақсы қорғалады.

Мысалдар келтіріңіз, сызбасын сызып көрсетіңіз

«Қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктері»

Суретке талдау жасау, сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Салыстыру және талдау
    Суретте үш түлкінің (шөлде мекендейтін, қалыпты климаттағы, климаттағы климаттағы) ерекшеліктері көрсетілген. Осы түлкілердің құлақтарының, аяқтарының және киімдерінің айырмашылығын сипаттаңыз. Әр түлкі неге дәл осылай құрылған деп ойлайсыз?

  2. Себеп-салдар байланысын анықтау
    қандай климатта түлкілердің құлақтары үлкен, және неге? Алыс климаттағы түлкілердің құлақтары неге кішірек деп ойлайсыз? Осы қоршаған ортамен байланысын түсіндіріңіз.

  3. Талқылау
    Шар және жалпақ денелердің қоршаған ортамен байланысы туралы не хабардар?
    Оқушылар екі фигураны тексеріп, олардың қандай тиімді екенін талқылайды.


Оқушылар берілген мәтінді қолдана отырып жауар түрлерін мысал келтіреді. Сызба сызып талдайды

Дескриптор:

-суретті қолданады

-сызбамен дәлелдейді-2балл





Талдау:

Неліктен көпжасушалы ағзалардың көбісі жалпақ емес, дөңгелек пішінді болады?

Жауап: Дөңгелек пішінді ағзаларда беттік аудан/көлем қатынасы төмен, бұл ағзаның жылуды жақсы сақтауға мүмкіндік береді және ішкі мүшелерді қорғайды. Көпжасушалы ағзалар үшін ішкі құрылымдардың тұтастығын сақтау маңызды, сондықтан олар көбінесе дөңгелек пішінге ие болады.

Солтүстік және тропиктік аймақтардағы жануарлар үшін белгілі бір пішіндер мен дене мөлшерінің қалыптасу себептері туралы өз пікіріңізді білдіріңіз.

Жауап: Солтүстік аймақтардағы жануарлар көбінесе үлкен денелі және шағын беттік аудан/көлем қатынасына ие, бұл оларды суықтан қорғайды. Ал тропиктік аймақтарда жануарлардың беттік аудан/көлем қатынасы жоғары болады, себебі олар артық жылуды жеңіл шығара алады.


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беер отырып талдау жүргізеді

Дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді-2балл



Бекіту тапсырмасы Синтез:

1.Беттік ауданның көлемге қатынасы диффузия жылдамдығына қалай әсер етеді?

Жауап: Беттік аудан/көлем қатынасы жоғары болғанда, заттардың диффузиясы тез жүреді, себебі молекулалар үшін қажетті беткі алаң үлкенірек болады. Көлем ұлғайған сайын бұл қатынас азаяды, сәйкесінше диффузия жылдамдығы төмендейді.

2.Ағзаларда белгілі бір пішіндер мен мөлшердің қалыптасуының эволюциялық маңызы қандай? Егер ағзалар диффузияны жылдамдатқысы келсе, олардың пішіні мен мөлшері қалай өзгеруі керек?

Жауап: Эволюциялық тұрғыдан беттік аудан/көлем қатынасы ағзаның өмір сүру жағдайына бейімделуіне байланысты қалыптасады. Егер ағзалар диффузияны жылдамдатқысы келсе, олардың пішіні жалпақ немесе тар болу керек, ал көлемін кіші ұстауы қажет. Мысалы, жалпақ жапырақтардың беттік ауданы үлкен болғандықтан, олар тиімді фотосинтез жасайды.


Синтез бөлімінің сұрақтарын талдап жауаптарын ұсынады

Дескриптор:

-дұрсы жауаптарын айтады-2балл


Сабақтың соңы

3минут

Кері байланыс

минут

2-минут


Үй тапсырмасы


«Білім баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Үй тапсырмасы:


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
























































Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:

10.2 Заттардың тасымалдану

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

4.Зертханалық жұмыс «Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау».

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


Сабақтың мақсаты

Жасушаның беттік ауданы мен көлемінің арақатынасын есептеу арқылы жасуша өлшемінің зат алмасу үдерістеріне әсерін түсіндіру.

Құндылықтар


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

/10 мин/










Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу

.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлудің тиімді әдістерін қолдану

http://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ сайт арқылы жүзеге асыру кезінде көрініс табады:





Оқушылар «шаттық шеңбері» әдісі арқылы видео көріп бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Топқа саиттагы генератор арқылы бөлінеді

Оқушылар 3- топқа бірігеді.

1-топ

2-топ

3Shape1

19

-топ


Оқушылар мағынаны білу үшін сұрақтарға жауап береді


Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!




Топтастыру

http://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ онлайн генератор арқылы жүзеге асады

https://www.youtube.com/watch?v=tpbgMed8BSA

ютуб каналдан вид








. Кіріспе (10 минут)

  1. Қызығушылықты ояту:

    • Мұғалім: «Неліктен жасушалардың көпшілігі кішкентай?» деген сұрақ қояды.

    • Оқушыларға беттік аудан/көлем қатынасының маңызын түсіндіру үшін аналогияларды қолданады (мысалы, үлкен және кіші қораптардың бетіне қатысты көлемді салыстыру).

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау:

    • Оқушыларға сабақтың мақсаттарын түсіндіру және сабақ соңында олардың нені білуі керектігін айтып өту.


 Жасуша өлшемінің беттік аудан/көлем қатынасына әсерін сипаттайды.

 Зертханалық жұмыс барысында жасушаның беттік ауданын, көлемін және олардың қатынасын есептей алады.

 Беттік аудан/көлем қатынасының жасушаға қоректік заттардың өту жылдамдығына әсерін түсіндіреді.

Сабаққа белсене араласқан оқушыларға қошемет сөздермен ынталандыру


Соңы/10 мин

Зертханалық жұмысқа нұсқаулық беру:

  • Оқушыларды жұмыс барысымен таныстырып, жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды көрсетеді.

  • Құрал-жабдықтар: пластилин немесе текше формалы үлгілер, сызғыш, калькулятор.

Жұмыс барысы:

  • Оқушылар әртүрлі көлемдегі текше тәріздес «жасушалар» (мысалы, пластилин текшелері) жасап, олардың өлшемдерін өлшейді.

  • Әр текшенің беттік ауданы мен көлемін есептейді.

    • Беттік аудан: 6 × (қырының ұзындығы)^2.

    • Көлем: (қырының ұзындығы)^3.

  • Әр текше үшін беттік аудан/көлем қатынасын анықтайды.

Талдау және түсіндіру:

  • Әр топ өз нәтижелерін сыныппен бөлісіп, үлкенірек жасушаларда беттік аудан/көлем қатынасының азайып, кіші жасушаларда арта түсетінін талқылайды.

  • Мұғалім осы қатынастың жасушаларға зат алмасу мен тасымалдау үдерістерінде қалай әсер ететінін түсіндіреді.


Жасушаның беттік ауданы мен көлемін дұрыс есептейді.

Беттік аудан/көлем қатынасының жасуша өлшеміне қалай әсер ететінін түсіндіре алады.

Есептеулер мен талдауды дұрыс жүргізеді.

.Жасуша үлгілерін жасау және өлшемдерін өлшеу

Әртүрлі көлемдегі текше тәріздес үлгілерді (пластилин текшелерін) жасау.

Әр текшенің қырының ұзындығын дәл өлшеу.

Барлығы 10балл





Қорытынды талқылау:

  • Сабақтың негізгі түсініктерін қорытындылау.

  • Сұрақтар:

    • Неліктен жасушалар өте үлкен болмайды?

