Материалдар / 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: 1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақтарды жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу. 2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. 3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2024
36
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақтарды жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

«Көк тудың желбірегені» әнімен балалар топқа кіреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

- Әнұранды орындау. (шығармашылық дағды****)

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің елбасышы кім?

Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы

Тәрбиеші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Бәрі: Астана- арман қала

Бағы бір жанған қала

Тұрады жап жасыл боп

Мен үлкен болғандада

(Бала үні, коммуникативтік дағды)

Тәрбиеші: Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді
азаматтарымыз Тәуелсіздік жолында құрбан болған.

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Бекқали Бексұлтан (мәнерлеп оқу)

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең, атыңдар! (Бала үні, коммуникативтік дағды)

Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Адия: Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан ана, Отан үлкен

Қазақстан туған жер

Дара: Отан, отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем! (Бала үні, коммуникативтік дағды)

Тәрбиеші: Отан оттанда ыстық дегендей, Отан үшін жанын берген аға – әпкелерімізге арналған  «Отаным» әні (шығармашылық дағды****)

Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаңба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

Рәміздермен таныстыру

-Бұл не?

-Қазақстан Республикасының Туы

- Пішіні қандай?

- Төртбұрыш

- Түсі қандай?

- Көк, сары

- Ненің суреттері бейнеленген?

- Күн, қыран құс, ою

-Мынау не?

- Қазақстан Республикамының Елтаңбасы

- Пішіні қандай?

- Дөңгелек

- Түсі қандай

- Сары

- Ненің суреттері бейнеленген?

- Шаңырақ уықтарымен, қанатты ат, жұлдыз,Қазақстан жазуы

(танымдық- зияткерлік дағды)

Сергіту сәті: «Шаңырақ биі» (шығармашылық дағды****)

Тәрбиеші: Балалар ендеше осы ҚР-ның туына арналған шығармашылық әрі тәжірибелік жұмыс жасап көрейікші

Екі топқа бөлінеді

1 топ: Әйнек шыныдағы судың түсін өзгерту арқылы ҚР-ның туының бейнесін шығарады

2 топ: Суға қағазды салу арқылы қағаздағы жасырулы тұрған ҚР-ның туының бейнесін шығарады

(әлеуметтік және шығармашылық іс- әрекет дағдылары)

Тәрбиеші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады,

Мадияр: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел есінде қалған күн

Әділ: Көк аспанда қыран құс

Самғай бер әлі биікте

Тыныштық бейбіт заман боп

Тәуелсіз елім аман бол

Айсамал: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн (Бала үні, коммуникативтік дағды)

Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.

Сергіту сәті «Асық биі» (физикалық қасиеттерді дамыту дағдысы)

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар

Флешмоб «Жайна Қазақстаным»

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты кіріктірілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізге қатысқандарыңызға  рахмет!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!