Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
Кабдолова Жулдыз Дугалиевна
«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры Тарбағатай ауданы, Құмкөл ауылы
Кіріспе
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.
12 жылдық білім беруге көшу – бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол “жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді, құзыретті тұлғаны қалыптастыруды және дамытуды ” алдын ала болжайды.
Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында.
12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты- еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты жол екенін естен шығарып алмаған жөн.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеуі бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқытуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасы мектептің алдында тұрған басты мақсатын анықтап береді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:
-
жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
-
күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
-
оқытудың сабақтастығы;
-
әрбір оқыту сатысының даралығы;
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектеп алды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып,бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
Жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады.
1-саты (1-4 сыныптар) оқуды бастау жасы-6жас, оқу ұзақтығы -4 жыл. Негізгі бағдар –оқушының өзін-өзі тану мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге,оқу,жазу,санау,шығармашылықпен ойлау элементтерінің,жеке гигиенасы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
2-саты(5-10сыныптар) оқу ұзақтығы -6 жыл. Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
3-саты(11-12 сыныптар) оқу ұзақтығы -2 жыл. Бағдары-оқытудың саралануы мен даралануына және бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау. Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
әр оқушының даму ерекшелігіне сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету;
-
алған білімі негізінде өзін таныта алатын, дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыру;
-
мектепке деген қызығушылығын, білімге, оқуға деген құштарлығын қалыптастыру;
-
оқушылардың оқу қызметіне қажетті іскерліктер мен дағдыларды меңгерту;
-
теориялық ойлау, сөйлеу, мінез-құлық мәдениетінің элементтерін, жеке гигиена мен денсаулықтарын дұрыс бағдарлай білуге дағдыландыру;
-
әр түрлі инновациялық іс-әрекеттер арқылы ақыл-ойын байыту;
-
тұтас ғылыми көзқарасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, ашық ақпарттық-білім кеңістігіне кірудің алғы шарттарын құру.
-
білім беру мазмұнын ізгілендіру, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;
-
білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
-
білім беру мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.
12 жылдық білім беру жағдайында пәндерді бейіндік оқыту
12 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің жоғарғы сатысын жаңартудағы басты идея білім беруді дараландыру функционалды және тиімді болуы қажет. Ол мектептің жоғарғы сатысына қатысты білім беруді өзгерту стратегияларының басты мәнін анықтайды және осы стратегиялардың негізгі ұстанымдары мыналар болып табылады:
-
өзінің құқығы мен міндеттерін айқын сезінетін, бүгінгі күннің мүмкіндігі мен шикізатының шамасын білетін әлеуметтік кеңістікте таңдаған ұстанымын іске асыра алатын сауатты және әлеуметтік тұлғаны қалыптастыруды көздеу;
-
біртіндеп бағдарлы білім білік және дағдылар жүйесінен оқушының түрлі жағдайларда проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін функционалды және негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттау;
-
оқушының білім беру траекториясын дараландыру, оқушының танымдық зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту.
Жоғары мектептегі бағдарлы оқытудың басым бағыттарының бірі бейінді оқытуды енгізу оқушылардың жеке білім алу сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
Бейінді білім берудің мақсаты мен міндеттері
12 жылдық мектепте бейінді оқытуды енгізудегі басты мақсат – оқушының кәсіби бейіні мен өзін өзі анықтауын қамтамасыз етуі, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу.
Бұл мақсатты жүзеге асырудың институционалдық формалары бейінді мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады. Бейінді білім беруге көшу кезінде мынадай міндеттер жүзеге асырылады:
-
жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
-
оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді терең оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
-
мектепте білім беру үдерісінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамасыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;
-
оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;
-
білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу үрдісінің практикалық бағдарлануын іске асыру;
-
оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау.
Жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысындағы бейінді оқытуға көшуге жағдай жасау үш бағытта жұмыс жүргізуді көрсетеді:
-
ұйымдастыру жағдайын жасау;
-
бейінді оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық кадрларды даярлау;
-
бейінді оқытудың әдістемелік базасын қалыптастыру.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың ұстанымдары, құралдары мен формалары
Бейінді оқыту Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында іске асырылады. 11 – 12 сыныптарда білім беру процесіне қойылған мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру мынадай ұстанымдар бойынша құрылады:
-
білім беру процесіндегі тұлғалық-бағдарлы, әрекеттік, құзыреттілік және денсаулық сақтау тәсілдерін жүзеге асыру;
-
өзара байланысты әрекеттерді және мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын мақсатты ұйымдастыру;
-
оқушының өз әрекетінің бейінді бағытына қатысты өзін өзі анықтауы;
-
оқу әрекетінің формаларын дараландыру, өнімсіз және өнімді әрекеттерді сәйкестендіру, оқытудың белсенді әдістері мен жеке жұмыс әдістерін тұрақты қолдану;
-
оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағдарлау, оқу жобаларын негізгі құзыреттіліктерді дамыту мен қалыптастырудағы қол жеткізген нәтижелерді көрсету тәсілі ретінде міндетті түрде орындау;
-
оқушының өзінің оқу әрекеті мен оның нәтижесіне өзіндік талдау жасауға, өзіндік бағалауға жағдай жасау;
-
білім беру мазмұнының практикалық бағыттылығы, вариативтілігі, саралануының құралы – жоғарғы сынып оқушыларының өзін өзі танытуы және кәсіби өзін өзі анықтауы.
Көрсетілген ұстанымдарды іске асыруда төмендегі педагогикалық құралдар, оқыту процесін ұйымдастыру формалары мен оның нәтижесін бағалау қолданылуы тиіс:
-
қазіргі жоғарғы сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыратын, негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпал ететін ақпараттық және педагогикалық технологиялар;
-
жасөспірім жасына біршама сәйкес білім беру процесін ұйымдастыру формалары;
-
оқу процесін оқушының жеке білім алу траекториясын қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларының құрылымдық негізінде модулін құру;
-
оқушының орта кәсіби білім алуға икемделуіне қажетті, зерттеушілік және оқу - жобалау білігін дамыту мен игеру мүмкіндігін туғызатын жобалау тәсілі;
-
оқушының жеке пәндер бойынша білімін диагностикалау ғана емес оның алынған нәтижелерді өзіндік талдауы, өзіндік бағалауы, қорытынды жасауы, жеке білім алу траекториясының ерекшелігі байқалатын оқу жетістіктерінің бағалау әдістері (портфолио, жобаның тұсау кесері т.б.);
-
мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін мұғалім мен оқушының түзету жұмыстарының негізінде мониторинг жүргізу.
Бейіндік оқытудың оқытуды бейіндендіру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге, оқушының одан әрі білімін жалғастыруға даярлық мақсатында үш бағыт бойынша: әлеуметтік - гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық және технологиялық, таңдаған оқу пәндерін терең игеруге бағдарланған сипаттамасы мен негізгі параметрлері анықталған.
Бейінді оқыту басымдылығы
Бейінді оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің мүмкін нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:
-
бейінді оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі;
-
бейінді оқытуды ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру үлгісі;
-
бейінді оқытуды әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру үлгісі.
Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп бейінді оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бір бағдарлы немесе көп бағдарлы болуы мүмкін.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың бір бағдарлы түрінің артықшылығы мыналар:
-
мектеп педагогикалық ұжымының бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы;
-
берілген бағдар бойынша материалдық-техникалық қорларды шоғырландыру;
-
мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың көп бағдарлы түрінің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады:
-
оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығуы мен сұраныстары ескеріледі;
-
тұлға дамуының жеке траекториясы құрылады;
-
оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады.
Сонымен бейінді оқытуды ұйымдастыру үшін білім беретін мекеме, ең алдымен, бейінді оқытуды ұйымдастырудың неғұрлым тиімді үлгісін таңдап алуы қажет.
Р еспубликалық 12 жылдық білім проблемалары ғылыми-практикалық орталығы шығарған әдебиеттердің проценттік көрсеткішін төмендегі диаграммадан көруге болады.
Қорытынды:
1 2 жылдық мектеп мұғалімі қандай болу керек?
12 жылдық білім беруге көшуден күтілетін нәтижелер
Жоғары бейінді мектептің негізгі бағыты әрбір оқушының кәсіби таңдауында қажетті ресурстармен қанағаттандыру болашағын болжау, осыған байланысты оқу-тәрбие процесінің 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысын заман талабына сай икемділік жүйесіне айналу қажет. Оқушы кез келген жағдаятта өзінің білім траекториясын көрсетуі қажет. Оқушының өзін-өзі анықтау мәселесі қазіргі педагогикалық процестің негізгі құралы болуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: