Материалдар / 1916 жылғы Ұлы аттаныстың ақтаңдақ беттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1916 жылғы Ұлы аттаныстың ақтаңдақ беттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихымыздағы тәуелсіздік үшін күрес жолдарды –жас ұрпаққа қай салада болмасын ашып көрсету –парызымыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біздің бабаларымыз тірі қалу үшін бір болған,

енді біздер ірі болу үшін бір болуымыз керек»

Н.Ә.Назарбаев



Кіріспе

Ата-бабаларымыздың сан ғасырдан бері қан кешкен күресінің нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр уақыт өтсе де, ғасырға татитын істер тындырдық.Маңдайымызға біткен , халқының бағына туған Нұрсұлтан Назарбаев қысқа уақыттың ішінде елін аузын айға білеген мемлекеттердің қатарына қосты. Бәсекеге қабілетті мемлекеттің бірі атандық.

Жүзден артық ұлттың өкілдерін бір атаның баласындай ұйытып отырған Елбасымызға, берекелі елімізге қызыға да, қызғана да қарамайтын ел жоқ.Тұғырлы тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреген уақытқа дейін қазақ халқының азаттық үшін өмірлік күрес жолы сан ғасырлық тарих қойнауына кеткен көтерілістер мен қаншама құрбандықтардан тұрғанын елестету қиын. Алаш ұлдарының азаттық жолындағы күресінің тарихи бір беті – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен байланысты. Бұл Ұлы аттаныс- қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы,Қазақстан аумағын қамтып, ұлттық мемлекетті сақтау үшін талпынған ең ірі көтерілісі.1916ж. көтеріліс Қазақстаннан бастау алып, Орта Азияны, Кавказды, Дон мен Еділ бойын шарпыған ұлт-азаттық қозғалысқа ұласып, Ресей империясының іргесін шайқалтып, соңынан оның құрдымға кетуіне түрткі болғанын қазіргі жастар біле бермесе керек. Оқулықтарда бұл көтеріліске үстірт мән беріліп жүргендей сезіледі. Себебі Торғай даласындағы Амангелді Иманов пен Жетісу-Қарқара жеріндегі Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетовтар соғыс салған шайқастармен шектеліседі. Ақихатында ұлт-азаттық көтеріліс күллі қазақ даласын шарпып, әр қазақ отбасын қамтыған деп толық сеніммен айта аламын.Ұлттық сананың оянуына, жаңаша көзқарас қалыптасуы негіз болған – тарихымыздың сүбелі беттерінің бірі, азаттық сүйгіш көзқарасы . Академик Манаш Қозыбаев бұл көтерілісті «революция» деп бағалаған. Мен де осы пікірді қуаттап, қосыламын. Яғни, ақ патшаны құлатқан 1917 жылғы Ақпан –буржуазиялық революциясы емес, Қазақстанда басталған 1916ж ұлт-азаттық көтеріліс деуге болады. Ал 1917ж. ақпан-қазан «төңкерістері» соның екпіні, шарпуы ғана. Халықтың жылдар бойы азаттықты аңсаудағы қуаты - үлкен дүмпуге ұласқан.1916ж. отаршылдыққа қарсы жан алып, жан беріскен зұлматты жылдарда –қазақ халқы оянғанын көрсетті.М.Әуезовтың «Қилы заман», Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романдары мен 1938ж. шыққан қазақтың тұңғыш дыбысты кинолентасы «Амангелді» осы оқиғалар тізбегін анық көрсеткен. Ендеше, Ресей империясының құрамындағы басқа халықтарға қарағанда қазақтар неліктен тегеуірінді соғыс жүргізді.? Осы суал төңіреген шолып шықсақ.