    • Жасушаның беттік аудан/көлем қатынасы зат алмасу үдерістеріне қалай әсер етеді?

  • Рефлексия:

    • Оқушыларға сабақ бойынша 1-2 сөйлеммен өз пікірлерін жазып шығуды ұсыныңыз.



Оқушылар тақырыпты талдап қоыртындылайды



Кері байланыс орнатады

Сұрақтарға жауап береді






















Пәні:

Биология

Бөлім:

10.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10



Сабақтың тақырыбы:

13.Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.

Оқу мақсаты:


Сабақтың мақсаты:

10.1.3.3 пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

Құндылықтар

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы-0-5мин

. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгелдеу

3.Зейіндерін сабаққа аудару


2. “Кубизм” әдісі арқылы оқушылар кубиктегі бейнелерге қарай отырып,бір-біріне тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды «Әлеуметтік желілер» әдісі бойынша топтастыру.

Топтар:

1-Инстаграм

2- Тик ток

3-топ Телеграмм


Оқушылар сәлемдесіп,өз орындарына жайғасады.



Оқушылыр бір-біріне жақсы тілек айтады.

Оқушылар өздеріне ұнаған бір әлеуметтік желіні таңдап алып,

сол бойынша 2 топқа бөлінеді.


Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!


Бүгінгі сабақта тек 10балл



5-10мин

Алдыңғы білім

Тапсырма: Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері

Тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 1.1. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы дегеніміз не? 1.2. Бұл қатынас неліктен жасушалардың диффузия арқылы заттарды тасымалдау қабілетіне әсер етеді? 1.3. Эритроцит жасушасының пішіні мен беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы қан айналымындағы оттегі тасымалдауына қалай әсер етеді?

Тапсырма: Төмендегі кестеде көрсетілген әртүрлі денелердің беттік ауданын және көлемін пайдаланып, олардың беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын есептеңіз. Қатынас олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіріңіз.

Дененің түрі

Радиус (см)

Беттік ауданы (см²)

Көлемі (см³)

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы

Сфера

1




Сфера

2




Текше

1




Текше

2




Тапсырма: Эритроцит жасушасының диаметрі шамамен 7.5 микрометр, ал оның қалыңдығы шамамен 2 микрометр деп есептеңіз. Эритроциттің беттік ауданы мен көлемін есептеп, беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтаңыз. Бұл қатынастың оттегі тасымалдауға әсерін түсіндіріңіз.


 Оқушы беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының анықтамасын жазады.

 Оқушы бұл қатынастың жасушалардың диффузия арқылы заттарды тасымалдау қабілетіне әсерін түсіндіреді.

 Оқушы эритроцит жасушасының пішінінің оттегі тасымалдауына қалай әсер ететінін сипаттайды.

Дескрипторлар:

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының анықтамасын дұрыс береді.

Бұл қатынастың диффузия процесіне әсерін түсіндіреді.

Эритроцит жасушасының пішінін және оның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын сипаттайды.

Қатынас пен оттегі тасымалдау арасындағы байланысты түсіндіреді.-2балл

балл



Тақырыпты ашу сұрақтары

С ұрақтар:

Енжар тасымалдау дегеніміз не? Ол қандай жағдайда жүреді?
Жауап: Енжар тасымалдау — заттардың энергия шығынынсыз, градиент концентрациясы бойынша тасымалдануы.

Белсенді тасымалдау механизмінің негізгі ерекшелігі қандай?
Жауап: Белсенді тасымалдау жасуша энергиясын қажет етеді және градиентке қарсы тасымалдау жүреді.

Серттерді қолдана отырып сұрақтарға болжамды жауаптарын ұсынады

Жарайсыздар

Ұтымды жауап

Мұғалім қошеметі




Сәйкестігін тап тапсырмасы

Төмендегі сөздер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіріңіз.

