1930-1960 жылдардағы әдебиет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

1930-1960 жылдардағы әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстазға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:



Мектебі: № 17 орта мектеп

Сабақ: қазақ тілі

Мұғалімнің аты-жөні Жолмуратова Г

Сыныбы: 11«Ә»

Оқушы саны:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Тақырыбы 1930-1960жылдардағы әдебиет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Оқушылар ойын еркін жеткізе білуге үйренеді, ойын тиянақтап жеткізе білуге, топты сыйлауға дағдыланады.Ақылы мен парасаты мол адамгершілік қасиеттерді суреттейді.

Сабақ мақсаттары:

Оқушыларды үлкенді сыйлау ,құрметтеуге қадір-қасиетін терең түсінуге үйрету.

Оқыту нәтижесі:

Топтық жұмыста белсенділік таныта алады.Сыни тұрғыдан өз ойларын еркін жеткізе біледі. Таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігін орната алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Басы:



.
Үй тапсырмасын сұрау

Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушылармен сәлемдесу. 
ә) Кезекші мәлімдемесі. 
б) Журнал бойынша түгелдеу. 
ә) Үй тапсырмасын сұрау. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
Қосымша сұрақтар қою, қорытындылау.


Дайын сұрақтар

Қаламдар

Түрлі түсті қағаздар, маркерлер






Ортасы:


  1. Жаңа сабақ . . Отызыншы жылдар ішінде біздің елімізде іске асқан қоғамдық-экономикалық өзгерістер қазақ поэзиясының дамуында жаңа дәуір туғызды. Поэзияның тақырыптары да, қаһармандары да жаңарып, жанрдың ішкі мүмкіншіліктері кеңейіп өсті. Сөйтіп, поэзия жаңа көркемдік-стильдік ерекшеліктерге ие бола бастады. Мұның өзі поэзияның өмірге батыл араласып, қоғамдық өзгерістерге жедел үн қосып отыруымен байланысты еді. Бұл жылдардағы поэзияның ең көрнекті тақырыптарының бірі – индустрияландыру тақырыбы болды. Ел ішінде салынып жатқан өндіріс орындары, темір жол құрылыстары, осы жолдағы табыстар мен қызу еңбек – алдымен ұшқыр өлеңнің назарына ілікті. Қазақ ақындары бұл тақырыпқа арнап көптеген өлең, поэмалар жазды. Өндіріс тақырыбына жазылған алғашқы өлеңдердің идеялық мәні бесжылдық жоспарды төрт жылда орындауға шақырып, қалың бұқараны творчестволық еңбекке жігерлендіруге үгіттеумен байланысты болды. C.Сейфулиннің «Қалаушылар жыры», «Тоқу фабригінде», І.Жансүгіровтің «Алтын қазан», «Екпін күйі», С.Мұқановтың «Қарағанды», «Конвейер», Қ.Әбдіқадыровтың «Екпін», А.Тоқмағамбетовтың «Түрксиб түйіскенде», Т.Жароковтың «Бесжылдықтың бағасы», Ғ.Ормановтың «Шеңбер», «Мыс қала», Ә.Тәжібаевтың «Айнабұлақ», Ө.Тұрманжановтың «Байғыз» тағы басқа өлеңдері бүкіл одақтық социалистік өндірістің екпінді қарқынына үн қосу мақсатымен ғана жазылған емес, Қазақстанның индустрияландыру саласындағы жаңалықтарын нақты суреттермен бейнелеу тұрғысында да пайдалы қызмет еткен шығармалар болып табылады. І.Жансүгіров Қазақстанның кен байлығын алтын қазанға балап, соны пайдаға асырып жатқан халық күшін мадақтаса, С.Мұқанов өлеңдері ақынның Қарағандыда болған кездегі ой-сезіміне, әсерлеріне құрылады. Осындай әсер Ғ.Орманов пен Ө.Тұрманжановтың Балқаш жайлы өлеңдерінде де байқалады. А.Тоқмағамбетов пен Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаевтардың қуатты өлеңдері Түркістан – Сибирь темір жолының іске қосылуына арналған. Бұл тақырыпты әр ақын өзінше шешті. Қазақ поэзиясының отызыншы жылдар ішінде көр жырлаған тақырыптарының бірі – ауыл шаруашылығын коллективтендіру, колхоз құрылысының нығаюы, шаруалар санасындағы өзгерістерді бейнелеу болды. Сол кездегі негізгі кәсібі ауыл шаруашылығымен байланысты болған қазақ шаруаларын жаңа социалистік құрылыс жолына үндеу, жер игеру мен мал шаруашылығы саласында үздік табыстарға жетуге шақыру сияқты үгіт өлеңдер жиырмасыншы жылдардағы осы тақырыптас лириканың дәстүрін жалғастыра түсті. Сонымен бірге бірқатар ақындар ескі үгіт сарынымен кете бермей, ауыл еңбекшілерінің өміріндегі өзгерістерді, оның жан-сезімін көңіл-күйін көрсетер жаңа лирика жасады. С.Сейфулиннің «Даладағы жаңа күй», «Тракторшы», Б.Майлиннің «Коллективтің жырын айт», «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз», І.Жансүгіровтің «Егінші», «Қойшының ойы», С.Мұқановтың «Малшының мақтанышы», Ғ.Ормановтың «Темір ат», Ә.Тәжібаевтың «Қарлығаш» сияқты өлеңдері осы саладағы бірсыпыра жақсы ізденістерді танытады. Бұларда ауыл адамдарының ойлары мен істері, техниканы игеруі мен жаңа мамандыққа ие бола бастауы лирикалық жылылықпен, көркем образдармен бейнеленеді.



мазмұны






Викториналық сұрақтар


Соңы:

Бі Білімді бағалау:



V. Бекіту. 

Білемін Білгім келеді Үйрендім 



VІ.Сабақтың қорытындысы. 
1.Қосымша сұрақтар қоямын. 
2 .Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын 

VII.Үйге тапсырма: «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңін оқып мазмұндау.



Дәптер,қаламсап,



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
998
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі