Материалдар / №14 Тақырып III Бөлім. Парасат пайымы А.Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

№14 Тақырып III Бөлім. Парасат пайымы А.Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды. Кейіпкерлердің суреттелуі, сөз саптауы, іс-әрекетіне талдау жасайды; шығармадағы көтерілген мәселені табады. Дамытушылық: Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасап, шығармашылық жазба жұмысын орындауға дағдыландыру. Негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстырады; мәселеге өзіндік көзқарасымен баға береді. Тәрбиелік: Алынған ақпаратқа жеке өзіндік көзқарастарын білдіруге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2022
1502
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқытушының сабақ жоспары


№14 Тақырып III Бөлім. Парасат пайымы

А.Кемелбаева. «Шашты» әңгімесі


Модуль /пән атауы: Қазақ әдебиеті

Дайындаған оқытушы: Қадырова Ельнара Ержанқызы
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу-жылы
1 курс, 2021-2022ж
Сабақ типі: жаңа сабақ
2.Мақсаты: Білімділік: көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды. Кейіпкерлердің суреттелуі, сөз саптауы, іс-әрекетіне талдау жасайды; шығармадағы көтерілген мәселені табады.

Дамытушылық: Көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасап, шығармашылық жазба жұмысын орындауға дағдыландыру. Негізгі идеяны бүгінгі өмірмен байланыстырады; мәселеге өзіндік көзқарасымен баға береді.

Тәрбиелік: Алынған ақпаратқа жеке өзіндік көзқарастарын білдіруге тәрбиелеу.

2.1 Оқыту нәтижесі,бағалау өлшемдері:
1) Көркем шығарманың мазмұны мен пішінін, әдеби шығарманың тұжырымдамасын түсіндіру.

1) Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіндіреді;

2) Әдеби шығарманың жанрлық табиғатын анықтайды;

3) А.Кемелбаева «Шашты» әңгімесі, Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгіме, Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің мазмұнын баяндайды және пішінін анықтайды;

4) Әдеби шығармаға құрлысына талдау жасайды;

5) Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды.

3.Сабақты жабдықтау:
-Көрнекілік құралдар/ наглядные пособия: Дәріс, презентация.
-
Оқытудың техникалық құралдары/ технические средства обучения ноутбук, мультимедиалық проектор, электронды оқулықтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі




Сабақтың мазмұны

Элемент №

Сабақтың элементтері, оқу мәселелеріоқыту әдістері мен формалары




-Ұйымдастыру 3мин
-Амандасу
-Білім алушыларды түгендеу

-Сабақтың жоспарымен таныстыру 2мин

  1. Дәйексөз 2мин

  2. Жаңа ақпарат 40мин

  3. Сабақты бекіту 30мин

  4. Қорытынды 5мин

  5. Бағалау 5мин

  6. Рефлекция 4мин

  7. Үй тапсырмасын беру 2


І

Дәйексөз: Біздің бойымызға біткен қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі – парасат.

Габриель Мабли

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау: Оқулық Р.Зайкенова, Қазақ әдебиеті 10 сынып: 48-49 беттер. Рөлге бөліп оқу

ІІІ

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Айгүл Жолдасбайқызы Кемелбаева (21.03.1965. Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңірі, Абай ауданы, Құндызды ауылы) - жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші.

1982 ж. қазақ орта мектебін бітірген.

1984-87 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің ІІІ курсын оқыды.

1989-94 жж. Москвадағы М.Горький атындағы Әдебиет институтының проза бөлімінде оқып бітірді. Мамандығы – әдеби қызметкер.

Жарық көрген кітаптары:

«Жетінші құрылыққа саяхат», повесть, «Жалын» баспасы, (1986)

«Тобылғысай», проза, «Елорда» баспасы, (2001),

«Мұнара», роман, Алматы, (2003),

«Мәжнүн жүрек», эсселер мен сұхбаттар жинағы, «Алаш» баспасы, (2013).

«Сөз хикмет», эсселер мен сұхбаттар жинағы, «Дәстүр» баспасы, (2016).

Фильмдері

«Күнә», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесі бойынша Ш.Айманов атындағы Қазақфильм түсірген. Режиссері Болат Шәріп, 2005 ж.

«Сұлтан Оразалин», деректі фильм, 2013 ж.

«Сүлеймен Есқараев», деректі фильм, 2012 ж.

«Жиембет жырау», деректі фильм, 2014 ж.

Айгүл Кемелбаева 1965 жылы 21 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылында туған. 1984–1987 жж. ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқыған. 1989–1994 жж. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының негізгі (проза) бөлімін бітірді.


Республикалық «Абай» журналының ғылыми қызметкері. «Жетінші құрлыққа саяхат» атты балаларға арналған повесть және «Тобылғысай», «Мұнара» атты әңгімелер жинағының авторы. Республикалық баспасөзде 100 шақты әдеби-зерттеу мақалалары, эсселері, аудармалары жарияланған.


1983 жылы «Жалын» баспасының республикалық жабық конкурсында балалар әдебиетіне арналған ІІ жүлдені, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы құрметіне жарияланған шығармашылық конкурста ІІІ орынды иеленді. Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1998). Сорос-Қазақстан –Дебют конкурсының лауреаты. Сорос Қазақстан қорының «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» атты конкурсының жеңімпазы (2000). Бірнеше дүркін республикалық, халықаралық бәйгелердің жеңімпазы болған.


Шығарманың туу тарихы. «Шашты» атты әңгіменің (2014) тууына игі әсерін тигізген көрнекті ақын Қасымхан Бегмановтың азаматтық қайраткерлігі екені рас. Қасымхан ақын «Мұстафа Шоқай жолымен» атты екі томдық деректі проза жазбағанда, Мұстафа Шоқайдың ұлы бабасы Шашты туралы ірі әңгімем атымен болмас еді!

Оқулық 59-60 бет оқу.

Шашты әңгімесіндегі дана қарт пен Кенжебек бейнесі.

Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, жылқыларды барымталап тұтқын ретінде үлбіреп тұрған сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Ұлы даланың қатаң ережелері тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Алайда туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді екен. Алғаш рет “Шашты” әңгімесін оқығанымда, мен осындай тұрғыдағы сезімдерді бастан кешкен едім. Әңгімеде көтерілген мәселелер: ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі Айгүл Кемелбаеваның өзге де туындылары секілді аса аяныш, үрей, қобалжу сезімдерін туғызады. Аталған автордың шығармашылығының өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданыла бермейді. Оның туындыларында тек қана шындық, бүкпесіз айтылады. Солардың бірі “Шашты” әңгімесі. Әңгіменің бас кейіпкері қарапайым жылқышының бейнесінің негізінде бұқара халықтың күйін автор шебер жеткізеді. Сонда да неліктен әңгіменің басты мәселелерінің біріне ер адамдардың ар-намысын жатқызып отырмыз.?-, деген сұрақ туындайды. Тұтқынға түсу-көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соқққанмен тең. Жат жарылқамайды. Міне сондықтан, еркек баланы өлсе де аямайды. Тіпті әңгіменің бас кейіпкерлерінің біріКенжебекті де жау қолының оншалықты аямағандығын да байқап қаламыз. Кенжебек секілді талай адамдарды құл ретінде жұмсап, отбасын құруға да мүмкіндік бермейтін. Тек қара жұмысқа салып, қашқындар жазадан көз ашпайтын. Өз еркінен тыс тұтқынға түскен адамдардың өмірін, тағдырын ойыншық еткен жау қолындағы құл тірі адамның емес, тірі өліктің күйін кешкендей өмір сүрді. Қаншама адамның өмірі “Шашты” әңгімесіндегі дана қарттың балаға айтқан шерінен, жүрегіндегі терең жарасынан көрініс табады. Өзге елге құл болғасын, қанша еркекпін деп намыстанса да, жау үшін олардың құны тышқақ лақ ғұрлы жоқ.” Шашты” әңгімесі тек сол замандағы жау қолына түскен халықтың күйін ғана емес, қасиетті жылқы малын бағудың қыр-сырын да атап көрсетеді. Сіз қазақ халқының қатардағы тұлпарды, жүйрік сәйгүлікке айналдыратын көреген халық екендігіне көз жеткізе аласыз. Алайда мені ойландыратыны жылқы малын бағудың біз білмейтін қандай ерекшелігі болуы мүмкін? Біріншіден, әңгіме барысындажылқышы тұлпарға түйе сүтін ішкізіп бағады. Соның нәтижесінде сәйгүлік қайратты әрі жүйрік бола түседі. Екіншіден, жылқышы жылқыны өзеннің мөлдір суында жуындырмай, құмда аунатады, бұл әлдеқайда тиімдірек. Үшіншіден, әр тұлпардың өзінің кемшілігі бар болғандықтан, қанша жүйрік десекте, оның да әлі құратын кез болады. Сондықтан, әсіресе шөл далада жылқы үлкен күтімді қажет етеді. Кенжебектің қу далада аштан қатып, шөлден қысылып жатқанына қарамастан, азығын бірінші сәйгүлікке беріп жатады. Жылқы атасы Қамбар атаның рухына сыйынып, дұға тілеп отырады. Көпті көрген дана қарттың кеңесімен аспандағы Темірқазықты бағыт-бағдар көрсетуші көмекші құрал ретінде қабылдайды. Өзін жын-шайтандардан қорғау мақсатында арқанды шеңбер күйде жасап өзін де, тұлпарын да тылсым күштерден қорғап қалады. Осыдан екннғой атам қазақ:”Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене бір жанға айналып кетеді. Қашса-құтылады, қуса-жетеді,-дегені осыдан екен. Әңгімеден тағы бір байқайтынымыз қарттың көрегендігі мен баланың өжеттігі жайлы жиі айтылады. Ендеше қарттың көреген дана екендігі, ал баланың айтқанынан қайтпас қайсар екендігін не дәлелдейді? Қарт даналығы баланың бойындағы өжеттік, қайсарлық іспеттес қасиеттерді көре білгенінде. Баланың қазақ екендігін тани сала, оған бас салып, қашуды ұсынған жоқ. Алғашқы он екі айда жылқы малын бақтырып, жүйріктің барлық қыр-сырын үйретеді. Ал бәйгенің ұйымдастырылуы қажетті сәтті туғызып, қашуға қолайлы жағдай пайда болады. Дегенмен, бала әлі жас бүлдіршін болғандықтан, біраз күдіктеніп, өз-өзіне сенімсіз бола бастайды. Шал да бұның қисынын тауып, оны ойынан айныту үшін шындықты айтуға мәжбүр болады. Баланың бойына сенім біткесін, бойындағы ерлік қасиеті бәйгеде анық көрініс табады. Тіпті шөл далада қысталаң күйді кешсе де, ол еш мойымайды. Бұл баланың мінезділігін көрсетеді. “Шашты” әңгімесінде жылқышы үшін де, Кенжебек үшін де жыт еткен сәуле қай уақытта жағылады? Бәйге ұйымдастырылмақ болғанда жылқышы анасынан жаңа туған сәбидей қуана жөнеледі. Ол үшін үміт пайда болады. Кенжебекті елге қайтару үміті. Қанша жылдық кегін қайтару үміті. Кенжебек үшін де бұл үлкен мүмкіндік болатын. Басында сенімсіз болғанымен, бойындағы жігерліктің шалдың оятуы нәтижесінде жылқышы қарттың да, өзінің де үмітін ақтай білді. Менің ойымша жылқышы қарт пен баланың кездесуі кездейсоқ жайт емес. Екі заман адамдары басындағы тағдырдың қиыншылықтары мен ортақ қайғымен бір-бірін тапқан жандар. Біреуі баланың бойындағы арманда кеткен жастықты көретін. Әрі өміріндегі ең үлкен қателігін қайталамау үшін барын салатын. Бала болып жатқан жайттардан не ұғынсын, өзінің қандай күйге түсетінін қайдан білсін. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы оны күрт есейтіп жіберді. Қорытындылай келе: Атаулы тарихи әңгімелердің бірі тап сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланысты. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны өкінішті-ақ.


ІV

Сабақты бекіту

Ынтымақтастық ахуал тудыру Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет қол шапалақтаймыз! Белсенділік танытамыз десек 3 рет қол шапалақтаймыз!

Кейіпкердің іс-әрекеті мінезін сипаттайды. - Автордың кейіпкерге көзқарасын дәлелдейді. ІІ топ - Кейіпкер бейнесін ашады; - Кейіпкер туралы пікірін білдіреді; -Кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды. -Автордың кейіпкерді суреттеудегі тәсілін анықтайды. ІІІ топ -Кейіпкердің өзіне тән ерекшелігін сипаттайды; -Өмірлік мақсатын анықтайды; -Шығармадағы көтерілген мәселені талдайды.