Сөздер:

Диффузия

Осмос

Белсенді тасымалдау

Фагоцитоз

Анықтамалар:

А. Заттардың мембрана арқылы энергия жұмсамай градиент концентрациясына сәйкес өтуі.

B. Заттардың энергия жұмсап градиентке қарсы тасымалдануы.

C. Жасушаның сырттан заттарды алып, оларды ішке енгізу процесі.

D. Молекулалардың концентрациясы жоғары аймақтан концентрациясы төмен аймаққа өту процесі.


Оқушы тақырыптық ұғымдарды дұрыс сәйкестендіреді.

Тақырып бойынша ұғымдарды толық түсінеді.


Дескрипторлар:

Оқушы тақырыптық ұғымдарды дұрыс сәйкестендіреді.

Тақырып бойынша ұғымдарды толық түсінеді.-2балл



Қолдану

  1. Физикалық үдерістер осмос пен диффузияны, тіршілікті қамтамасыз ететін биологиялық жағдайлардың арасындағы байланысты анықтаңдар.

Осмос пен диффузия жасушалардағы зат алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Мысалы, өсімдіктердің тамыры арқылы судың сіңірілуі осмос арқылы жүреді, ал оттегі мен көмірқышқыл газының газ алмасуы диффузия арқылы жүзеге асады.

  1. Тірі және жансыз табиғаттағы осмос пен диффузия үдерістерін салыстырыңдар.

Тірі табиғатта: Осмос өсімдік жасушаларында су балансын сақтайды, ал диффузия жасуша мембранасы арқылы газдардың, иондардың және басқа да заттардың қозғалысын қамтамасыз етеді.

Жансыз табиғатта: Диффузия газдар мен сұйықтықтардың концентрацияларын теңестіру үшін жүреді, мысалы, ауадағы иістердің таралуы немесе тұздың суда еруі. Осмос жартылай өткізгіш мембраналар арқылы судың қозғалысын қамтиды, мысалы, су мен тұзды ерітінді арасындағы судың қозғалысы.


Оқушылар жұптаса отырып қолдану бөлімінің тапсырмаларын оырндайды

Дескирптор:

-байланыстарды анықтайды-балл

-салыстырады-2балл


Сабақтың соңы

3минут

Кері байланыс

минут

2-минут


Үй тапсырмасы


Синтез

Төмендегі критерийлерді қолданып, заттардың тасымалдануының әртүрлі түрлерін жүйеге келтіріңдер:

  1. Энергия жұмсайтын: Белсенді тасымалдау (мысалы, Na+/K+ сорғысы).

  2. Мембранадағы құрылысы:

    • Каналдар: Иондық каналдар арқылы иондардың тасымалдануы.

    • Липидті қабат: Майда еритін заттардың диффузиясы.

    • Сацылаулар: Су және кішкентай молекулалардың аквапориндер арқылы өтуі.

  3. Тасымалданудың бағыты:

    • Енжар тасымалдау: Жоғары концентрациядан төмен концентрацияға қарай.

    • Белсенді тасымалдау: Төмен концентрациядан жоғары концентрацияға қарай.

  4. Жасуша пішінінің өзгеруі:

    • Белсенді тасымалдау кезінде АТФ энергиясын пайдалану арқылы мембраналық белоктардың конформациясы өзгереді.

Бағалау

Тірі ағзалар үшін осмос және диффузия құбылыстарының табиғатының маңызын түсіндіріңдер.

Осмос және диффузия құбылыстары тірі ағзалардың өміршеңдігі үшін өте маңызды. Осмос жасушаларда су балансын сақтауға көмектеседі, бұл жасушалардың дұрыс жұмыс істеуіне қажет. Диффузия жасушаларға қажетті заттарды (мысалы, оттегі) тасымалдауға және қажетсіз заттарды (мысалы, көмірқышқыл газын) шығаруға мүмкіндік береді. Бұл процестер жасушалардың өміршеңдігін және жалпы ағзаның денсаулығын қамтамасыз етеді.


Оқушылар берсілген синтез бөлімінің тапсырмасын бірігіп анықтайды

Энергияныі жұмсайтын тасымалдану түрін ажыратады


Бағата мен өжасуша пішінін анықтайды


Тірі ағзалардағы маңызын ажыратады

Дескриптор:


Энергияныі жұмсайтын тасымалдану түрін ажыратады


Бағата мен өжасуша пішінін анықтайды


Тірі ағзалардағы маңызын ажыратады-2балл


Тапсырма: Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері
  1. Тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 1.1. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы дегеніміз не? 1.2. Бұл қатынас неліктен жасушалардың диффузия арқылы заттарды тасымалдау қабілетіне әсер етеді? 1.3. Эритроцит жасушасының пішіні мен беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы қан айналымындағы оттегі тасымалдауына қалай әсер етеді?

  2. Тапсырма: Төмендегі кестеде көрсетілген әртүрлі денелердің беттік ауданын және көлемін пайдаланып, олардың беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын есептеңіз. Қатынас олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіріңіз.

Дененің түрі

Радиус (см)

Беттік ауданы (см²)

Көлемі (см³)

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы

Сфера

1




Сфера

2




Текше

1




Текше

2




  1. Т апсырма: Эритроцит жасушасының диаметрі шамамен 7.5 микрометр, ал оның қалыңдығы шамамен 2 микрометр деп есептеңіз. Эритроциттің беттік ауданы мен көлемін есептеп, беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтаңыз. Бұл қатынастың оттегі тасымалдауға әсерін түсіндіріңіз.

Жауаптар:

1.1. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы - бұл дененің беттік ауданының оның көлеміне қатынасы. Бұл қатынас дененің формасына байланысты және кіші көлемдегі денелерде әдетте үлкен болады.

1.2. Диффузия - бұл молекулалардың жоғары концентрациядан төмен концентрацияға қарай қозғалу процесі. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасы жоғары болса, жасуша немесе дене молекулалармен алмасу үшін үлкенірек беттік ауданы болады. Бұл дегеніміз, үлкен қатынас молекулалардың жылдамырақ және тиімдірек тасымалдануына мүмкіндік береді.

1.3. Эритроцит жасушасының пішіні (екі жақты ойыс диск) оның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын үлкейтеді. Бұл пішін эритроциттердің оттегіні тезірек және тиімдірек тасымалдауына мүмкіндік береді, өйткені үлкен беттік аудан газ алмасу процесін жылдамдатады.

Түсіндіру: Эритроциттің үлкен беттік ауданы оның көлеміне қатысы жоғары емес болғанымен, ерекше пішіні оның оттегіні тиімді тасымалдауына мүмкіндік береді. Пішінінің арқасында эритроциттер капиллярлар арқылы оңай өтеді және оттегіні ұлпаларға тез жеткізеді.






[Енжар тасымалдау]

- Жоғары концентрация ----------------> Төмен концентрация

- Мысалы: Диффузия, Осмос


[Белсенді тасымалдау]

- Төмен концентрация ----(Энергия)----> Жоғары концентрация

- Мысалы: Na+/K+ сорғысы




Пәні:

Биология

Бөлім:

10.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10



Сабақтың тақырыбы:

13.Пассивті тасымалдау механизмі:қарапайым тасымал, мембраналық каналдар арқылы диффузия, жеңілдетілген диффузия.БЖБ№3

Оқу мақсаты:


Сабақтың мақсаты:

10.1.3.3 пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру

Құндылықтар

  • Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы-0-5мин

. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгелдеу

3.Зейіндерін сабаққа аудару


2. “Кубизм” әдісі арқылы оқушылар кубиктегі бейнелерге қарай отырып,бір-біріне тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды «Әлеуметтік желілер» әдісі бойынша топтаст

Оқушылар сәлемдесіп,өз орындарына жайғасады.



