Алғашқы кезең. Ежелгі ұлттық салт-дәстүр,
әдет-ғұрып, аңыз-ертегілер, жырлар сыр шертеді
(сұрақ-жауап)
1. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген»
өлеңінің авторы кім? (Жұбан Молдағалиев). Міне керемет,бұл өлеңнің
тарихы өте жақсы қазақтың қазақ екенін білдіреді.Олай болса келген
қонақтарға осы өлеңнің бірер шумақ аитып жіберсеңіз.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Ханталапай,
қыз қуу, бәйге, аламан күрес, көкпар, тоғызқұмалақ,
асық)
3. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі?
(Абай, Шоқан, Ыбырай)
4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық,
кереге, иіні, түндік, туырлық т.б.)
5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (Домбыра,
қобыз, сазсырнай, дауылпаз, жетіген) Ия дұрыс достар, соның
ішіндегі домбыра – сан ғасырлардан бері қазақтың сырын сақтаған,
қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Ол – қазақтар өмірінде
маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш
эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге
қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанрының
қалыптасуына ықпал еткен. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ
домбыра демекші Жанаман ұлдарыңыздың қолынан қасиетті домбыраның
үнін тыңдайық. Күй «Адай»
6. Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би,
Әйтеке би)
7. Мақал, мәтел халықтың барлық өмір
тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтады. Туған жер, отан, еңбек
туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер? («Еңбек түбі-мереке»,
«Ат-ер қанаты», «Еңбегі аздың – өнбегі аз», «Туған жердің тауы
ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген ер
болар» т.б.)
8. Батырлар жырын тудыратын халық десек,
батырлардың халықтық сипаттары қандай болған? (Олар халықты
езушілерге қарсы күрес жүргізеді, еңбек адамын азаптан, құлдықтан,
ауыр өмірден құтқару үшін халықты бақытқа жеткізу үшін әрекет
етеді)
9. Батырлар туралы қандай жырларды білесіз?
(«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ертарғын батыр», «Қамбар
батыр», «Ертөстік»).
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз
(беташар, жар-жар, түйемұрындық (ғұрып), өңір салу (дәстүр),
шаңырақ көтеру (салт), қыз ұзату (салт, той), тұсау кесу, бесікке
салу, тілашар, асату, қазан шегелеу т.б. ) Топ тәлімгерінің сөзі:
Алғашқы кезеңіміз аяқталды. Бұл кезеңде оқушылардың білгір екенін
байқадық. Салтымызды сақтайтын, баба үмітін ақтайтын оқушылар
қазақта өте көп екен. Ал,енді қонақтар,оқушылар келесі кезеңге
кезек берсек.