1-жұп. 1. Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып шығарманың қашан және неліктен жазылғаны туралы ойыңызды жазыңыз

2-жұп. 2. Үзіндінің шығармадағы орны мен маңызына талдау жаса және жылқышы шалдың неге өкініп неге үміттенетініне өзіндік көзқарарсыңмен 3 -4 сөйлеммен баға бер. Кетерінде бұл: «Жылқышы ата, туып-өскен жеріңді айт, туыстарыңды іздестірейік, қаңлы ішінде кім боласың? Кіші атаң кім?», – десе, шал басын шайқады. «Ежелден біздің қазақ нәсілін жалпақ тіл қаңлы, қыпшақ атайды. Руын мүсәпір құл жасырады. Тегімді білмей, теріс бағып тұрғамын жоқ, құлдықтан бетер бейдауа қорлықтың күйігі басқа түскенін білесің. Жеті атамды білемін, ел көзіне тура қарар бет болмаған соң тексізден нем артық?!» – деп ширыққан. Ол сүйекке масқара таңба түсті деп қорланған соң атасын жасыруға мәжбүр. «Бұрын періштелер мені ылғи өліге санап кететін. Расымен тірі өлік едім. Атаңа нәлет қу тірлік. Жыланды үш кессе кесірткедей әлі бар. Тірлігімнің ендігі мұраты бір сенің елге аман-есен жеткенің. Сонда мына мен өлінерде артымда басқан ізім, кіндігімнен жаралып, бел балам болмаса да азат рухым, мұрагерім, атұстарым қалды деп білемін».

3- жұп. 3. Ұлым, ат арқасында тіп-тік түзу отырғаныңды талай мәрте байқадым. Шап айылын қатты тартып мін. Аттан түскенде босатып отыр. Түн баласы ақ маяның жолына қарап жүресің. Темірқазықтан жаңылма, ұзақ сапарда бағдарың сол» деген үзіндіден қазақтың қандай дүниетанымдық және тәрбиелік қасиетін байқайсың? Қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, 2-3 сөйлем көлемінде талдау жаз.

4- жұп. 1. Үзіндіні оқи отырып, жылқы малына деген ата-баба көзқарасына баға бер. Қас жүйрік қыпшақ ұлдың тақымында кеткенде түрікпендер жер сабалап қалды. Ер қанаты аты өлсе, адамнан кем көрмей, көр қазып жерлейтін; ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпай, ерен құпия сақтайтын; қисапсыз қазынаға айырбастамас, антқа берік текежәуміт, ата мал айғырын өлсе сатпайтын; астындағы атын жанынан, қойнындағы қатынынан артық көретін; айтулы батырлары ұрыста өлген атының басын ардақтап биік тауға қоятын, тұлпардан айрылуды өлімнен кем көрмейтін қайсар қазақ, түбі ер түрік оғыз-қыпшақ нәсілі жылқы десе еліріп, шалық шалғаннан бетер есі кетеді. Қазақ атқа мінбесін, қазақ атқа мінсе, бір дене, бір жанға айналып кетеді. Қашса құтылады, қуса жетеді.

5- жұп: 2. Үзіндідегі көтерілген мәселелерге тоқталып, өзіндік көзқарасыңды білдір. Кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін сипаттап жаз. – Есіңе мені бір жаман құл, Тасқұл деп алғайсың. Ертең қашпасаң, құлақ кесті қара құлдан бетер сорақы боласың. Мына сенің жасыңда тұтылдым. Уызымнан жарып, бал жалап өскенімді қайтейін. Ат тұяғы басқан жер шапқын, жылқы мінген елдер соғысып, жылқы өсірген халық шабындыға көп түседі екен.

Аттанып шыққан түрікпен аламанда тұтты. Ойдағы ауылыма оқыстан жау тиді, қазанды қақ айырды. Қазақ пен текежәуміт, екі жағы барымтада бірдей ожар. Біздің рудың бас көтерер ерлері Жетісу, Теңіз* асып, бұғы қырғыздан* жылқы әкелуге кеткен кезіне килікті. Кілең қатын-бала, кәрі кемпір-шалдан бөлек найза ұстайтын ерлерден аз ғана топ қалған, жасанған дұшпан қырып салды. Жас қыз-келіншектер мен қорғансыз балаларды алғыншылар қоймен қоса айдап әкетті. Кебенек киген тірлік у татып, тұтқыннан қашып кетуге тағдыр еш қоспады. Талай әрекет қылғанмен, қолға түсе бердім. Арқамдағы дүренің іздері содан қалған белгі. Жылқышы шал басы салбырап, ұзақ үнсіз отырып қалды. Іштегі шерін, асқан құпиясын ақтаруға батпайтын сияқты. – Он үште отау иесі деген. Ер жетуге аз қалғанда, құдай кешпес бір кепке ұшырап, өлгім келді. Кісіге айтуға арланатын қорқау сөз еді. Құлдық кепиеті ұрмасын деп мына саған айтпасқа еш амал жоқ. Тәңірінің бұйрығы айтқызып тұрғанын қара. Түрікпендер бір күні қатын-қыздарымызға қарап қояды деп мені ата мал сияқты, қошқардайын тарттырып жіберді. Содан бергіде Азбанқұлмын! Жылқышы шалдың иегі кемсеңдеп кеткенін көрген сәтте, бала аһ ұрып, оны арқасынан құшақтай алды.

6- жұп: Ең асыл тұқымының жалын тірі жанға сипатпайтын, қисапсыз қазынаға айырбастамайтын, антқа берік текежәумітАтажан бай асыл тұқымды атынан айырылса да неліктен тұтқын шалға жаза қолданбайды?Үзінді бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер. Атажан байдың үлкен ұлы үйіне келе, қазан төңкеріп тастады. Түбі шикі құл қазаққа сенген бейқам әкесіне дүлей наразылығын сөйтіп білдірді. Біраз түрікпен суық қаруын асынып, жылқы қосына оралған қазақ шалдың соңынан жауар бұлттай түйіліп жетті. Атажан бай жирен атына жайдақ міне сап, ілес келген. Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында. Момын, бейбіт жылқышы асау тарпаңдай мінез көрсетіп, міз бақпақ түгілі, оң иығына қасқыр терісін жамылып, анталаған құн сұраушыны именбей қарсы алғанын көзімен көрді. Өзін айыпты санап отырған ол жоқ. Алпыс жыл табыннан шашау шығармай, жылқысын ерен адал баққан егде қазақтың шегір көзіне көзі түскенде Атажан бай ыза-ашуы күрт басылып, табан астында өзгеріп шыға келді. Ол жалшысына ләм-мим демей, кері шегінген.

Дескрипторлар: - Мәтін үзінділеріне талдау жасай алады, - Өзіндік көзқарасы арқылы баға бере алады. ҚБ. жұптар бір-біріне дескрипторларға сүйене отырып, «Мадақтау сэндвичі» арқылы ауызша комментарий береді. «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша бағалайды.

1-бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады;

2-бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек;

3-бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы... СЖ. «Керемет пікірталас», «Шығарманың жаңашылдығы неде?» деген сұраққа сыныппен жауап береді. «Мадақтау сэндвичі» әдісі

Дескрипторы: Сұраққа сыни көзқараспен жауап береді; Ой- пікірін дәлелдей алады; Шығарманың жаңашылдығына баға береді. ҚБ. «Мадақтау сөздер»


V

Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымыздан көптеген мәліметтер алдық деп ойлаймын. Осы сабақты өлең жолдарымен түйіндегім келіп отыр.


Баспасын туған жерге жат таңбасын,


Бөрі етектен, жағадан жау аттанбасын.


Ана-бала бір-бірін жоқтамасын


Адамзаттың құқығы тапталмасын.


Оза білсін біліммен жастар алға,


Бір ел қармақ салмасын басқаларға.


Азулы әлсізге тіс батырмаса,


Көңілден шер, көзіңнен жас тамар ма?


Дүние тазарса екен сұмдығыңнан,


Алмасын жаман әдет бір қырыңнан.


Жаратқан сақтаса екен зұлымдықтан,


Ұлыңды құл, қызыңды күң қылғаннан.


Авторы: Көбегенова Болар

Рефлексия: «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кесте арқылы сабақтан алған білімдерін қорытындылайды.


Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Не қиын болды?


















Мен үшін маңызды болған екі нәрсе

Мен үшін түсініксіз болған екі нәрсе

Менің ұсынысым


 

Берілген смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсету.


VII

Үй тапсырмасы:

Оқулық Р.Зайкенова, Қазақ әдебиеті 10 сынып: 56-60 беттер. А.Кемелбаева. «Шашты» әңгімесін мазмұндау





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!