Оқушылыр бір-біріне жақсы тілек айтады.

Оқушылар өздеріне ұнаған бір әлеуметтік желіні таңдап алып,

сол бойынша 2 топқа бөлінеді.


Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!


Бүгінгі сабақта тек 10балл





5-10мин

Талдау

  1. Жасушадан және жасушаға заттардың белсенді әрі енжар тасымалдануын сызба түрінде бейнелеңдер.

Сызба:

[Енжар тасымалдау]

- Жоғары концентрация ----------------> Төмен концентрация

- Мысалы: Диффузия, Осмос


[Белсенді тасымалдау]

- Төмен концентрация ----(Энергия)----> Жоғары концентрация

- Мысалы: Na+/K+ сорғысы

  1. Жасуша мембранасы жартылай өткізгіш екеніне мысалдар келтіріп, дәлелдеңдер. Қандай заттар енжар түрде тасымалданады? Себебін түсіндіріңдер.

Жасуша мембранасы жартылай өткізгіш, себебі ол кейбір молекулаларды өткізеді, ал басқаларын өткізбейді. Мысалы, су молекулалары, оттегі және көмірқышқыл газы мембрана арқылы енжар түрде (диффузия арқылы) өтеді, өйткені бұл молекулалар кішкентай және полярсыз. Ал, иондар мен үлкен полярлы молекулалар (мысалы, глюкоза) белсенді тасымалдауды қажет етеді.


Оқушылар талдау бөлімінң тапсырмаларын ауызша оырнадйды


Мысалдар келтіріп дәлелдейді

Дескриптор:

Сызбасын сызады-1балл

-енжар тасымалданатын заттарға мысал келтіреді-1балл



Суретті талдау тапсырмасы

Суретте көрсетілген мембрана арқылы заттардың тасымалдануын сипаттаңыз.

Мембранадағы ақуыз каналдары қандай рөл атқарады?

Иондар мембрана арқылы қалай өтеді?

Ион сорғыларының жұмысы туралы түсіндіріңіз.

И он сорғылары қандай бағытта және қандай механизм арқылы иондарды тасымалдайды?

Бұл процесс диффузия заңдарына қалай қайшы келеді?

Мембрананың электр зарядының жасуша тіршілігіне әсері қандай?

Неліктен тірі жасушалардың мембранасы үнемі зарядталған болады?

Жасуша тіршілігін жойған кезде мембранадағы энергия деңгейі қалай өзгереді?

Суретте көрсетілген жасуша мембранасының құрылымын пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Мембрананың ішкі және сыртқы жағының зарядтары қандай?

Суретте көрсетілген молекулалар қандай заттар болуы мүмкін және олар қалай тасымалданады?


Мембрана арқылы заттардың тасымалдануын сипаттау.

  • Мембранадағы ақуыз каналдарының рөлін түсіндіреді.

  • Иондардың мембрана арқылы өту механизмін сипаттайд

 Ион сорғыларының иондарды қандай бағытта және қандай механизм арқылы тасымалдайтынын түсіндіреді.

 Бұл процестің диффузия заңдарына қайшы келетінін түсіндіреді.

Дескрипторлар:

  • Мембранадағы ақуыз каналдарының рөлін дұрыс түсіндіреді.

  • Иондардың мембрана арқылы қалай өтетінін дұрыс сипаттайды.

Ион сорғыларының жұмыс бағытын және механизмін дұрыс түсіндіреді.

Белсенді тасымалдаудың диффузия заңдарына қайшы келетінін түсіндіреді.


Барлығы -4балл




Тапсырма:

  1. Суреттегі процестердің атауларын көрсетіңіз.

  2. Ф агоцитоз, пиноцитоз және экзоцитоз ұғымдарын түсіндіріңіз.

  3. Суретке қарап, заттардың жасушаға ену және шығу жолдарын сипаттаңыз.

