Материалдар / 1 курс студенттеріне Абай Құнанбайұлының "Масғұт" поэмасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 курс студенттеріне Абай Құнанбайұлының "Масғұт" поэмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбайұлының "Масғұт" поэмасы жайында студенттерге арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
580
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Абайдың поэмалары. «Масғұт» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме) 10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну

Сабақтың мақсаты Барлық оқушы орындай алады: Шығарманың мазмұнын түсіне отырып, сюжеттік талдау жасай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Әдеби шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады. Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманы талдау барысында өзіндік сыни көзқарасын өмірмен байланысты білдіре алады.

Бағалау критерийі Мәтінді оқи отырып, идеясын табады. Шығарманың сюжетін анықтайды. Композициялық құрылымын талдайды.

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Диалог құруға, шығарма жазуға арналғаг пайдалы тіркестер: «Менің ойымша,.. Менің байқағаным.... Мен ойлаймын...» Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Һарун-Рашид заманында- көнерген сөз. Шаһар- көнерген сөз. Хан, патша- көнерген сөз, синоним Ұрғашы- дисфемизм Талқылауға арналған сұрақтар: Автордың айтуынша «Масғұт» поэмасындағы оқиғаның болған заманы.«Масғұт» поэмасында бас кейіпкер бірінші қандай іс-әрекетімен көрінеді.

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясындағы ұлттық қауіпсіздік, тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын сақтау; Табиғат заңдылығына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс Қазақ тілі.Көркем әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім 32 қарасөз

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы 1.Ұйымдастыру Психологиялық ахуал туғызу Үй тапсырмасы. 32 қарасөз Берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып ,3 маңызды ақпарат, қиындық тудырған 2 жағдайды, ұнаған 1 іс-әрекетті (Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ойлаймын...») деп бастап айтып шығады. Кері байланыс. Өзінің ойын көркемдеп, керекті мәліметтермен толықтыра сөйлеген оқушыларға «ЖАРАЙСЫҢ», «КЕРЕМЕТ» деген марапат сөздер тағылады.

INSERT картасы

 

Не білемін?

Білгім келеді?

Мен үшін жаңалық

Зерттеймін











4.Жаңа сабақ. 1-әрекет. Абай поэмалары туралы мәліметпен танысады.

«Масғүт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны. Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.

Оқушыларға Абай Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасы беріледі, барлығы оқиды.

2-әрекет «Масғұт» поэмасының мазмұнымен танысады

Дескрипторлар: -шығармада көтерілген мәселені түсінеді; -үзіндіде айтылған астарлы ойды талдайды

а) Поэманың идеясын табады.

1. А.Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасының сюжеттік-композициялық жоспарын құрастырыңыз.

2. Поэмадағы маңызды оқиғаны анықтап, талдау жүргізіңіз.

Идеясы Дәлелдер Дескриптор Білім алушы - поэмадағы маңызды оқиғаларды анықтайды; - поэманың басталуын (кейіпкерлермен, оқиға өтетін жермен, мерзіммен таныстыру) анықтайды; - басты оқиғаға түрткі болған оқиғаны (байланысын) анықтайды; - басты оқиғаны, оқиғаның дамыған сәтін (шиеленісін) табады; - оқиғаның шегіне жеткен тұсын (шарықтау шегін) анықтайды; - оқиғаның шешімін табады; - поэмада көтерілген мәселе мен идеясын жеткізудегі маңызды бөлікті анықтайды; - себебін түсіндіреді. 3-әрекет Оқулықтағы 2,3 -тапсырмаларды орындайды.

Үйге тапсырма: «Масғұт-адамгершілік күрескері» тақырыбында эссе жазыңдар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!