Негізгі бөлім

ХХ ғасырдың басында бүкіл қазақ жері мен Орта Азияның бірсыпыра өлкелері Ресейдің қол астына кіріп, Ресей империясының меншігіне айналған уақыт.1895ж. шейін Памир тауларына дейінгі жерлерді бауырына басқан орыс отаршылары жергілікті халықтардың қалыпты өмір салтын бұзып қана қоймады, оларға өз ұстанымдары мен билік құрылымдарын зорлықпен енгізіп, түрлі ұлттарды орыстық тәртіппен күн кешуге мәжбүр етті. «Найзаның күшімен орнатылған жүйе найзасыз өмір сүре алмайды деп тарихшы Керейхан Аманжолов айтқандай , қазақ халқын ауыр күйзеліске ұшыратты.

Азаттықтың ақ туын көтерген қазақ шаруаларының азапты тұрмысы мынадай ең үлкен себептермен басталды.

1. Ресей империясы ХХғ. Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады.Қазақ өлкесінің шұрайлы ,шүйгін жерлерін ашқарақтана басып алу арқылы 1907-1912ж.ж.2 млн.400мың адамды орыстандыру саясатын-Аграрлық реформаны бет-перде қыла отырып жасады. Өзінің дамыған еуропалық бәскелестерінен экономикалық, әлеуметтік жағынан артта қалып жатса да, арзан шикізат пен арзан жұмысшы күшін кең пайдалануды мақсат тұтты. Ресей үкіметі әр қоныстанушы мұжық-орыстарға 3,17 деятина жерді үлестірді. 1916ж. қазақтардан 40 млн. десятина жер тартып алынған. Ал 1917ж. қарай бұл цифр 45 млн. десятинаны көрсетеді. Ойлаңыз, 1 жылдың ішінде 15 млн-дай қазақтың жерін жалмап алды. Енді қазақ өз жерінде өгейдің күнін кешкен дәрежеге тап болды. Ахмет Байтұрсынұлының 1913ж « Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»- деп шырқырап жазатыны да осы кез.ХІХ ғ. аяғы мен ХХғ. басында өлкеде 940 қоныстанушы поселкілер пайда болды. Жерін тартып алып отырған орыс поселендері мен олардың сойылын соққан орыс-казактар мен қазақтар арасында қақтығыстар жиілеген. Т.Рысқұлов « 1899жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасында этностық жанжалдар далалық өмір сипатына айналды»-деуі бекер емес. Бұндай кезде екі жеп биге шығып отырған Патша өкіметі қазақтар мен орыстар арасында шоқ тастап, кейінгісінің қолтығына су бүркіп отырғаны бесененден белгілі нәрсе.

1912ж. Ресейдің ауылшаруашылық министрі Столыпиннің реформасының бас кезінде-ақ «Санкт-Петербургские ведмости» газетінде: « Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды (қазақтарды) құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы келудің керегі жоқ....» деп жазған болатын. Қазақтарда яғни көшпенділерде ертеден Отан деген сөзден гөрі «жерім, елім» деген сөз көкіректеріне орныққан. Сондықтан, күнкөріс көзі, алдындағы малының тұрағы –жері саудаға кетіп жатса, қазақ қалай қамсыз отыруы тиіс деген заңды сұрақ өзінен-өзі туындайды.

2.Ресей империясы ХХ І-ші ширегіндегі ең ірі соғысқа , І-ші Дүниежүзілік соғыста «Антанта» одағынынң шашбауын көтеріп соғысқа килікті. Әскери әлеуеті төмен, экономикалық дайындығы жоқ Ресей үшін қол астындағы халықтардан соғыс шығын өтеу мақсатында сүліктей сорған салықтар көбейді.Өлкемізден соғыс үшін шикізат, азық-түлік, мал, ақша есепсіз алынды.Ресей 1915ж.өзінде Қазақстаннан 300 мың пұт ет, 474 мың пұт балық, 38 мың шаршы киіз, 80 мың қой, 78 мың жылқы220 мың сабын,13441 киіз үй,20899 мың пұт мақта тасып әкеткен. Бұдан бөлек тікелей салық ретінде мемлекетке «бұратана» халықтар1914жылы 6.559.02 сом ақша, ал 1916жылы 14 млн. 311 мың сом төлеген ақша мөлшеріне жеткен.Отаршылдықтың салдарынан бүкіл қазақ даласының ауыл және халық шаруашылығы күрт төмендеп, жұрт ауыр жағдайға ұшырады.мал еті мен мақтаға, киізге,тұзға аса зәру Ресей басқыншылары онсыз да титықтайбастаған шаруаларды қинап, керекті затын талап етуден бөлек, қорқытып-үркітіп алған.Патша шенеуніктерінің , қала берді болыс-төрелердің озбырлығы шектен шығып қарапайым халықтың ашу-ызасын туғызып, бұрқ етер көтеріліске дайындап әкелгендей .

Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі мақаласы «Тағы соғыс» деп аталған: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ.Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар...» ,. Расында Алаш көсемінің көкірегі қарс айырылып жазған мақаласы – алдағы ресей өкіметі тарапынан болар сойқанды меңзегендей.

3.Патша қанаушылары Қазақ даласы мен Түркістан өлкесін дәл осылай қинап, материалдық және моральдік тұрғыда езіп-жаншып жатқан кезде,

ІІ Николай патша 1916 жылдың 25 маусымында бұратана, түземдіктерді соғысып жатқан майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарды.

Тарихшы К.Аманжолов бұл туралы: «Импералистік соғыс жылдары Ресей қарулы күштерінде 10 млн. адам болған. Соған қарамастан соғыс барысы қиындап, орыс әскерлер арасында өлім көбейген. Дайындықсыз келген әскерлер арасында майдан қашу белең алған. Осы жайттарға байланысты, патша бұлар неге сыртта қалады деп, мұсылман халықтарының 19 бен 31 (алғашқыда 43 жас, кейіннен шегерді) аралығындағы жігіттерін майдан шебіне жұмысқа салуға ұйғарым еткен.Миллиондаған қазақ, өзбек, қырғыз т.б. ұлттардың азаматтарын майданға қаруландырмай аттандыру – оларды құрбандыққа шалумен бірдей еді»-жазды. Жарлық бойынша Түркістан мен дала өлкесінен 500 мың адам алыну тиіс еді.Жарлықтың мәтіні мен мазмұны әп-сәтте халық тарапынан қарсылыққа ұшырады.Патша шенеуніктерінің зорлығынан әбден зәрезәп болған халыққа бұл жарлық қамшы болды.Ел арасынан жұрт мұддесін ойлайтын азаматтар шу дегенде бас көтерді.Қолдан тізім жасауға кіріскен болыстар мен старшындарды тыңдаудан бас тартқан қарсылықтар кішігірім баскөтерулерге ұласты. Алғашында патша шенеуніктері мүндай ұсақ бас көтерулерге мән бермей, екі-үш мылтықты әскермен әр ауылға ойран салатын әдетіне басқан.Қанына қарайып алған жергілікті қазақтар және оларға қосылған басқа ұлт өкілдері жасақ жинап, жазалаушыларға қарсы аянбай кескілескен шайқастарды үдетті. Патша жарлығы бойынша Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың, Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мың, Жетісудан 87 мың адам еріксіз алыну керек еді. Енді, білетіндерді қайталамай, жалпы осы ұлт-азаттық көтерілістің ауқымдылығы 1916 жылы шілде мен қараша айлары аралығында зор белең алған кезең.

Міржақып Дулатұлы : « жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» деп осы жайлардың куәсі ретінде жазған.Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы қызметін уақытша атқарушы Ерофеев патшадан өлкеге әскери жағдай енгізуді сұрайды. 1916ж. 17 шілдеде әскери министр жаңа бұйрықтар шығарып, баскөтерген ауылдарды тергеусіз, куәсіз атып тастауға әскери соттарға құқық берді. Толқу уақыт өткен сайын үдемесе басылған жоқ.Теңіз толқынындай буырқанған халық ашуын басу мүмкін болмағандықтан, патша үкіметі 1916 ж. саяси астар беруге тырысты. Жоғарыда айтқанымыздай, Ресей импералистік соғыстың шырғалаңына ілігіп, Герман-Австрия, кейіннен Осман имериясы сынды мемлекеттер блогына қарсы соғыс қимылдарындағы сәтсіздіктерге ұшырап отырды. Ол бүкіл ел аумағындағы ,Ресейдің ішкі өлкелерінде, орыстардың өздері де, қоғамда көптеген наразылықтың күшейіп келе жатқаны сезді.Осыны біле тұра Ресей отаршылары «бұратана халықтарды айтақтап, көтеріліске итермелеп отырған түрік, неміс агенттері» деген сылтауды алға тарта отырып( ондағысы батысшылдарға жағымпаздану шығар) , қандайда күшпен болсын аясыз басып-жаншуда тәжірибелі, толық қаруланған әскери құрамаларды алдырды.Олардың қарусыз халықты қалай қырып жойғанын тарихтан білеміз.Ресми деректерге сүйенсек, бір ғана Жетісу облысында 97 қазақ ауылын бала-шағасымен жойып жіберген .Шетелдік агентердің іс-әрекеті деп жатырмыз, бұл пікірде кеңестік тарихшылардың оң құлағына жаққан фактілер болып, әйтеуір 1916 жылғы көтерілісті 1917ж. төңкерістер төңірегінде ғана зерттеуге мүмкіндік берген.

1916ж. ұлт-азаттық көтерілісте отаршылдыққа қарсы қолына қару алған қазақтардың, олармен бірге болған қырғыз,дүнген,өзбектердің де шыққанын айтсақ та , шейіт болған қазақ ұлтының өзі 100 мыңнан асады.Ұлтаралық қақтығыс салдарынан 25 мың орыс және украин шаруалары өлді. Сойыл алып жері үшін соғысқа шыққан қарапайым қазақ шаруаларына қарсы патша үкіметі 14 мұздай қаруланған батальон, 97 пулемет командасын жапқан.Бұнымен қоса, жергілікті кулак –орыстардан құралған жазалаушы жасақтарды қосыңыз.Атамекенінде «тазыға іліккен түлкідей үркіншілік»күн кешкен қазақ байтақ отанының бір бұрышынан пана таба алмай, Қытай ,Моңғолияға жөңкіле көшті. Ресми деректер бойынша 300 мың адам делінеді.Осыншама қырғын, бір ұлтты жойып жіберуге бағытталған геноцид емей немене дерсің.. Көтерілістің негізгі факторы, негізгі себеб – жер мәселесі.Одан кейін –элеуметтік-экономикалық езгі.25 маусым жарлығы соңғы тамшы ретінде, қазақ халқының бұрқ етіп шығуына әсер еткен болатын. Өйткені, малын алды, жерін алды, енді жанын аламыз дегенде халық көтеріліске шыққан болатын.

Тағы бір факт, Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин патшаға құпия жоба ұсынған. Онда Жетісуды толықтай бұратаналардан тазартып, 2 млн. 500 мың десятина жерді тартып алу арқылы «Азиялық таза орыс уезін» құру ұсынылған . 1917ж. төңкерістен кейін бұл жоба іске аспай қалды.

Үшінші себепті айттық, ол қара жұмысқа алу жарлығы. Жалпы осы маусым жарлығы орындалды ма?

Алынуға тиісті адам санынан алынғандар аз болды. Қазақстан мен Орта Азия аймағынан 250 мың адам қара жұмысқа барды. Қазақтар 1916 жылғы қазан-қараша айларында Солтүстік-Батыс майданда 18 мың, Батыс майданда – 18 мың, Оңтүстік-Батыс майданда 9 мың адам болған. Қалғандары ішкері жақта көпірлер, жолдар және әскери барактар салған. Профессор Болатбек Нәсенов тің тапқан архив материалдарына сүйенсем, 1916 жылы қазақ даласында 940 болыс болыпты. Соның 800- ге жуық болыс адамдары қара жұмысқа бармаймыз деп шешім қабылдаған.150 –ге жуық болыстағылар баратын болғандар, олар славян ұлты басым жерлерде тұрғандар екен. әрине оларды үгіттеп көндірсе керек. Бас бостандығы мен тәуелсіздігін жанынан артық көрген көшпенді елдің ұрпағы болғандықтан , азу алты қарыс Ресей империясының отаршылық саясатына қарсы қолына қару алып бас көтерген қазақтардың қаншама мыңдаған құрбандыққа барғаны – ол азаттық. Жарты млн. адам қырылды, қаншама ауыл-отбасы үйсіз-күйсіз босқынға айналды.Қытайға көшкендердің өзі шекарадан өту үшін бір ауыл -9 жорға, 9 арғымақ, 10 мың сом, 12 жалпақ алтын берген. Кейбір деректерде, шекарадан өту ақысына балаларын сатқан. М.Дулатов 1918ж. «Абай» журналында« Қытайға жеткен қазақтар жан таба алмай, қарабасты. Әйелдері қалмақ пен қытайға тиіп кетті. Баланың құны бір шелек бидай шықты. Аш-жалаңаш, ауызға не түссе соны талғажау етіп, қайда болса сонда жатады. Бақытсыз сорлылардың көз жасын көрер көз, естір құлақ болмады.Мыңды айдап, жүзді сапырған шалқыған байлар бір үзім нанға зар болды. Туған жер көзден бұлбұл ұшты.Әлдилеп өсірген балалары біреулерге телміріп, малай болып мойындарына мөр басылды.»- деп жазды.

Қазақ жерін түгел қамтыған ұлы Аттаныс – арман мен үмітті арқалап, үрей мен өксікті жеңіп, отаршылдыққа қарсы тұра алатын күш екенін көрсеткен қарулы күрес мектебінен өтті.

Әлбетте, ұлы уақыттың безбеніне салсақ, тарих үшін 100 жыл дегенің азғантай ғана мезгіл. Сол жүз жылдай ғана уақыт бұрын патша жендеттерінің Қазақ өлкесінде салған зобалаңы мен сондағы соғыс туралы ащы ақиқат әлі ашылмай келе жатқан беттері көп.

Қорытынды

Ресей империясының шаңырағын шайқап, іргесін сөккен 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс ,өз жалғасын1986ж. Кеңес Одағының мызғымас шырмаулы саясатын сетінетуге себеп болған оқиғамен сабақтас десек , артық айтқандық емес.Қазаққа ақи көздене қарайтын орыс патшаларының өзіндік себептеріде бар.Біз, қазақтар, Ресей империясын 130 жылға шегелеп матастырдық. Қырғыз, өзбек, тәжікті 25 жылдың ішінде жаулап алған орыстар, Оралдан Верныйға дейін жүріп өтуіне 130 жыл уақытын жұмсады. Үнді мұхитына жете алмады. Армандарының орындалуына ата бабамыз мұрсат бермеді. Ғасырлар бойғы табанды да жігерлі күресі -ХХІ ғасырда өз жемісін беріп , еліміз Тәуелсіз мемлекетке айналып отыр.Елдің елдігі – тарихында. Тарихымыздағы тәуелсіздік үшін күрес жолдарды –жас ұрпаққа қай салада болмасын ашып көрсету –парызым деп білемін. Әдебиет саласында ақтаңдақ жылдарды ашып көрсетер оқулықтар жазылып, елдігімізді паш етер кино саласында тарихи туындылар шығып жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Сөзімнің аяғында К.Аманжоловтың: «1916 жылғы көтеріліс қазақ және шығыс халықтарының отарлық езгіге қарсы ұзақ дәуірге созылған күресінің жалғасы және биік тұғыры болады...» деген пікірімен аяқтай отырып, Қазақстан тарихындағы тәуелсіздік, азаттық жолындағы бүкіл халықты біріктірген тарихи маңызы зор оқиға дер едім.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!