  4. Белсенді тасымалдау үрдісіне энергия жұмсалатынын түсіндіріп, мысал келтіріңіз.


Оқушылар берілген суреттегі белсенді тасымалдау қызметінің сызбасын түсіндіреді мысал келтіреді

Дескрипторлар:

Фагоцитоз, пиноцитоз және экзоцитоз ұғымдарын дұрыс түсіндіреді.

Заттардың ену және шығу жолдарын нақты сипаттайды.

Белсенді тасымалдау үрдісін және оның ерекшеліктерін дұрыс анықтайды.

-2балл



БЖБ тапсырмасы




Сабақтың соңы

3минут

Кері байланыс

минут

2-минут


Үй тапсырмасы






Суретті талдау тапсырмасы

Суретте көрсетілген мембрана арқылы заттардың тасымалдануын сипаттаңыз.

М ембранадағы ақуыз каналдары қандай рөл атқарады?

Иондар мембрана арқылы қалай өтеді?

Ион сорғыларының жұмысы туралы түсіндіріңіз.

Ион сорғылары қандай бағытта және қандай механизм арқылы иондарды тасымалдайды?

Бұл процесс диффузия заңдарына қалай қайшы келеді?

Мембрананың электр зарядының жасуша тіршілігіне әсері қандай?

Неліктен тірі жасушалардың мембранасы үнемі зарядталған болады?

Жасуша тіршілігін жойған кезде мембранадағы энергия деңгейі қалай өзгереді?

Суретте көрсетілген жасуша мембранасының құрылымын пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Мембрананың ішкі және сыртқы жағының зарядтары қандай?

Суретте көрсетілген молекулалар қандай заттар болуы мүмкін және олар қалай тасымалданады?

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулар:

Суретке мұқият қарап, ондағы әрбір элементті талдаңыз.

Мембрана арқылы иондардың және басқа молекулалардың тасымалдануын толық сипаттаңыз.

Ион сорғыларының жұмысының биологиялық маңызын түсіндіріңіз.

Жасуша мембранасының электр зарядының рөліне тоқталыңыз.

Жауап үлгісі:

Мембранадағы заттардың тасымалдануы:

Суретте мембрана арқылы әртүрлі заттардың тасымалдануы көрсетілген. Ақуыз каналдары иондар мен басқа полярлы молекулаларды тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Полярлы емес липидтер мембрана арқылы еркін өте алады, бірақ иондар тек арнайы ақуыз каналдары арқылы тасымалданады.

Ион сорғылары:

Ион сорғылары иондарды градиент концентрациясына қарсы тасымалдап, жасуша ішінде және сыртында әртүрлі концентрация деңгейін ұстап тұрады. Бұл процесс АТФ энергиясын пайдаланады, сондықтан ол белсенді тасымалдау болып табылады және диффузия заңдарына қайшы келеді, өйткені диффузияда энергия жұмсалмайды және заттар жоғары концентрациядан төмен концентрацияға қарай қозғалады.

Мембрананың электр заряды:

Тірі жасушалардың мембранасы үнемі зарядталған болады, бұл мембраналық потенциал деп аталады. Бұл потенциал иондардың мембрана арқылы белсенді тасымалдануы нәтижесінде пайда болады. Жасуша тіршілігін жойған кезде мембрананың ішкі және сыртқы жағының энергия деңгейі теңеседі, себебі ион сорғылары жұмысын тоқтатады.

Суреттегі құрылымның талдауы:

Мембрананың ішкі жағы теріс зарядталған, ал сыртқы жағы оң зарядталған. Суретте иондар мен су молекулалары көрсетілген болуы мүмкін. Иондар арнайы ақуыз каналдары арқылы, ал су молекулалары осмос процесі арқылы тасымалданады.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар мембрана арқылы заттардың қалай тасымалданатынын, ион сорғыларының рөлін және мембрананың электр зарядының маңызын түсінеді.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!