Материалдар / 11-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

11-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетін таңдаған оқушыларды емтиханға дайындауға арналған тест тапсырмалары. Оқушыларды ізденуге, өткен материалдарды еске түсіруге арналған әдістемелік көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2018
1624
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11-сынып әдебиет

1.Қазақстан даласында таралған «Қазақстан» газеті жарық көрген жылдарды көрсетіңіз.

А) 1907-1909

B) 1909-1911

C) 1910-1912

D) 1911-1913


2. А.Байтұрсынұлының қайырсыз жәрдемді сынаған мысалын белгілеңіз.

А) «Ағаш»

B) «Арыстан, киік һәм түлкі»

C) «Қара бұлт»

D) «Шал мен ажал»


3.1911-1915 жылдары жарық көрген алғашқы қазақ журналын белгілеңіз.

А) «Бірлік»

B) «Серке»

C) «Қазақ»

D) «Айқап»


4.«Айқап» журналын шығаруға басшылық жасаған тұлғаны табыңыз.

А) Ахмет Байтұрсынұлы

B) Мұхамеджан Сералин

C) Мұхамеджан Тынышбаев

D) Нұржан Наушабаев


5.Діни мектептерде оқып, мұсылманша білім алған, шығыс әдебиетін, оның түрлі әдеби мектептерін жетік білген, озық шеберлік тәсілдерін өз шығармашылықтарында кеңінен пайдаланып, шығыс классиктері деңгейінде жазуға талпынған бағытты белгілеңіз.

А) ағартушы-демократтық

B) ұлт-азатшыл

C) діни-ағартушылық

D) ағартушы-модернистік


6.Қазақ әдебиетін шын мәніндегі жазба әдебиет деңгейіне көтерген, орыс және батыс әдебиетін жақсы білетін, соларға еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға талаптанған адамдар қай бағыттың өкілі екенін табыңыз.

А) ұлт-азатшыл

B) ағартушы-демократтық

C) діни-ағартушылық

D) ағартушы-модернистік


7.Ағартушылық, өнер-білім – барлығы, ең алдымен, ұлт азаттығы үшін қызмет етуі керек деген берік байламдағы ой-идеяны насихаттаған бағытты көрсетіңіз.

А) ағартушы-модернистік

B) ағартушы-демократтық

C) діни-ағартушылық

D) ұлт-азатшыл


8.Ұлт-азатшыл бағыттың өкілдерін атаңыз.

А) С.Торайғыров, М.Сералин, С.Дөнентаев

B) М.Ж.Көпеев, М.Қалтаев, Н.Наушабаев

C) А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев

D) С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев


9.Діни ағартушылық бағыттың өкілдерін көрсетіңіз.

А) С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаев

B) М.Ж.Көпеев, М.Қалтаев, Н.Наушабаев

C) А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев

D) С.Торайғыров, М.Сералин, С.Дөнентаев


10.С.Торайғыров, М.Сералин, С.Дөнентаев, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Жомартбаевтар қай бағыттың өкілдері болғанын табыңыз.

А) ағартушы-демократтық

B) ағартушы-модернистік

C) діни-ағартушылық

D) ұлт-азатшыл


11. Қай басылым 1907 жылы жарық көрді.  

А) «Серке»

В) «Қазақстан»

С)«Айқап»

D) «Қазақ»


12. «Дала» поэмасында қандай тарихи оқиғалар сөз болады?

А)«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»

В)Тәуелсіздік кезеңі

С)Ұлы Отан соғысы

D) 1916 жылғы қазақтан солдат алу оқиғасы


13. А.Байтұрсынұлының туған жерін көрсетіңіз.

А) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сарысу ауылы

B) Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Сарытұма ауылы

C) Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы, Сарыбекет ауылы

D) Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылы


14. Ішінде түгі болмаса да, тәкаппарлықпен менменсіген мінезді сынға алатын мысалды белгілеңіз.

А) «Егіннің бастары»

B) «Бұлбұл мен есек»

C) «Қартайған арыстан»

D) «Маймыл мен көзілдірік»


15. «Бесік жырымен» байланысты өлеңін табыңыз.

А) «Бақ»

B) «Анама хат»

C) «Жұртыма»

D) «Жұбату»


16. «Жарлы бай» мысалының тақырыбын көрсетіңіз.

А) отбасы бірлігі

B) хан қайырымдылығы

C) қанағатсыздықтың ақыры

D) кедейлер өмірі


17. «Нәбік аты» мысалындағы Нәбіктің образын табыңыз.

А) қайырымды, адал

B) суайт, өтірікші

C) сараң, менмен

D) көреген, білгіш



18. Жинақтың аты не себепті «Маса» деп қойылғандығын анықтаңыз.

А) масасы көп көл жағасында тұрғандықтан

B) сары масаны жақсы көріп ұнатқандықтан

C) елін маса болып оятқысы келгендіктен

D) сары маса маза бермей қойған соң


19. Ашкөздік, қанағатсыздықтың кесірінен құрбан болғандар туралы мысалды көрсетіңіз.

А) «Қасқыр мен қозы»

B) «Қарға мен түлкі»

C) «Үлес»

D) «Есек пен үкі»


20. Ахмет Байтұрсынұлының жазықсыз қамалып, өзі танитын жандардан қорлық көріп жатқанына налитын шығармасын белгілеңіз.

А) «Кедей теңдігі»

B) «Көк есектерге»

C) «Туысыма»

D) «Сөз иесінен»


21. Ж.Жабаевтың шығармалары:

А) «Патша әмірі тарылды»

В) «Сұраншы батыр»

С) «Қобыланды батыр»

D) «Ленинградтық өренім»


22. Ж.Жабаев жырлаған жырларды көрсетіңіз.

А) «Қалқаман - Мамыр»

В) «Саурық батыр»

С) «Алпамыс батыр»

D) «Сұраншы батыр»


23) 1916 жылғы көтеріліс туралы өлең-жырларға қатыстысын белгіле

А) 1916 жылғы 25 маусымда 16 – 35 жас аралығындағы қазақ азаматтарын соғыстың қара жұмысына алу туралы патша жарлығы шықты

В) Ж.Жабаевтің «Июнь жарлығы»

С) «Губернатор келгенде» сияқты жырларында майданға алынған қазақтардың жай-күйі жырланады.

D) Бұл қозғалысқа байланысты өлең-жырлар азаттық, ерлік рухымен ерекшеленеді.

Е) Бұзаубақ ақынның «Құты қашты патшаның», Кенен Әзірбаевтың «Аттан», Омар Шипиннің « Амангелді батыр» дастаны


24) Құнанбайдың кім екенін белгілеңіз

A) Абайдың әкесі

B) Өскенбайдың баласы

C) Зорлықшы, ақсүйек

D) Қажы,

Е) елді қанаушы


25. Қазақ тіліндегі кітаптар ХХ ғасырдың басында негізінен қай қалаларда басылып шықты?

А) Верныйда

В) Петербургте

С) Оралда

D) Қазанда

Е) Ақмешітте



26. С.Сейфуллиннің шығармаларын анықтаңыз.
A). «Өткен күндер»

В) «Сұраншы батыр»

C) «Тар жол тайғақ кешу»

D) «Алмас қылыш»

E) «Бақыт жолында»


27. С. Мұқановтың шығармаларын табыңыз.
A) «Мансапқорлар»

B) «Сұлушаш»

C) «Дауылдан кейін»
D) «Ботагөз»

Е) «Қамар сұлу»


28. «Сұлушаш» поэмасының кейіпкерлерін табыңыз.

А) Ахмет

В) Тілеуберді

С) Алтай

D) Байбөрі

Е) Ермек


29. Ғ. Мүсіреповтің кейіпкерін табыңыз.
A) Нағима.

В) Ақлима.

C) Жамал

D) Ботагөз

E) Наталья.


30. І.Жангүгіровке қатысты мәліметтерді табыңыз.

А) 1919 жылы. Алматыдағы екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі.

В) оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949),

С) «Ақын өлімі туралы» аңыздың авторы

D) 1925 жылы Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп;

Е) 1928 жылы бітіріп шыққан соң, «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке жіберіледі. Жансүгіров шығармалық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын ұйымдастыру ісіне де белсене қатысқан.


31. Мәтіннің түрлерін табыңыз.

А) Сипаттау

В) Саралау

С) Пайымдау

D) Мазмұндау

Е) Баяндау


32. Троптың түрлерін анықтаңыз.
A) Метафора.

В) Диолог

C) кекесін
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Кейіптеу


33. Әдеби жанрларды табыңыз.

А) проза

В) роман

С) Ассонанс

D) Поэма

Е) Аллитерация


34. С.Торайғыровтың шығармаларын табыңыз.

А) «Толқын»

В) «Туған еліме»

С) «Қамар сұлу»

D) «Оян қазақ»

Е) «Сарыарқаның жаңбыры»


35. М.Жұмабаевқа қатысты мәліметтерді анықтаңыз.

А) Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған.

В) 1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген;

С) Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі.

D) 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры

Е) 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер баспасында “Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады


36.М.Әуезовтің кейіпкерлерін анықтаңыз

А) Бөжей

В) Қарагөз

С) Қамар

D) Нағима

Е) Ербол


37. Міржақып Дулатұлына қатысты мәліметтерді табыңыз

А) Торғай уезінің, Сарықопа қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданы "Қызбел" ауылында туған

В) Алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді.

С) 1904 жылы Омбы қаласына келгенде, ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі D) «Ақбілек» романының авторы

E) «Бақытсыз Жамал» романының авторы


38.Қазақ зиялыларын дүниеге келген жылдарына қарай орналастыр

А) Мұхтар Әуезов

В) Шәкәрім Құдайбердіұлы

С) Шоқан Уәлиханов

D) Абай Құнанбаев

E) Мағжан Жұмабаев

1-С, 2-Д, 3-В, 4-Е, 5-А.


39. Қазақ зергерлерінің әйелдерге арнап жасайтын бұйымдарын анықтаңыз.

А) Шолпы В) Жүген С) Білезік D) Қамшы E) Сақина


40.Ақпараттық-анықтамалық құжаттар

А) Жеделхат

В)Өтініш

С) Анықтама

D) Арыз

E) Телефонхат



Баракпаева Гульмира Ныгметовна «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!