"11 санының құрамы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"11 санының құрамы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК


«Бекітемін»: _________
колледждің әдіскері:
Ахметова А.К.
«Келісемін»: _________
Сынып жетекшісі:
Мусулманкулова Д.Ж.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «11 санының құрамы»


Өтетін орны: Аршалы негізгі мектебі КММ
Сынып: 2
Мерзімі: 15.09.2020ж.
Тобы: 310
Машықкер: Қуаныш Мереке Ельмуратқызы
Баға: «__»___________



Семей, 2020 жыл


Page 2

Тақырыбы: 11 санының құрамы
Күні, айы: 15.09.2020 Машықкердің аты-жөні: Қуаныш М.Е.
Сынып: 2 Сабаққа қатысқан оқушылар
саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар
саны:
Оқу мақсаты: 2.1.1.2 екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру;
2.1.1.3 екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау,
разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Сабақ нәтижесі: Барлық оқушылар:
11 санының құрамымен танысады, есеп шығаруға арналған дайындық
жұмыстарын жетілдіреді.
Оқушылардың басым бөлігі:
11 санының құрамы негізінде қосу және азайтуды, сонымен қатар екі
таңбалы санға бір таңбалы санды қосу және азайтудың ұқсас тәсілін
орындайды.
Кейбір оқушылар:
11 санының құрамын екі немесе үш қосылғыштан құрастырады, қосу және
азайту амалдарының өзара байланысы негізінде қосу және азайтуды
түсіндіреді.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсаттар Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық
терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсету.
Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушылардың коммуникативті
дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта
білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).
Ресурстар Оқулық, мозаикалар, үйшіктер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Сабақтың барысы
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
- амандасу;
- түгендеу;
- танысу: Мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық
колледжінің 3 курс машықкері Қуаныш Мереке
Ельмуратқызы. Бүгінгі математика сабағын мен
жүргізетін боламын. Олай болса бүгінгі
сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық!
- психологиялық даярлық: «Күн жылуы». Балалар,
барлығымыз орнымыздан тұрып, менің артымнан
көрсеткен іс-қимылдарды қайталаймыз.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Бола кетер сонда дереу жан-жағым!
- Жақсы балалар, орындарына жайғасыңдар.
Үй тапсырмасын тексеру: (19 бет №5 есеп)








Page 3

Сабақтың ортасы






10 минут



















5 минут











10 минут












Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Балалар, 11 саны екі таңбалы сан. Оны қандай бір
таңбалы сандардың қосындысы арқылы шығаруға
болады?
№1 тапсырма бойынша құрастырылған үлгі – 11 санының
құрамына арналған үйшіктер негізінде түсініктеме беріп,
санның құрамын жазыңдар.
Мозаикада екі түсті бөлшектер бар. Нұрлан бұйым
құрастыру үшін бір түстен 9 бөлшек, ал екінші түстен 2
бөлшек алуы тиіс. Бұйым құрастыру үшін ол барлығы неше
бөлшек қолданады?


-9 санына 2 санын қалай қосуға болады? Ойланып
көрейік...
Иә балалар, 2 саны екі бірліктен тұрады. Тез есептеу үшін 9
санына 1 санын қосып, 10-ға толтырып қалған бір санын
қосу қажет.

9+2=9+1+1=11
1 1
-Енді үлгіге қарап, қалған мысалдарды өз беттерінше
орындап көріңдер.
9+2=9+1+1=11 11-2=11-1-1=9
8+3=8+2+1=11 11-3=11-1-2=8 11-8=11-1-7=3
7+4=7+3+1=11 11-4=11-1-3=7 11-7=11-1-6=4
6+5=6+4+1=11 11-5=11-1-4=6 11-6=11-1-5=5
-Орындап болсақ дұрыс нұсқасымен салыстырып көрейік.
Жарайсыңдар! Келесі тапсырмаға назар аударайық.
Есептерді шығар.
а) Мозаика жиынтығынан 20 бөлшекті алғанда, онда тағы
30 бөлшек қалды. Жиынтықта барлығы неше бөлшек
болған?
- Есептің қысқаша жазылуына назар аударайық.
Алды – 20 б. ?
Қалды – 30 б.
Шешуі: 20+30=50
Жауабы: жиынтықта барлығы 50 бөлшек болған.
- Есепте не белгілі?
- Дұрыс, қанша бөлшекті алғаны белгілі – 20. Қанша
бөлшек қалды?
- 30 бөлшек қалды. Ал барлығы белгілі ме? Белгісіз. Оны
табу үшін не істейміз? Дұрыс, алған бөлшек санын және
қалған бөлшек санын қосамыз.



Мозаикалар













Оқулық
Үйшік
суреті







Page 4














5 минут
б) Арман 7 қызыл және одан 4-еуі артық жасыл түсті
бөлшектен өрнек құрастырды. Арман өрнек құрастыру
үшін неше жасыл бөлшек пайдаланды?




Қызыл – 7 б.
Жасыл - ?б., 4-еуі артық
Шешуі: 7+4=11
Жауабы: 11 жасыл бөлшек пайдаланды.
- Қазір балалар, сендер зерттеуші боласыңдар. Мына
мозаика бөлшектері қандай заңдылықпен
орналасқан?


Иә, бірінші қатарда әрбір үш сары бөлшектен соң бір
жасыл бөлшек орналасқан. Ал, екінші қатарда әрбір бір көк
бөлшектен соң екі қызыл бөлшек бар.

Үйге тапсырма: 21 бет, №2, №3 (ә).
Сабақтың соңы
5 минут
Кері байланыс:
- Балалар бүгінгі сабақ қызықты өтті ме?
- Не түсіндіңдер?
- Не түсінбедіңдер?
Рефлексия: «Бағдаршам»




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
15.10.2020
473
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі