Материалдар / 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі, атқарып отырған еңбектері жайында оқушылардың түсінігін кеңейту мақсатында өтілген ашық тірбие сағатының жоспары. «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан!» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу – барлығымыздың парызымыз.Отанды сүю дегеніміз – кісінің бойындағы күш – қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесіне, игілігіне арнау, туған жерді қорғау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2018
360
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«Мырзакент» жалпы орта мектебі мектеп – гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

1 желтоқсан –

Тұңғыш Президент күні





Сынып жетекші: Кундешова Н.К.



Тәрбие сағаттың мақсаты:

Білімділік: Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі, атқарып отырған еңбектері туралы білімін, саяси сауаттылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімін кеңейту, ой – өрісін дамыту, шәкірт жүрегінде Елбасына деген құрмет сезімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: фотосуреттер, плакаттар, кітаптар көрмесі.


Барысы:

Оқушылар барлығы сахнаға шығып тұрады.


І – жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«1 – желтоқсан Президент күні» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!


ІІ – жүргізуші: «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан!» - деп

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу – барлығымыздың парызымыз.

Отанды сүю дегеніміз – кісінің бойындағы күш – қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесіне, игілігіне арнау, туған жерді қорғау.


1 – оқушы: Елім бар бүгін жаңғырған,

Тұлпарлар тұяқ шалдырып,

Сұңқарлар қанат талдырған

Бақытым – Атамекенім.


2 - оқушы: Қазақстан – менің асыл аймағым,

Қуантады күнге құшақ жайғаның.

Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.


3 - оқушы: Өлеңді даңқың атағың,

Қазақстан – Отаным.

Нұрға бөлер елімді

Ақ таңың болып атамын.

4 - оқушы: Туған жерім – тағдырым,

Байланыста бар күнім

Сол жерде мен өткізем

Балалықтың нұр күнін.

І – жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздік – бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры.

ІІ – жүргізуші: Ата – бабаларымыз сан ғасыр бойы аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Отан болу үшін тілі, діні, тарихы, салт – дәстүрі болуы керек. Біз Отанымызды шексіз сүйеміз.


5 - оқушы: О, туған жер,

Кең пейіл, құшағың кең.

Соған көңіл бұлқынар күш – ағынмен

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

6 - оқушы: Алақаны анамның топырағың,

Сендік махаббатымның оты – жалын

Сені қалай сүюдің керектігін

Менің мынау өмірге құштарлығым.

7 - оқушы: Қазақстан – атамекен, құт – қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір нұр тұнған жер

Көк орай белестері мақпал кілем

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.


8 - оқушы: Жарасқан байрақтың мәні бар

Көк аспан, күн, қыран – сәні бар.

Көк байрақ, ашық көк жеңісім

Алтын күн белгісі жеңістің.

І – жүргізуші: Тәуелсіз туған жерім менің! Сенің ұлылығының алдында бас иіп, қасиетіңді

қадір тұтамыз. Туған жер, қандай ыстық сезім. Бұл сөздің мағынасы тереңде жатыр.

Кезекті «Туған жер» әніне берейік, орындайтын Қанатбаева Қарлығаш



ІІ – жүргізуші:1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер қабылданды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Біз тәуелсіздікке аңсап зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Көк Байрағын, Елтаңбасын, Ән ұранын тұмарындай тануы қажет. Елдігіміздің бір белгісі осылар» - деген.


9 - оқушы: Құрметтеймін жерімді

Өзен – көлін, нуын да

Қастерлеймін елімді

Әнұранын туын да.


10 - оқушы: Қазақстан – Отаным,

Туған жерім, киелім.

Арттырып даңқын атағын

Туына бас иемін.

11 - оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің –

Елдігімнің белгісі.

12 - оқушы: «Менің Республикам»

Тауды көрсең күн көзімен тал асқан,

Аспан көрсең Ай мен күнге жол ашқан

Менің байтақ Республикам таулары

Менің көгім – мөлдіреген сол аспан.

Дала көрсең көкжиекпен ұтасқан,

Көлді көрсең секілді біртүскі аспан

Менің байтақ Республикам даласы

Менің көлім теңізбен қол ұстасқан.

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін

Жерінде гүл, көгінде күнбір жүзген

Ұлы байтақ Республикам бұл менің.


І – жүргізуші:2012 жылы “1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні” болып жарияланды.

Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік лидердің бірі болып санадажы.

Елбасымыз- Қазақстан елін дамытып одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз. Біздің Президент еліміздің болашағын жастармен байланыстырады. Біз Елбасымыздың идеяларын ілгері бастыратын жастармыз.


13 - оқушы: Күнсіз қазақ көгінің

Шуағын шашқан халқына

Қазығы бостандығымның

Қажымас қайрат нұр тұлға


14 - оқушы: Ұшырдың алыс айға адам

Жақсылыққа қадам бастаған

Халқымның мақсат арманым

Түсінер сіздей қайда адам.


15 - оқушы: Бес қару белге буынып

Қол бастар көсем өзіңсің

Жаныңды қиып бересің

Қазақтың байтаң жері үшін.



ІІ – жүргізуші: Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы біз боламыз. Ашық аспан астында,

бейбіт өмір сүріп, саналы азамат болып жетілуіміз үшін білім алудамыз. Бойымызға

ата-аналарымыз, ұстаздарымыз берген тәлім-тәрбиені, мейірімді, бап жақсы қасиеттерді

сіңіре отырып, Отанын қорғайтын, елімізге адал еңбек ететін білімді, мәдениетті азамат

болып жетілеміз.


І – жүргізуші: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Ата заңы қабылданды.

1997 жылы еліміздің бас қаласы Астана болды. Астана осы жылдар ішінде әлемде

өзіндік келбеті бар әсем қалаға айналды.

16 - оқушы:

17 - оқушы:

Ер болдың, ерік алдың астаналы.

Енді кімннен халқымыз жасқанады

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі

Нұрсұлтанның атымен басталады


Қарашы шаңырағы жас қаланың

Астананың бұлтын сермеп тастағанын

Бүгіннен басталатын шежіресің

Нұрсұлтан авторы Астананың

18 - оқушы:

Астана- таң сәулелі өшпес жарың

Жарқырап күндіз түні тұрған жанып

Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан

Сол нұрдан ләззат алған барша халық

19 - оқушы: Құдіреті күшті пәк қала

Ниеті адал ақ қала

Өзіңе мәңгі бас ием

Қасиетті Астана!




Жас қалам!

Әдемі әнге бастаған

Ұлы дала төрінде

Асқақтай бер, мәңгіге

Әсем қалам, Астанам

І – жүргізуші: Отанымыз туралы қаншама ақын- жазушылар, ұлы адамдарымыз жырлаған,

қасиетін қастерлеп, ой түйіндерін арнаған. Әр адамның Отанға деген махаббаты шексіз.


Балаларды тыңдадық

Көріп әрбір өнерін

Елі жайлы ал енді

Сынайықшы білімін.

ІІ – жүргізуші: Танытып айбын өр үнін, Оқушы: Тоқсан бірінші жылы,

Таң қалдырған жер жүзін Он алтыншы желтоқсан.

Кім айтар қазақ елінің Егемен болып ұл – қызы

Егемен алған мерзімін? Танылды ел боп қазағым.


І – жүргізуші: Нұрын төккен арай көк, Оқушы: Айналасы келбетімнің,

Иесі ұлы төріңнің Бүгінде мол сыйласы

Аталады қалай деп Аты мемлекетімнің

Мемлекеті еліңнің? Қазақстан Республикасы

ІІ – жүргізуші: Халқы үшін мынау өмірдің Оқушы: Мадақтап бар жақсы ісін,

Татқан ащы – тұщысын. Ақындарым жырлаған.

Кім айтады елімнің Мемлекеттің басшысы

Мемлекеттік басшысы? Назарбаев Нұрсұлтан.


Дана: Қазақстан – елім менің Сені Отан қасиетті,

Отаным – жерім менің.

Өзіңнен өскен тарап

Ата – бабам, тегім менің.

Сүйеді бар ұланың.

Байрағың желбіреген,

Асқақтап ән ұраны


Аружан: Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың,

Қайнар көзі ынтымақ пен табыстың.

Көк Байрағы, Елтаңбасы, бірлігі

Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың.


Оқушылар Әнұранымызды орындайды.


І – жүргізуші: Елбасының сенімін, халқымыздың үмітін ақтап, еліміз үшін қажырлы еңбек ету

әрбіріміздің міндетіміз. Тәуелсіз Қазақстан елінде туып, өскеніне әрбір азамат, әрбір бала

бақытты.

ІІ – жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік болып, жұлдызы жоғарыда

Жарқырасын. Еліміз мұнанда көркейіп, гүлдей жайнай берсін! Елбасымыз, халқымыз,

ата- аналарымыз аман болып, елімізде тек бейбітшілік болсын!

Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатымызды көріп, тамашалағадарыңызға

көп – көп рахмет!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!