Материалдар / 1 маусым-Балаларды қорғау күні! Сыныптан тыс жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 маусым-Балаларды қорғау күні! Сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2018
661
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 маусым-Балаларды қорғау күні!


Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,

Жүргізуші:
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.


Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар! Бүгінгі
«1 маусым – балаларды қорғау күні!» атты іс шарамызға қош келдіңіздер!  
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.

. - Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.  
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!  
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
«
1 маусым – балаларды қорғау күні !» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Амринова Жанар Бегахметқызына береміз.  


Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне және мектеп алды даярлық тобының балаларына берейік.
(МОНТАЖ)


Жүргізуші:

Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
Тамаша биімен
1.«Мектеп алды даярлық» тобы бишілер «ха-фа-на»биі

Барлық балалармен бірге би билеу «буги-вуги»


Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
2.Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.


Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,

                        Ақылдымыз, данамыз

                        Ертеңгі күн еліміздің

                        Батырлары боламыз.

3.Сахнада Жанара мен Самираның орындауында «Ертегілер »  әнін қабыл алыңыздар, қымбатты достар!

1.Балабақша балалары жіптен сыйлықтар қиып алады

Жүргізуші:

Гүлмен келсін келер күн

Бала-бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

4. 4 сынып қыздарын «Мамины туфильки »биімен ортаға шақырамыз

Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де!

2.- дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, бірге ойын ойнайық. (ОЙЫН) балаларырн қолын ұстап табу


Жүргізуші:

Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі

5. 1 сынып орындауында ән «Көңілді күн»

Жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзер талаптанып,  
Қыран биік самғайды қанат қағып.  
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу  
Жүрген соң адам деген атақты алып  

6.Даярық тобының орындауында «фиксики »биі қол соғып,қарсы алыныздар


3.10 баланы ортаға шақырамыз,орындық ойыны(ОЙЫН)

Құшағымыз қызыл гүл  
Гүлмен келсін келер күн  
Балалардың күлкісі  
Көркі сәні әлемнің  

7.« Ақ әжем » орындайтын 2 сынып оқушылары


Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі

8.4 сынып орындауында «дедди» ұлдар биі


Талайлардың шырқалады жыр әні,  
талайлардың жүрегі нұр құшады.  
Бүгінгі күн туған жер аспанында,  
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,-

9.дей отырып кезекті әнге береміз.  « Балалық шақ» 3сынып оқушылары  


Денсаулық ол – күлуің,  
Көңіл күйің жадырай.  
Денсаулық ол жүруің,  
Ешбір жерің ауырмай.  

10.Би: де спасито 4 сынып орындауында


Ән көмейден төгілді  
Қайғы бұлты шегінді  
Балалармен дүние  
Көрікті де көңілді

11.Оралбек Асанали орындауында « Медуза » әні


Достарымыз бар қуанып,  
Тамашалар кештерде  
Талшыбықтай бұралып,  
Биші боламыз өскенде.  

12.Даярлық тобының орындауында «Арива биі» барлық балалар бірге қайталайды


Қымбатты ата-аналар, балдырғандар! Мереке тағы да құтты болсын . Бұлтсыз күн, ашық аспандай , нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балдырғандарымыз бейбіт өмір сүрсін.
Осымен «1 маусым-Балаларды қорғау күні!» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!