«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс – ұмытылмас Ұлы күрес»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс – ұмытылмас Ұлы күрес»

Материал туралы қысқаша түсінік
орта мектеп мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс – ұмытылмас Ұлы күрес»

Мақсаты:

1916 жылғы көтерілістің мақсаты, сипаты, тарихи маңызын ашып айту, ғылыми-зерттеу  жұмысына жұмылдыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, шешендік сөз, сана, ұлттық намыс қалыптастыру, ерлікке, батырлыққа, отан сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта т.б.

барысы:


Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс – ұмытылмас Ұлы күрес» атты ғылыми–практикалық конференциямызға қош келдіңіздер.

Ей, жас ұрпақ,жауқазыным, көктемім!

Беймәлім бе,саған менің өткенім,

Білесің бе,халқың азап шеккенін,

Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?

«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,

Сырым неге көтерілді,білдің бе?

Мансұқ етіп еліктірген ермекті

Тарихыңның қойнауына кірдің бе?

Не жетпеді Кенесары тарланға,

Не үшін өлді ер Исатай арманда,

Алаш үшін жанын қиған боздақтар

Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?

Шаттанғанда туды ғой деп азат күн

Неткен аштық қырып салған қазақты.

Ел басына кімдер әкеп төңкерді.

Отызыншы жылдардағы азапты?

Теңдік жырын құлағына ілсін деп,

Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,

Желтоқсанда көтерілген жас ұлан

Тәуелсіздік жаршысы олар.

Біл сен де!- деп ақын жырлағандай жүрегі елім, отаным-деп соққан азамат елінің тарихын терең білуі тиіс.

І.Кіріспе.

  • Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаты-ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру.Ұлт-азаттық қозғалыс тек ұлтты азат етумен шектелмеуі мүмкін, шаруалардың жер үшін, халықтың демократиялық дамуы үшін болған қозғалысын да осыған қосуға болады.Ұлт-азаттық қозғалыс көп қырлы.Ал ұлт-азаттық көтеріліс-ұлт-азаттық қозғалыстың бір түрі, ол көп халық қатысқан қарулы түрі.Көбіне онша ұзақ болмайтын, белгілі бір нақты аймақты қамтитын бір оқиға аймақтық шеңберден шығып, қамтитын аймағы ұлғайып бүкілхалықтық дәрежеге көтерілсе, ол ұлт-азаттық қозғалыс, ұлт-азаттық революция дәрежесіне жетеді.Қазақстанда болғанқозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Бұлардың ішінде Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады.Ал 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Кенесары қозғалысынан кейінгі кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтыған бүкіл қазақтық сипаты бар аса зор көтеріліс болды.

ІІ.Негізгі бөлім.

  • Қазақстан тарихшылары осы кезге дейін ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстарды жеке-жеке қарастырып келсе, соңғы кездері тұтас қарастыратын болды.Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы алғашқы көтеріліс нышаны ХVІІІ ғасырдың 70-жылдарында басталса, оқиғалар біріне-бірі жалғасып, бірі басыла бергенде, екіншісі басталып жатты.Академик М.Қозыбаев Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды VІІ кезеңге бөледі.

«Тарихқа көз жүгіртсек»

(10-сынып оқушылары осы кезеңдерді картаны пайдалану арқылы қысқаша түсіндіріп өтеді)


  • Кеңес тарихнамасында 1916 жылғы қозғалыс тарихы әр қырынан зерттеліп, тиісті бағасын алды.Қазақ даласындағы 1916 жылғы көтеріліс өте күшті революциялық көтеріліс болды. Бұл жай ғана бас көтеру емес, саналы түрде патшаға қарсы шығу еді. Біріншіден, отарлық саясатқа, екіншіден, соғысқа қарсылық көрсетті. Әскерге бала бермейміз деуге басқа халықтардың шамасы келген жоқ. Армияға, соғысқа бала бермеуге қазақ қана қарсы тұрды. 1916 жылдың 25 маусымындағы патша жарлығы тек сылтау, желеу ғана еді.Көтерілістің басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді.Орталық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі Ұлы күреске алып келді.Бұл дүрбелеңді жете қадағалаған сол кездегі алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары еді.Көтерілісті көбіне қазақ зиялылары басқарды.Мысалы, Ақмола даласында –С.Сейфуллин, Атбасар даласында-Ә.Майкөтов, Орал облысынан Т.Бокин, Маңғыстауда- Ж.мыңбаев, орал облысы мен Бөкей ордасында-С.Меңдешов, Сырдария облысында-Т.Рысқұлов, Торғай облысында А.Иманов және басқа да азаматтар болды.


Өтебай Қанахиннің 1916 жылғы қазақ ұлт-азаттық көтерілісі туралы сұхбаты

Өтебай Қанахин (1923-1990)-17 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тәуіп ауылында туған.Жазушы, журналист.ҰОС қатысқан.1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.Әдебиетке елуінші жылдары келген.

Еңбектері:

«Екі кездесу», «Ауыр күндер», «Мұрагер», «Жас дәурен», «Тұңғыш махаббат», «Қарт сарбаз хикаясы» 1916 жылғы көтеріліс жайында, «Ата қоныс» т.б.

  • Иә , кеңес дәуірі тұсындағы тоталитарлық жүйе кезінде барлық зиялылар идеология мен партияға тәуелді болды және оларға үкімет тарапынан сенімсіз көзқарас өрістеді.

  • ХХғ басында қазақ халқының мақсат-мүддесі мен ғасырлар бойы көксеген асыл арманын жүзеге асыруды өздеріне парыз санаған ат төбеліндей азғана топ-Алаш қайраткерлері 1913-1918 жылдар арасында «Қазақ» газетін шығарды.Газет беттерінде сол кездің ең өзекті мәселелері-қазақ халқының әлеуметтік жағдайы, патша үкіметінің отарлау саясаты, отырықшылыққа ауысу, білім, дін тағы басқа мәселелер тұрды.Ең өзекті мәселелердің бірі халықты ояту идеясы болды.Осы мақсатпен М.Дулатұлы 1909 жылы «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағын шығарды.

  • Қазір 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті айтылған тарих материалдары бойынша зерттеу жұмысы қолға алына бастады.Бүгінгі жас ұрпақ сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры бар ел тарихын, ұлттың азаттығы үшін алысқан ерлердің ерлік істерін білу керек.

(Оқушылар шығармашылық тапсырмаларын қорғайды)

Қорытынды.

  • Көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өскендігін көрсетті.Отаршылдық езгіде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды.1916 жыл ХХ ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып тарихта өз орнын алды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
588
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі